Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл – рухани қазына

29 наурыз 2015, Жексенбі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл – рухани қазына
Мақсаты:
білімділік: студенттерді колледжде оқытылатын қазақ тілі пәні, оның мақсат, міндеттері, бағыттары, күтілетін нәтижелерімен таныстыру; тілдің қай халықтың болса да рухани қазынасы екенін, «тіл жоқ жерде ұлт та жоқ» нақылының мәнін түсіндіру;
дамытушылық: студенттердің жан - жақты білімін тексеру, жетілдіру, сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, таным қабілеттерін шыңдау;
тәрбиелік: тілген деген сүйіспеншіліктерін арттыру, туған тілін құрметтеуге, ластамауға, тіл тазалығын сақтауға дәріптеу; өзара сыйластыққа, тіл табыса білуге, өзін - өзі дұрыс ұстауға баулу.
Сабақтың түрі: кіріспе сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, сұхбат, іздендіру, ой қозғау
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, тіл туралы даналық сөздер
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Назарын сабаққа аудару.

ІІ. Ой қозғау.
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар! (Диқан Әбілов)

1. Өлеңді мәнерлеп оқып шығыңыздар
2. Өлеңнен түйген ойларыңызды, әсерлеріңізді ортаға салыңыздар.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Оқытушы дәрісі (қажеттісін студенттер дәптерлеріне түртіп отырады): Қазақстан Республикасының “Тілдер туралы” Заңында: “ Тіл – ұлттың ұлы аса игілігі, оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты” делінген.
Тілдің көмегімен өнер - білімді, ғылымды игереміз, өткен - кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. Өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. Әлемді танимыз, сондықтан адам баласының байлығының бірі – сөз өнері. ”Өнер алды – қызыл тіл” деген аталы сөздің астында қаншама сыр бар? Әрбір елдің қатты күші, байлық - бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өресімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл - ойының көрінісі – тілге тікелей тәуелді. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін - келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана тіліміз, қазақ тілі.

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, оралымды да бейнелі тілдердің бірі. Ол – өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық - саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен, сараланған стильдік нормаларымен танылған көркем тіл. Ұлы Абай:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,- деп таңырқап, тағзым еткен тіл.
Өмір, тіршілік адамдардың бір - бірімен қарым - қатынас жасауын қажет етеді. Олардың түсінісудегі негізгі құралы – тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс.
Қарым - қатынас – адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы.

Қарым - қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді.
Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі.
Мәдениет – адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы.
Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады.
Сөз мәдениеті – сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу. Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов: «Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке тиіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу – өнер. Тілін түсінбеген түбін білмейді», - деген екен.

2. Мақал – сөздің мәйегі. Топ екіге бөлініп, айтылған мақалды толықтырады, мағынасын түсіндіреді.
* Жақсы (байқап) сөйлер, жаман (шайқап) сөйлер.
* Бір жылы сөз бітірер (мың көңілдің) жарасын.
* Сөз (қадірін) білмеген, өз (қадірін) білмейді.
* Сәлемі (жараспағаның), сөзі де (жараспайды).
* Сөйлей білмеген кісіден (үре білген ит) артық.
* Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір (пышақ).
Сөз білетін адамның,
Әр сөзіне бір (тұсақ).

3. Тапқыр болсаң, тауып көр. Кестедегі сөздерді байланыстыра отырып, тұрақты тіркестерді тауып мағыналарын ашады
1 Қар (отыру)
2 Су
3 Мұз
4 Бу
Мұзға отырғызу - алдау

1 Қарасты (сөз)
2 Жарасты
3 Санасты
4 Тарасты
Сөзі жарасты - уәделесті

1 Мысық (қаптады)
2 Тауық
3 Ит
4 Күшік
Ит терісін басына қаптады – қатты ұрысты

1 Тон (қашу)
2 Ішік
3 Шидем
4 шапан
Ат тонын ала қашу - мойындамау

1 Тай (таңба)
2 Құлын
3 Ат
4 Жылқы
Тайға таңба басқандай – анық

1 Мұрын (көтеру)
2 Тіс
3 Тіл
4 Ерін
Мұрнын көкке көтеру – менменсу, менсінбеу

1 Санасқан (аспан)
2 Таласқан
3 Жарасқан
4 Қарасқан
Аспанмен таласқан – биік

1 Білезік (тілеп алу)
2 Алқа
3 Сақина
4 Сырға
Сау басына сақина тілеп алу – өз басына бәле табу

IV. Сабақты бекіту
Ұлылардан ұлағат. Топтар даналық сөздерді дәптерге көшіріп жазып, бірін таңдап ой толғау жазады.
Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. (Әл - Фараби).
... Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар. (А. П. Чехов).
Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. (Ж. Аймауытов).
Ойың дұрыс болса, сөзің дұрыс, олай болса, ісіңнің иесі де дұрыс. (Д. И. Писарев).
Құнды сөз – құнарлы ойдан туады.
Сөз көмескілігі – ой, пікір көмескілігінің айнымас белгісі. (Л. Н. Толстой).
Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды. (Б. М. Теплов).
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы - ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті. (Ғ. Мұстафин).
Тіріні көрге салар да – сөз,
Өліні тірілте алар да – сөз. (Әлішер Науаи)

V. Үйге тапсырма беру. Тіл туралы өлең жаттап келу.
VI. Бағалау.
15 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі
Қазақ тілі
Қазақ тілі - ана тілім, байлығым. Жүрегімде тұрады сенің мәңгі үнің, Өмір бойы көк байрақтың астында. «Туған тіл» деп жырлауға да әзірмін.
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Ана тілім
Ана тілім
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім. Тұғыр қылып туған елдің төрінде, Асқақтатам ана тілдің ақ туын.
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×