Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев «Қарағым»

28 сәуір 2015, Сейсенбі
СҚО, Мамлют ауданы,
Мамлют санаторлық орта мектеп – интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самбаева Бибісара Шәмінқызы

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қарағым»

Сабақтың ұраны:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің...

Сабақтың мақсаты:
1. білімділік: Ақын туралы білімдерін тереңдету, өлеңнің тақырыбын аша отырып, білімге апаратын жол оқу екенін түсіндіру, өлеңді мазмұнына сай етіп мәнерлеп оқуға баулу;
2. тәрбиелік: оқуға, білімге үндеу, оқу мен ойын арасындағы айырмашылықты білуге, салыстыра білуге тәрбиелеу;
3. дамытушылық: алған білімдерін әрі қарай дамытып, ойларын қорытып жеткізе білуге ұмтылдыру;

Үй тапсырмасы:
Сұрақтар
А) Қазақтың бас ақыны?
Ә) Бір ғасыр өмір сүрген ақын?
Б) «Қыз Жібек» операсының авторы кім?
В) Дүниеде не тәтті?
Г) Қазақтың Гомері кім?
Д) «Шығамын тірі болсам адам болып»
өлеңін кім жазған?
Е) “Толағай” ертегісінің авторы?

Жаңа сабақ
Тегі, аты, әкесінің аты: ( Мағжан Бекенұлы Жұмабаев)
Туған жылы: 1893 жыл
Туған жері: Ақмола губерниясы, Ақмола уезі, Сасықкөл жағасы
Алған білімі: ауыл мектебі, Қызылжардағы медресе, Уфадағы медресе
Мамандығы: мұғалім, публицист, педагог - ғалым
Істеген қызметі: мұғалім, газет журналда істейді
Кітаптары: «Шолпан», «Педагогика»,
Арманы: бостандық, еркіндік
Шығармаларының тақырыбы: жастарға арналған, оқу - білім, халықтың мүддесі

Жаңа сөздер:
Жаны нәзік - чувствительный
Сыршыл ақын – лирик поэт
Көзі жұмылғанша – до смерти
Бостандық – свобода
Аңсаумен өтті – мечтал

Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар:
А) Ақын сөзін кімге арнайды?
Ә) Ол қандай ақыл айтады?
Б) Қарманған қарап қалмас – дегенді қалай түсінеміз?
В) Көңілі жүйрік кемеңгер деп қандай адамды айтамыз?
Г) Ақын қандай қылықтардан аулақ болуға шақырады?

Шығармаға сатылай кешенді талдау
Шығарманың аты: Қарағым
Авторы: Мағжан Жұмабаев (ақын туралы қысқаша айтып өтеміз)
Жанр түрі: поэзия, өлең
Тақырыбы: білімге шақыру.
Идеясы: Өнер, білім қуған адамға жан жетпейді, білімсіздік - өлгенмен тең.
Шумақ: үш шумақ
Тармақ: он екі тармақ
Бунақ: үш бунақты
Буын түрі: он бір буынды қара өлең.
Ұйқасы: 1 шумақ – а, а, б, а,
2 - 3 шумақ: в, а, в, а
Түсіндірме сөздік: қарманған қарап қалмас – ұмтылған, әрекет еткен.
Өлеңнің түйіні: оқу оқып, білім алу керек, себебі білімсіз өмір – өлгенмен тең, білімді адамға жан жетпейді. Ол үшін оқу оқы, босқа жүрме, ойынға көңіл берме, ойын қуған балаларға жолама, қасына ерме, кідірме, аяңдама, алға ұмтыл, биікке қолың серме.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 188
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Қызылорда қаласы, Қаракөл ауылы №39 “Қызылөзек” орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Сапаржанова Лаура Айдарбекқызы
Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққұлова Күнжамал
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев "Қарағым"
Мағжан Жұмабаев "Қарағым"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Көптілеуова Фарида
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×