Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауатты өмір салты. Қос сөздер.

18 шілде 2018, Сәрсенбі
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Салауатты өмір салты
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Қос сөздер.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Денсаулық негіздері туралы білімдерін толықтырып, қалыптастыру. Денсаулық туралы мақал - мәтелдермен жұмыс жасау арқылы ауыз әдебиетімен байланыстыру. Қос сөз туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Спортқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, салауатты өмір салтына баулу;
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап әдісі, тренинг, ойын элементтері, тыңдалым, сөйлесім, жазылым, оқылым.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнематериал, слайд, жұмыс дәптері, қосымша заттар.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Тыңдаушылармен сәлемдесу.
I. Психологиялық жағдаят. Танысу.
Мұғалімнің сөзі
Психологиялық тренинг
Сөзжұмбақты шешу

1. Футбол ойынының негізгі құралы.
2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді?
3. Ас атасы...
4. Адамға ең керекті сусынның бірі.
5. Адамға не жетпегенде өмір сүре алмайды?
6. Зауыттардың мұржасынан қандай заттар ауаға тарайды?
7. Қандай тағамда фосфор көп?
8. Адамның жарты өмірі немен өтеді?
9. Саулық негізі....

Денсаулық – деген негізгі сөз шықты. Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?
Бүгінгі біздің тақырып: Салауатты өмір салты
Қазақ халқы «Деннің саулығы – бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелерінің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.

ІІ. Жаңа сөздермен таныстыру
салауатты өмір салты
зиянды әдеттер
тұрмыстық жағдай
экологиялық қолайсыздық
сарапшылар
дерек
қоршаған орта
әсерін тигізеді
мән бермеу
өкіну

Тапсырма: Жаңа сөздермен жұмыс
Берілген сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.
1. Халықтың... жақсарып қалды.( тұрмыстық жағдайы)
2. Өзен, көлдердің ластануы табиғатқа кері.......( әсерін тигізеді)
3. Азамат, сен бұл... қайдан алдың?(деректерді).
4. Мен осы жасаған іс - әрекетіме қатты....(өкінемін)
5. Денсаулықты сақтау үшін......... ұстанған жөн. (салауатты өмір салтын)
6.... айтуы бойынша, әлі біраз уақыт керек. (сарапшылар).

ІІІ. Оқылым.
1 - тапсырма. Мәтінді абзац бойынша оқыту.

«Бірінші байлық - денсаулық» дейміз, сондықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Бірақ осы сөзді айтқанымызбен, көп мән бермейміз. Айтылған сәтте есімізге түседі, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонан соң өзіміз ұмытып кетеміз. Сөйтіп күндердің күнінде ауырып қалып өкінеміз де, емханадан ем, дәріханадан дәрі - дәрмек іздейміз. Бірақ адам өмірінде барлығы да ойлағандай бола бермейді, сондықтан дәрігердің де көмегіне сүйенеміз.
«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған. Тұрмыстық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық – бәрі де денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Әрбір адам дене тәрбиесімен айналысуға, дұрыс тамақтануға міндетті. Сонымен бірге дұрыс ұйықтауға әдеттену керек. Зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық шараларын сақтау керек. Таза ауада демалуға, қала сыртына жиі - жиі шығуға және көңіл - күйімізді көтеріңкі ұстауға тырысуымыз керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49 - 50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17 - 20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты.

1) әрбір абзацтың негізгі мазмұнын ашу
2) Мәтін ішінен мақалдарды табу.
3) «Суреттер сөйлейді» тапсырмасы: берілген суреттерді мәтіндегі тиісті сөйлемдермен сәйкестендіру.
4) Мәтіндегі асты сызылған сөздермен жұмыс.

Грамматикалық тақырып: Қос сөздер.
Қос сөздер екі сөздің қосарлануы немесе қайталануы арқылы жасалады. Олар дефис арқылы жазылады.
Мысалы: Бұл дәріхана күндіз - түні ашық, тәулік бойы жұмыс істейді.

IV. Жазылым. Грамматикалық тапсырмалар.
1. Екі бағандағы сөздердің жұбын тауып қос сөз жасаңыз.

1. ем - А. еркін
2. жеміс – Ә. дом
3. күні - Б. жидек
4. емін - В. түні

2. Сөйлем ішінен қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қойыңыз.
1. Астана көшелерінде ерсілі қарсылы көліктер ағылып жатыр.
2. Түнгі Астана түрлі түсті шамдарымен алыстан көз тартады.
3. Астанаға қысы жазы шетел қонақтары келеді.
4. Астанада жиі жиі форумдар, конференциялар өтеді.
(Оқытушы: Сөйлемнің ішінде қандай сөз қайталанады? Астана қаласы туралы не білесіңдер? Биыл Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі Астана қаласына 20 жыл. Осыған орай осы тапсырма орындалды).
Сергіту сәті: Флешмоб. «Алға, Қазақстан!»
Ойын. Мақалды жалғастырыңыз.
1. Денсаулық –.....................
2. Ауырып ем іздегенше,.............................
3. Салауатты өмір –........................
4. Шынықсаң...........................
5. Тазалық................
(көтеріңкі көңіл, шымыр боларсың, саулық негізі, зор байлық, ауырмаудың жолын ізде)

IV. Тыңдалым. Бейнефильм. Берілген тест тапсырмаларын орындау.
1. Негізгі ақпаратты көрсетіңіз
А) Адамның денсаулығы
В) Адамның кәсібі
С) Адамның білімі
Д) Адамның отбасы
2. Сұраққа дұрыс жауапты табыңыз.
Оқжетпес шипажайының ашылғанына қанша уақыт болды?
А) бір ғасыр
В) он жыл
С) жарты ғасыр
Д) жиырма бес жыл

3. Сөйлемді мәтін мазмұнына сай толықтырыңыз.
Болашақта сауықтыру шараларына....... енгізу көзделіп отыр.
А) радонотерапияны
В) гимнастика мен велоспортты
С) тыныс алу гимнастикасын
Д) велоспортты
4. Мәтіннің басты тірек сөздерін анықтаңыз.
А) әдеттер, тәртіп, емшара
В) зиянды әдеттер, мақсат
Д) денсаулық, радон, тәртіп
С) шипажай, сауықтыру, емшара

V. Сабақты қорытындылау. Сөйлесім.
Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойыпты: «Адамға өмірде не қымбат байлық па, әлде атақ па?». Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, адамға шын бақытты болу үшін не қажет?
Денсаулықты сақтау үшін сіз не істейсіз? Бір сөйлеммен жауап беріңіздер.
Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығы
Маширова Анар Қалымжанқызы

Салауатты өмір салты. Қос сөздер. жүктеу
3 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қос сөздер, Салауатты өмір салты
Қос сөздер, Салауатты өмір салты
Денсаулық негіздері туралы білімдерін толықтырып, қалыптастыру. Денсаулық туралы мақал - мәтелдермен жұмыс жасау арқылы ауыз әдебиетімен байланыстыру. Қос сөз туралы білімдерін толықтыру.
Спорт киім. Тұйық етістік
Спорт киім. Тұйық етістік
Оқушыларға «Спорт киімдері» туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Қос сөздер. Денсаулық
Қос сөздер. Денсаулық
Денсаулық тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу. Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту
Болжалды сан есім. Салауатты өмір салты.
Болжалды сан есім. Салауатты өмір салты.
Болжалды сан есім неше? Қанша? Жасалу жолы: 1. – дай,- дей,- тай,- тей, лап - леп, - дап,- деп,- тап,- теп, - лаған,- леген, - даған,- деген Мысалы: жүздей, жүздеп. жүздеген 2. Шамалы, астам, жуық, жақын сөздерінің тіркесуімен жасалады. Мысалы:
Денсаулық – зор байлық. Қос сөздер
Денсаулық – зор байлық. Қос сөздер
Павлодар қаласының №26 ЖОМ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макатова Гүлғайша Зияденқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×