Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік тіл - менің тілім!

28 ақпан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Сабақтың мақсаты:
а) қазақ тілінің ұлт мәдениетінің негізі, рухани өзегі екенін жете түсінуге жан - жақты бағдар беру, қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуына қызығушылықтарын арттыру;
ә) сұхбатқа шақыру, ой тастау әдісі арқылы тыңдаушылардың тіл білімінің сын - сипатын танып - білуге деген ізденісін дамыту арқылы талдау, зерттеу - зерделеу дағдыларына бағдар беру;
б) мемлекеттік тілдің адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орны мен маңызы жөніндегі азаматтық пікірін қалыптастыруына ықпал ету.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, «Астана» әні, «Көк тудың желбірегені» бейнеролик, үлестірме материалдар,
Сабақтың әдісі: іздендіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, баяндау, сөздік әдісі

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Тыңдаушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сұхбатқа шақырар танысу арқылы тыңдаушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Келіңіз танысайық. Менің есімім Нұргүл Мырзаболатовна, ұлтым – қазақ, Сіздің атыңыз кім, ұлтыңыз ше? Сіздің ана тіліңіз қай тіл?( Тыңдаушылар бір - бірден өздерімен таныстырып шығады)

Тіл туралы сөз
- Әр ұлттың қадірлейтін өз ана тілі бар. Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Сондықтан әрқайсымыз тілімізді құрметтеуге міндеттіміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тіл туралы заңында - әрбір Қазақстанның азаматы мемлекеттік тілді меңгеру тиіс делінген екен. Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай дейді - «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Сіздер де тілдің мәртебесін биікке көтеру мақсатымен мемлекеттік тілімізді үйрене жүріп, өз үлестеріңізді қосып жүрсіздер.

1 - слайд. Н. Назарбаев.«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
Биыл Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне - 25 жыл. Осыған орай еліміздің әр аймағында арнайы іс - шаралар өтіп жатыр. Ал нақты бүгінгі 24 қараша күні Ақмола облысы бойынша бұл күн мемлекеттік тілге арналып «Тіл мерейі - елдің мерейі» деп аталған екен. Сондықтан біз де осы мерейлі тыс қалмай, бүгінгі сабағымызды бұл тақырыпқа арнаймыз.
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, біз бүгін саяхатқа шығатын боламыз. Алда сіздерді қызықты, есте қаларлық саяхат күтіп тұр. Әрине, сіздер қайда баратыныңызды білгіңіз келіп отыр. Ол үшін қазір бір жақсы ән тыңдайсыздар. Содан соң сұрағыңызға жауап таба аласыздар.

2 - слайд. Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл - менің тілім!
1. Мөлдір Әуелбекова – «Астана» әні қойылады.

3 - слайд. Астана қаласының көрінісі
Дұрыс, біз бүгін еліміздің елордасы Астана қаласына саяхатқа барамыз. Олай болса, біріншіден көлік түрін таңдайық. Экранға назар аударайық.

4 - слайд. Әуежай мен теміржол бекетінің суреттері.
Сұрақ: Біз қай қалада тұрамыз? Дұрыс, Щучинск қаласында. Біздің қалада әуежай бар ма? Дұрыс, жоқ. Біздің қаламызда теміржол бекеті бар,
сондықтан біз саяхатқа поезбен шығамыз

5 - слайд. Щучинск қаласының теміржол бекетінің суреті.

6 – слайд. Поездың суреті
Көлігімізді таңдадық, енді билет сатып алуымыз керек. Ол үшін біз қайда барамыз? Теміржол бекетінің кассасына барып, билет аламыз.

7 – слайд. Щучинск қаласының теміржол бекетінің суреті. (Бір тыңдаушы кассаға барып билет сатып алады)
Кассир мен тыңдаушының сұхбаты:
Тыңдаушы: Сәлеметсіз бе.
Кассир: Сәлеметсіз бе.
Тыңдаушы: Астана қаласына баратын электропойызы нешеде жүреді?
Кассир: Астана қаласына баратын электропойызы сағат 10. 00 - де аттанады.
Тыңдаушы: Билет қанша тұрады?
Кассир: Билет бір адамға 900 теңге тұрады.
Тыңдаушы: Маған 10 билет беріңізші.
Кассир: Сізден, 9000 теңге.
Тыңдаушы: Рахмет, сау болыңыз.
Кассир: Сау болыңыз.
Билет сатып алдық, енді пойызға отырайық. Поездың аттануына қанша уақыт қалды? ( Бір тыңдаушыдан сағаттағы уақытты сұраймын)
Жолсерік келіп билет тексереді.
Жолсерік: Билеттегі орындар бойынша отырыңыздар. Сапарларыңыз он болсын!
1 - дыбыс.(Поездың аттануы)

8 - слайд. Поездың суреті.
Бәріміз жайғасып билеттегі номерлер бойынша өз орындарымызға отырамыз. Барлықтарыңызға сәт сапар тілеймін. Сіздердің билеттеріңіз сиқырлы билеттер, сондықтан орындарыңыз да жай емес, ерекше орындар.
(Сиқырлы билеттеріміздің тапсырмасын орындау )

№ 1 орын, № 3 орын, (қызыл түсті орындар), қызыл конверттегі тапсырма
1 - тапсырма. ( «Сыңарын тап» ойыны)
9 - слайд.«Сыңарын тап»
1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Тіл - қылыштан да өткір.
3. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
4. Тіл - алтын қазына.
5. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.

2 - дыбыс. (жүріп келе жатқан поездың дыбысы)
10 - слайд. Макинск қаласының вокзалы.
І. Аялдама «Макинск қаласы».
11 - слайд. Астана қаласының көрінісі

Оқылым. Мәтінді оқу, аудару.
Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана - еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан - байтақ еліміздің астанасы. Бұл – әдемі, жаңа қала. Астана – бейбітшілік және достықтың қаласы. Астана күн сайын гүлденіп өсіп келеді.
Астананың символы "Бәйтерек" монументі. Бәйтерек - Астананы биіктен көрсетеді. Қалада көптеген оқу орындары, Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы, Думан ойын - сауық орталығы, бар. Сонымен қатар Астанада көрікті жерлер өте көп. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы - болашақтың қаласы.

Сөйлесім.
Сұрақ - жауап:
1. Астана қандай қала?
2. Астананың символы не?
3. Астанада қандай жерлер көп?
4. Астанада қандай ғимараттар бар?

№ 2, № 4 орын (жасыл түсті орындар)
«Кім жылдам?». Фонетикалық ойын.
11 - слайд. Астана - сөзі
Астана – сөзіндегі әріптерден жаңа сөздер жазу.
(ас, ана, сана, ата, тас, сат, сан, ат, санат)
2 - дыбыс. (жүріп келе жатқан поездың дыбысы)
12 - слайд. Поездың суреті

№ 5, № 7 орындар (қызғылт сары түсті орындар),
2 - тапсырма.(Адасқан сөздерді орнына қой)
1. Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
2. Астана, қаласы, бас, Қазақстанның, Тәуелсіз.
3. Өзгерді, танымастай, Аз уақыттың, ішінде, қала.
4. Астана, үлкен, қала, болашағы.
2 - дыбыс. (жүріп келе жатқан поездың дыбысы)
13 - слайд. Поездың суреті

Сергіту сәті. (Поезға сатушы келеді, сатушыдан өзіне керек затты әр тыңдаушы сатып алады)
Сатушы мен тыңдаушылардың сұхбаты
Сатушы: Жемістер, шай, сусын, газдалмаған су, тәтті тоқаш, арзан шоколад сатылады.
Тыңдаушы: Бір алма қанша тұрады?
Сатушы: Қызыл алма 70 (жетпіс) теңге, ал жасыл алма 60 (алпыс) теңге тұрады, сіз қайсын жейсіз? Қызылын ба, әлде жасылын ба?
Тыңдаушы: маған бір қызыл алма беріңізші.
Сатушы: Міне, алыңыз, 70 (жетпіс) теңге, ас болсын!
Тыңдаушы: рахмет.
Сатушы: Ал, сіз не аласыз?
Тыңдаушы: Менің тәтті тоқаш жегім келеді, ол қанша тұрады?
Сатушы: тәтті тоқаш 50 (елу) теңге тұрады.

№ 6, № 8 орын (көк түсті орындар)
3 - тапсырма.( мамандық атауларын аударып, бас әріптерден жасырынған сөзді табу: СТРОИТЕЛЬ, ПОВАР, ЮРИСТ, АГРОНОМ, ФИНАНСИСТ, ПРОДАВЕЦ,
ШВЕЯ, АЛЬПИНИСТ, ПЕКАРЬ)

14 - слайд. ( ҚАЗАҚСТАН)
Қазақстан туралы не айта аласыздар? Отан туралы, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіздер?
1. Отан - оттан да ыстық.
2. Отан - отбасынан басталады.
3. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
4. Туған жерім - алтын бесік.
5. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
№ 9, № 10 орын (ақ түсті орындар) «Менің сүйікті қалам»
15 - слайд. Ақкөлдің суреті
ІІ – Аялдама «Ақкөл қаласы»
Қазақстан туралы жұрттар не біледі? Бейнесюжетті тамашалау

Жазылым.
16 - слайд. Дұрыс, дұрыс емес

Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы:
Абленова Нұргүл Мырзаболатқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 618
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Қазақстан Республикасының қалалары
Қазақстан Республикасының қалалары
Тіл үйренушілерге Қазақстан Республикасының қалаларын аралата отырып, тапсырмаларды орындату, арнайы тіл материалдары арқылы тыңдаушылардың бойында өз ойын, пікірін, тілегін жеткізуге және әңгімелесушінің берген ақпаратын дұрыс түсінуге қажетті
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Мемлекеттік тілді білу – парыз
Мемлекеттік тілді білу – парыз
Астана қаласы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы Деңгей: Бастауыш деңгей. Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тілді білу – парыз. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Мемлекеттік тілді білу әр адамның
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×