Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасының қалалары

09 шілде 2015, Бейсенбі
Қазақстан Республикасының қалалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіл үйренушілерге Қазақстан Республикасының қалаларын аралата отырып, тапсырмаларды орындату, арнайы тіл материалдары арқылы тыңдаушылардың бойында өз ойын, пікірін, тілегін жеткізуге және әңгімелесушінің берген ақпаратын дұрыс түсінуге қажетті білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Тыңдаушылардың сөздік қорын байыту мақсатында жаңа сөздерді меңгерту.
Тәрбиелік: Тыңдаушылардың мемлекеттік тілге құрметпен қарап, тіл игеруді саналы да ерікті түрде меңгеруге, тілге деген қызығушылықтарын тудыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, парақшалар, сөзжұмбақ, сандық, бағалау парағы, пішінді парақшалар
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, аудару, ой қозғау, ойын, проблемалық, өзін - өзі бағалау.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу
2. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында тренинг: Тіл үйренушілер бір - біріне деген жылы сөздерін «Сіз не деген...» тіркесінен бастайды.
Сіз не деген әдемісіз!
Сіз не деген сымбаттысыз!
Сіз не деген ақылдысыз!

Мұғалімнің сөзі: Құрметті тіл үйренушілер, бүгін біз Қазақстанның қалаларына саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шықпас бұрын бүгінгі сабаққа қажетті жаңа сөздермен танысып алайық және сабақ барысында берілген тапсырманы орындау бойынша көршілеріңізге баға қойып отырасыздар. (бағалау парағын таратамын)
Жаңа сөздер:
Саяхат - путешествие
Табиғат - природа
Кең - просторный
Көлік - транспорт
Орналасқан - расположен
Ежелгі - древний
Әскери бекініс - военная застава
Шипажай – санаторий

«Ой қозғау»
Слайд 1
Қазақстан Республикасы

бай
жері кең
табиғаты сұлу
егеменді
тәуелсіз
көп ұлтты

Слайд 2
«Сиқырлы сандық» ойыны арқылы саяхат жасауға көлік таңдайды
(тыңдаушылар сандықтан парақшаларды алып, сұрақтарға жауап беру арқылы саяхат жасайтын көлік таңдайды.)
1. Қазақстанда қандай өзендер бар?
2. Қазақстанның астаналарын атаңыз
3. Қанша облыс бар?
4. Қазақстан халқының саны қанша?

Мұғалімнің сөзі: Таңдаған көліктеріңізге мініп, Қазақтан Республикасының астанасы - Астана қаласына саяхатымызды бастаймыз. Сіздер білесіздер, саяхатқа шығу оңай емес, сондықтан алдымыздағы сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Слайд 3
Жазбаша тапсырма.
- Астана қай жерде орналасқан?
- ___________________________
- Қазір қандай қалаға айналды?
- _____________________________________
- Астана қандай қала болмақ?
- _____________________________________
- Астана десе ойыңызға не түседі?

Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының әдіскері
Махметова Жанар Қайртайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 801
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екендігін, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін, оларды жасаған авторлардың халық үшін көп еңбек сіңіргенін ашып көрсету, Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білу.
Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Қазақ тілінің ұлт мәдениетінің негізі, рухани өзегі екенін жете түсінуге жан - жақты бағдар беру, қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуына қызығушылықтарын арттыру
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Гульсум Булатовна
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Мемлекеттік тілді білу – парыз
Мемлекеттік тілді білу – парыз
Астана қаласы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы Деңгей: Бастауыш деңгей. Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тілді білу – парыз. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Мемлекеттік тілді білу әр адамның
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×