Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі пәнінен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары

17 маусым 2015, Сәрсенбі
Қызылорда қаласы, Абай ауылы,
№138 Абай атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пірімова Әсем Әбдірахманқызы

Қазақ тілі пәнінен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты - терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағалай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген. Бүгінгі таңда барлық мұғалімнің алдында тұрған міндет – оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдалана отырып, нәтижеге бағытталған білім беру. Оқу - тәрбие процесінде оң мотивацияны қалыптастыруда сабақ және сабақ жоспары маңызды рөл атқарады.
Сабақ жоспары - бұл мұғалімнің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сабақ - шығармашылық үрдіс. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын оқу тобының мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды.
Л. С. Выготскийдің тұжырымдарына сүйенетін болсақ, баланың дамуынан әлдеқайда озық жүріп, оның болашақтағы даму мүмкіншілігін болжай отырып оқытатын білім ғана жетістікке әкеледі. Ал оның негізі, басты шарты – білімді дұрыс ұйымдастыра білуде.
ҰБТ - білім сапасының басты көрсеткіші. Қазақ тілі пәнінен ҰБТ - ға дайындау үшін терең де жан - жақты білім мен бірге ізденумен жинақталған тәжірибе керек. Оқушыларға жүйелі білім беру, сынама тестілеуде көрсеткен нәтижесін үнемі назарда ұстап, салыстыру, әрбір оқушымен жеке қатемен жұмыс жүргізу олардың білімін шыңдай түсері хақ. ҰБТ - ға дайындау тәжірибемде мен көбіне логикалық тапсырмаларға және талдауға көп мән беремін. Сондай - ақ тақырыптық тест құрату, семантикалық картаны толтырту, мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың өз - өзіне деген сенімі мен жауапкершілігі, ең бастысы, білімі ұшталғандығын байқадым. Сол тәжірибемді сіздермен бөліскім келді. Лексика саласын өткенде әрбір оқушыға мынадай тапсырмалар беремін: Тура мағыналы және ауыспалы мағыналы сөздер, тұрақты тіркестер, диалект сөздер, кәсіби сөздер, тарихи сөздер, омоним, антоним, синонимдердің әрқайсысына 20 сөзден жазып келу тапсырамын. Оқушы өздігінен ізденіп, сөздерді тауып жазып, оның мағынасын түсіндергеннен кейін, лексика тарауы бойынша тақырыптық тестілерді құрастыру оқушыларды ойлантады әрі есте сақтау қабілеті артады. Келесі сабақты «Сөзмерген» ойынының кезеңдерін түрлендіріп, топтық сайыс түрінде білімдерін тексеріп, қорытындылаймын.
Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлерін өткенде, олардың жасалу жолдарын сөйлемдерді талдату арқылы өздері түсіндіреді. Мысалы: мақсат бағыныңқы сабақтасты өткенде «Адасқан сөздер» ойыны арқылы сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып таратып беремін. Мозаика әдісі арқылы оқушылар сөйлемді құрастырады да, оған синтаксистік талдау жасайды. Ал сөйлемнің үстінен сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан екен, түбірі мен қосымшасын ажыратып жазады.
бағыныңқы басыңқы
Хакіммен жолықпақ болып, Шолпан қайыққа мінбеген еді..
Содан кейін бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының қалай жасалып тұрғанын анықтайды. Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышының басқа да жасалу жолдарын мұғалім түсіндіргеннен кейін, мысалға алынған сөйлемді оқушылар бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын сол жасалу жолдарына сәйкестендіріп қайта құрады.
Үлгі: Хакіммен жолықсам деп, Шолпан қайыққа мінбеген еді.
Хакіммен жолығайын деп, Шолпан қайыққа мінбеген еді.
Хакіммен жолығу үшін, Шолпан қайыққа мінбеген еді.
Оқушылардың өздеріне бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының әрбір жасалу жолына сөйлем құратып, талдатамын. Бұл да ережені дайын қалыпта жаттағаннан тиімдірек. Тест кітапшасында берілген мысалдардың көбісі мектеп оқулығынан алынғандығына қарамастан, оқушылар қателік жіберіп жатады. Оның себебі, оқулықтағы мысалдарды мұқият назар аударып, талдамауында деп ойлаймын. «Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді болады» болады деген мақал тегін айтылмаса керек. Сабақты түрлендіріп, жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді пайдаланып, дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім оқушының пікірін де ескеріп отырса, нәтижеге бағытталған білім дегеніміз - осы. Оқушы жетістігі - ұстаз жетістігі.

Толық нұсқасын жүктеу
6 469
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахмет Нұрхат Бижанұлы
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында»
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×