Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулық – зор байлық. Қос сөздер

09 сәуір 2015, Бейсенбі
Павлодар қаласының №26 ЖОМ-де
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Макатова Гүлғайша Зияденқызы

Павлодар қаласының №26 ЖОМ-де
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Макатова Гүлғайша Зияденқызы

Қазақ тілі орыс тілді сыныптарда (7 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық.
Қос сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Денсаулық негіздері туралы білімдерін толықтырып, қалыптастыру. Денсаулық туралы мақал - мәтелдермен таныстыру. Ауызекі сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру. Қос сөз туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, салауатты өмір салтына баулу;
Көрнекілік материал: үлестірмелі материалдар, слайдтар.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, іздендіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру.
І. Жаңа тақырыпқа шығу. Қызығушылығын ояту.
Интерактивті тақтада слайд көрсетіледі. Оқушылар көрсеткен сурет туралы пікір алысады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу
Негізгі кезең.
1. Жаңа сөздермен танысу:
Көңіл бөлу - обращать внимание
Қалыптастыру - формировать
Айналысу - заниматься
Зиянды әрекет - вредные рпивычки
Аямай жұмсау - не жалея тратить, использовать
Салауатты өмір салты - здоровый образ жизни

2. Тыңдалым. Тақырыпқа байланысты мәтін тыңдап, кестені толтыру.
1 - тапсырма:
Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние, сондықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет.
Әрқайсысымыз дене тәрбиесімен, дұрыс тамақтануымен айналысуымыз керек. Сонымен бірге дұрыс ұйықтауға әдеттену керек.
Зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық шараларын сақтау керек.
Таза ауада демалу, қала сыртына жиі шығу пайдалы.

Үлестірмелі материалда дайын берілген кестені толтырады.

Берілген сөйлемдер (дұрыс-бұрыс)
1. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние емес.
2. Әрқайсысымыз дене тәрбиесімен, дұрыс тамақтануымен айналысуымыз керек.
3. Зиянды әрекеттерден аулақ болу керек.
4. Дұрыс ұйықтауға әдеттенбеу.
5. Таза ауада демалу, қала сыртына жиі шығу.

- Тексеру
Оқулықпен жұмыс
3. Оқылым
4. Тілдесім (жұппен жұмыс) 182 бет
2 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, ат қою.
Диалог құрастыру, 5 сұраққа 5 жауап дайындау.

3 - тапсырма. Мақал - мәтел сайысы. – топпен жұмыс
Денсаулық туралы мақал - мәтелдерді оқу. Мағынасын анықтап, жатқа айтады.
1. Тазалық - саулық негізі,
Саулық - байлық негізі.
2. Денсаулық – зор байлық.
3. Жарлының байлығы - денінің саулығы.
4. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
5. Жаны саудың – тәні сау.

5. Жазылым – дәптермен жұмыс
4 - тапсырма: «Қос сөздер» өтіледі, оның түрлері туралы оқулықтағы тірек сызба арқылы берілген ережемен танысады (бет 183 №1) және интерактивті тақтада сызба бойынша түсіндіріледі.
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды.
Қос сөздің екі түрі бар
Қайталама қос сөз. Мысалы: қора-қора, қысы-жазы
Қосарлама қос сөз. Мысалы: ап-ащы алды-арты

Білімді жинақтау, жүйелеу, пысықтау үшін төмендегідей тапсырма беріп, оқушыларды проблемалық сұрақтарды шешуге жетелейді.

Қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздердің негізгі айырмашылықтарын қалай түсіндірер едіңдер? Ол үшін мына үлгідегі тапсырманы орындаңдар. Жасалу жолдарына, үш мысалдан келтіріңдер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 306
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Салауатты өмір салты. Қос сөздер.
Салауатты өмір салты. Қос сөздер.
Денсаулық негіздері туралы білімдерін толықтырып, қалыптастыру. Денсаулық туралы мақал - мәтелдермен жұмыс жасау арқылы ауыз әдебиетімен байланыстыру. Қос сөз туралы білімдерін толықтыру.
Қос сөздер, Салауатты өмір салты
Қос сөздер, Салауатты өмір салты
Денсаулық негіздері туралы білімдерін толықтырып, қалыптастыру. Денсаулық туралы мақал - мәтелдермен жұмыс жасау арқылы ауыз әдебиетімен байланыстыру. Қос сөз туралы білімдерін толықтыру.
Қос сөздер. Денсаулық
Қос сөздер. Денсаулық
Денсаулық тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу. Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту
Құстар - біздің достарымыз
Құстар - біздің достарымыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Қайрова Нұргұл Қадіржанқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×