Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест. Қазақ тілі 6 сынып

15 мам 2015, Жұма
Қазақ тілі 6 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. ІІ тоқсанда өткен тақырыптар бойынша тест жұмысы.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. БІЛІМДІЛІК: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейлерін тексеру.
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерінің жетілуіне жағдай жасау.
3. ТӘРБИЕЛІК: өз тілін құрметтей білуге ықпал ету.
САБАҚ ТҮРІ: қайталау сабақ.
ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ: сұрақ – жауап.
КӨРНЕКІЛІГІ: таратпа қағаздар.
САБАҚ БАРЫСЫ:

Сөз таптары
І нұсқа
Сын есімнің неше шырайы бар?
а. 4
ә. 3
б. 2

Күрделі сын есім жалқы есім ретінде қолданғанда қалай жазылады?
а. Бас әріппен
ә. Кіші әріппен
б. Сызықша арқылы

Дұрыс жазылған сын есімді көрсет.
а. Сарығылт
ә. Сарғылыт
б. Көгілдір

Асырмалы шырайда тұрған сөзді тап.
а. Қап – қалың
ә. Қалың
б. Аса қалың

Дұрыс жазылған есептік сан есімді көрсет.
20 дәптерлер
ә. 20 дәптер
б. 20 - дәптер

Бөлшектік сан есімді тап.
а. Оннан жеті
ә. Ондап
б. Ондаған

Заттың санын дәл атамай, шамалап көрсететін сан есімнің түрі ата?
а. Болжалдық сан есім
ә. Жинақтық сан есім
б. Топтау сан есім

Бүтін заттардың бөлшегін білдіретін сан есімнің түрі ата?
а. Бөлшектік сан есім
ә. Жинақтық сан есім
б. Топтау сан есім

Бәріне деген есімдік қай септікте тұр?
а. Барыс
ә. Жатыс
б. Табыс

Асты сызылған сөздің орнына тиісті есімдікті қой.
Үстелдің үстінде қағаз жатыр
а. ештеңе
ә. мынау
б. бірдеме

Дұрыс жазылған есімдікті көрсет.
Еш – бір
ә. Әр – қайсысы
б. Әлдекім

Қалау райдың жұрнақтарын көрсет.
а. ын, ін, н
ә. са, се
б. ғы, гі, қы, кі

Бастауыш болып тұрған үстеуді тап.
а. Ол сабаққа кешігіп келді
ә. Ертең сенбілік болады
б. Бүгін – ағамның туған күні

Туынды үстеуді белгіле.
а. Орысша
ә. Бұрын
б. Дереу

Заттың атын білдіретін сөз табын.............. дейміз.
а. сан есім
ә. зат есім
б. есімдік

Толық нұсқасын жүктеу
6 779
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест Қазақ тілі 3 сынып
Тест Қазақ тілі 3 сынып
Қазақ тілінен тест тапсырмалары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Қазақ тілінен 4 сыныпқа тест  тапсырмалары
Қазақ тілінен 4 сыныпқа тест тапсырмалары
СҚО, Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылы бастауыш сынып мұғалімі Гаухар Қажғалиқызы
Сан есімнің мағыналық топтарын қайталау
Сан есімнің мағыналық топтарын қайталау
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құсмұрын ауылы,№28 Құсмұрын орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бекболатова Ақмарал Балғабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×