Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімше

06 наурыз 2015, Жұма
Сабақтың тақырыбы: ЕСІМШЕ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға есімше және оның жасалуы мен түрленуі жайлы толық мағлұмат беру.
Тәрбиелік: оқушыларға қазақ халқы үшін жылқы малының ерекше қасиетті, текті екенін білуге, тәуелсіздігіміздің тұтқаларының бірі екендігін білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдіс тәсілдері: саралап – деңгейлеп оқыту, ізденіс, сұрақ - жауап жұмысы.
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, дидактикалық материалдар, тестілер жинағы, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың біріңғай талап пен сабаққа даярлықтарына зейін аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. Етіс дегеніміз не?
2. Етістің түрлері нешеу? Жұрнақтары қандай?
3. Өздік етіс дегеніміз не? Жұрнақтары қандай?
4. Өзгелік етіс дегеніміз не? Оның жұрнақтары қандай?
5. Ырықсыз етіс дегеніміз не? Жұрнақтары қандай?
6. Ортақ етіс дегеніміз не? Жұрнақтары қандай?
Үйге берілген тапсырманы сұрау, қорытындылау, бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
А) есімше – етістіктің сөйлемде екі түрлі қызметке жұмсалатын ерекше түрі. Ол жіктеліп етістік қызметін атқарады, есімдерше түрленіп, яғни септеліп, тәуелденіп, көптеліп есімдердің де қызметін атқарады. Мысалы:
1. Ақылды байқап сөйлер.
2. Еңбек етсең, еленерсің, еңбегіне кенелерсің, - дегенде есімшелер жіктеліп, етістік мағынасында жұмсалып тұрса.
3. Іздеген жетер мұратқа.
4. Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен, - деген мақалдарда есімше зат есім және сын есім мағынасында жұмсалып есімдердің қызметін атқарып тұр.

Ә) Есімшенің жасалуын кесте арқылы түсіндіру.

ЕСІМШЕ. Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мынадай жұрнақтар жалғау арқылы жасалады:
1) – ған, - ген, - қан, - кен жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады:
оқы - ған, көрме - ген, жазыс - қан, тап - қан, т. б.
2) – ар, - ер, - р және болымсыз етістіктен кейін – с жұрнақтары қосылу арқылы болжамды келер шақ есімше жасалады: айт - ар, біл - ер, келме - с, т. б.
3) – мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар - мақ, біл - мек, кездес - пек, т. б.
4) – атын, - етін, - йтын, - итін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше жасалады: бар - атын, сөйле - йтін, сен - етін, сана - йтын, т. б.
Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздық мағына білдіреді: көрген емес, көретін емес, көрер емес, көрмек емес. Жоқ сөзі – ған, - ген, - қан, - кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: көрген жоқ.

«Бәйге» ойыны. Мына мақалдарды толықтыр:
1. Отанын сүй... отқа жанбайды, суға батпайды.
2. Ынтымақ жүр... жерде, ырыс бірге жүреді.
3. Ақсұңқар ұш... жем үшін, ер жігіт ту... ел үшін.
4. Жақсы сөз жан сүйіндір..., жаман сөз жан күйіндір...
5. Қатарынан оз... ұл биікте жүреді, ез атанып тоз... ұл иықта жүреді.
6. Әркімнің шық... тауы биік.
7. Атасын сыйла... абыройға бөлен...

ІV. Деңгейлік тапсырмалар. (оқулықпен жұмыс)
1 - деңгей. Жаттығу орындау
2 - деңгей. Жаттығу орындау
3 - деңгей. Жаттығу орындау
№1 карточка. Демалысын табиғат аясында өткізбек (синтетикалық талдау)
№2 карточка. Білгенге маржан, білмеске арзан (морфологиялық талдау)
№3 карточка. Білерім (фонетикалық талдау).
Балалар, биыл жылқы жылы табалдырығымызды аттағанын білесіңдер. Ендеше үш топқа жылқының суретін салып, тапсырмалар орындайық.
1 - топ. Жылқы жылында өз Отанына, отбасына не тілейтіндігің туралы есімшелерді қатыстырып сөйлем құрастыр.
2 - топ. Жылқы жылында өзіңнің алдына қойған мақсатын туралы әңгімелеп бер, ішінен есімшелерді тап.
3 - топ. Жылқының адамға келтірер пайдасы туралы есімшелерді қатыстырып мәтін құрастыр. Ал, осы тапсырмамызды қорытындылап, Қ. Мырзалиев ағамыз жылқы туралы мынадай бір төрт жол өлеңнің ұйқасын табайық.
Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған..................
Тістемейді, теппейді,
Бос қойсам да.............. (ішінен есімшелер табайық)

V. Білімді бекіту. Тест жұмысын орындау.
Сабақты қорытындылау. – Сендердің туылған жылдарың қандай? Ендеше, балалар, тындағыларың келсе, жылқы жылы туылған адамдар туралы мынадай бір халықтық болжамды оқып бергім келіп тұр?
Жылқы жылы туылған бала жылқы мінезді келеді. Аузы шапшаң болады. Жел көңілді, ұшқыр қиялды болады. Жұмысты көзді ашып жұмғанша бітіреді. Ақ шелек ақ көңіл болады. Сыр жасырмайды. Біреудің кемістігін бетің - жүзің бар демей айта салады. Туыс құмар келеді. Жылқы жылы туылған адам жылқы түлегін өсірсе, пайданың астында қалады. Дәулетті күн санап артады.

VІ. Үйге тапсырма. Жаттығу орындау, тақырыпты оқу.
VІІ. Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.
12 968
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Ортақ етіс
Ортақ етіс
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Өзгелік етіс, ырықсыз етіс
Өзгелік етіс, ырықсыз етіс
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Альбина Ерболатқызы
Есімше
Есімше
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылы Талдыбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садықова Өрік
Өздік етіс
Өздік етіс
Қызылорда қаласы, № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Ырықсыз етіс
Ырықсыз етіс
Астана қаласы №53 мектеп - лицей мұғалімі Базарова Ақкенже Мырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×