Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев "Сағындым" өлеңі

17 наурыз 2015, Сейсенбі
Әдебиет 5 сынып
I. Тақырыбы: М. Жұмабаев "Сағындым" өлеңі.
II. Мақсаты: 1) М. Жұмабаев өмірі мен шығармашылығын меңгерту, өлеңдерінің мәнін ашу.
2) Тілін, ой - санасын дамыту арқылы шығармашылыққа баулу.
3) Туған жерін, отанын сүйе білетін ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: интерактиві тақта.
Сабақ түрі: аралас сабақ, жаңа сабақ өту.

Сабақ әдісі: деңгейлеп дамыта оқыту.
ІІІ. Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру, сабаққа дайындау.
Асан қайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Әз Жәнібек, Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл

Осы тілді жек көрген
Дүниеден қалар құр
Бағаласаң шынымен
Баба тілің асыл - дүр.
Қожаберген жыраудың асыл сөзімен сабақты ашқанды жөн көрдім.

Абай:
"... Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық" сіздерге осы өлеңді мақсат етіп қоямын.
2) Үйге берілген тапсырманы сұрау: М. Жұмабаев өмірі, шығармашылығы. "Қысқы жолда" өлеңі
Тақтаға ұяшықтар шығады. Оқушылар сол ұяшықты таңдайды, ұяшықтан сұрақтар жазылып шығады, сұрақтарға жауап беріледі.
1. М. Жұмабаев өмірі, шығармашылығы.
2. "Қазақ тілі" өлеңін жатқа айту.
3."Түркістан" өлеңін жатқа айту.
4."Мен кім" өлеңі.
5."Сүйемін" өлеңі.
6."Мен жастарға сенемін" өлеңі.
7."Қысқы жолда" өлеңін жатқа айту.
8. Өлең мазмұны.
9. М. Жұмабаевтың қандай поэмалары бар?

Мұғалім:
Оқушылар біз М. Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстық, көптеген өлеңдерін жаттадық. Кеңестік дәуірде ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен әдебиеттің бес арысы: М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбергенұлы, М. Дулатов, А. Байтұрсыновтар еді. Кезінде жазықсыз жалаға ұшырап, тұтқындалды. Міне, осы М. Жұмабаевтың Омбы түрмесінде отырып жазған "Сағындым"
өлеңі.

IV. Жаңа сабақ: М. Жұмабаевтың "Сағындым" өлеңі
Мұғалім "Сағындым" өлеңін жатқа оқиды. Өлең туралы түсінік беріледі. "Елім","жұртым","ұлтым" деп жырлаған Мағжанға "ұлтшыл" деген айып тағылып түрмеге отырғызылды.

Оқулықпен жұмыс:
1. Оқушыларға мәтін оқытылады.
2. Мәтіндегі мағынасы түсініксіздеу сөздердің астын сызу.

Сөздікпен жұмыс:
Алаш -
1. қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы.
2. ерте замандағы қазақ руларының ұраны.
3. ел, жұрт, қауым,"қазақ" деуден бұрынғы елдің жалпы атауы.
Зар - қайғы, қасірет, мұң, шер.
Сібірлеп - таңның бозарып атуы.
Тапал - аласа, жатаған.

Деңгейлік тапсырмалар беріледі.
І деңгей.
1. Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?
2. Ақын кімдерді, нені сағыныпты?
ІІ деңгей.
1. Ақынның қайсар мінезін өлеңнің қай тұстарынан көреміз?
2. Абақтыны суреттеген өлең жолдары
ІІІ деңгей.
1. Өлең арқылы ақынға мінездеме жаз
2. Абақтыны сипатта.
3. Өзіңді толықтырып - тебіренткен өлең жолдарын оқы.
Мұғалім: Балалар, өлең жолдары тармақтан, шумақтардан
құралады. Өлеңнің әр бір жолы тармақтан тұрады. Төрт тармақ бір шумақ болады. Әр тармақта өлең буынға бөлінеді. Әр тармақта қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Сонымен балалар біз Мағжан Жұмабаев шығармашылығын білдік, меңгердік. Мағжан қандай ақын екен? Топтастыру стратегиясы бойынша Мағжан - ұлтын шын сүйген ақын, сыршыл ақын деп
таныдық. Олай болса, оқушылар бүгінгі сабақта жақсы жауап берген оқушылар бағаланады. Бағалауда тақтада ашық журнал ілініп тұрған болатын. Сол журналға әр тапсырмада белгі қойылып, соңында баға қойылады.

Үйге тапсырма.
М. Жұмабаев "Сағындым" өлеңін жаттау

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар
Мен жастарға сенемін
М. Жұмабаев өлеңімен сабақты аяқтаймын.
11 914
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×