Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік елдің – Ұлы Абайы

05 қазан 2015, Дүйсенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Парменова Әсем

Тақырыбы: Мәңгілік елдің – Ұлы Абайы
Мақсаты:
Қазақтың бас ақыны – Абайдың өмірі мен шығармашылығын сахнада көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі:
Бейнероликтер, кітап көрмесі, банерлер
Жүргізушілер:
1 - жүргізуші: --------------
2 - жүргізуші: ----------------

Барысы:
Бейнеролик көрсетіледі
Роликтің басталуы:
Жапан түз, елсіз, жолсыз, сар далада жалғыз түп ағаш өсіпті. Айлар, жылдар не замандар жасатты. Әрбір көктем күніне үмітін артып, шат қуаты жапырағын артып, гүлін атыпты. Талай жылдар өтіпті. Әр жылы гүлдері мен дәндері ұшып, тарап кетіп жатыпты. Сан жапырақ сарғая тозып, жоқ болыпты. Бір заман сол айналадағы жалғыз ағашқа жай түсіпті де, жайрапты. Бар бұтақтан, гүл жапырақтан, дән нәрден айырылыпты ажырапты... Қуарып шошайып қалған жалғыз ғана қу ағаш көк аспанға тіл қатыпты. Не жазып ем, не сұмдық не зұлымдық етіп ем?! Біттім міне, тек көк аспан куәм едің сенен ғана сұраймын. Сорымның да куәсі, көгерген, гүл атқан шағымның да куәсі сен едің – кең көк аспан! Сен ғана бір айтшы... Мен өлейін, бірақ сан жылдарда сенің желдерің қуып әкеткен гүлдерім, дәндерімнен ұрпақ, нәсіл қалар ма?.. Шаңда біреу, санда бір сайда болса да, жас жапырағын көкке созып, гүл жемісін жер жүзіне берер ме?! Әлде бір - бір өлкеде, тағы бір замандарда сол гүлдердің бір тобынан саялы тоғай, мәуелі бақ өсер ме!.. Бұтақтарында өнген - өскенді мадақтап құмыр бұлбұл сайрар ма! Саясында жас өмір, жаңа дәурен мекендер ме?!
Атасынан кемеңгер боп жаратылып, анасынан дана боп, еліне пана боп, өз заманынан ойы озық туған ғұлама; халқының мұңшысы, ұлы ақыны; қазақ үшін дертті болған, сол дертінен айыға алмай кеткен, жан жарасы жазылмай кеткен, кеудесі қайғы мен қасіретке толы қазақ тарихындағы ең ірі дара тұлға; өз ұлтын өркендеген өнегелі елдің қатарында көруді көксеген ойшыл.
... Сайын мұрат сомданып сайлан, досым,
Ақын болсаң – айбының, айлаң болсын.
Бірақ, «Мыңмен алысқан...» Абайды, енді,
Құнанбайсыз қазағым қайдан көрсін.
Абайдың дүниеге келу турасында ел аузынан жеткен көне әңгімелердің бірі – Абай дүниеге келер алдында Құнанбайдың түс көруі. Құнанбайдың түсіне 18 - ғасырда өмір сүрген Тобықты руынан шыққан қазақтың кемеңгер биі Әнет баба кіріп, «Ибрахим» пайғамбардың атын атайды. Осы түстен көп ұзамай, Құнанбайдың әмеңгерлікпен алған жары Ұлжанның дүниеге ұл әкелгендігі туралы хабар келеді.
Сахнада көрініс қойылады
Қатысушылар:
10 - сынып оқушылары
(Сахна жарты киіз үймен безендірілген. Түлкі ішек, жүк аяқ, сапты аяқ, т. б.)
Бір топ әйел бесік жырын айтып отыр.
«Бесік жыры» айтылады.
- Аман - есенсіздер ме?
- Амансың ба?
- Ой, айналайын, бәрекелді!
- Баланың бауы берік, ғұмыры ұзақ болсын!
- Әумин, айтқаның келсін, айналайын!
- Сіздерге Құнекең қамдансын деп сәлем айтты. Бүгін молда шақырып,
азан айттырып, нәрестеге «Ибраһим» деген ат бермекші.
- Бәрекелді!
- Олай болса, қамданайық!
- Жөн - жосығын жасайық!
- Тұрыңдар!
1. Ән «Анадан алғаш туғанда»
Орындаушылар: 9 «Е» сынып оқушысы –
8 «Е» сынып оқушысы –
1 - жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, ұлысын ұлықтап, арысын ардақтап, тарихы мен
тағылымын егіз еткен арманы өрге, қиялы көкке жетелеген Мәңгілік елдің ұландары!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, қазақылығының қаймағы бұзылмаған, шұғыласын шашып тұрған шырайлы Шымкент шахарының төрінен орын алған мектебіміздің қонақтары мен ұстаздары!
2 – жүргізуші: Сақ дәуірінен бастау алған Мәңгілік тіліміздің мәртебе алған күніне орай өткізілетін Хакім Абайдың 170 жылдық мерей тойына арналған мерекелі іс - шарамызға
1, 2 – жүргізуші қош келіпсіздер!
1 - жүргізуші: Тоныкөк бабамыз: түнде – ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі мәңгі елім үшін!» - деген екен.
2 - жүргізуші: Иә, бұл кешегінің ұраны, бүгіннің арманы, келешектің еншісі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 691
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экологиялық асыл сөздер
Экологиялық асыл сөздер
Өсіп тұрған далада, Жалғыз ағашты кеспе.
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
Мұқағали Мақатаев оқулары кеш сценарииі
Мұқағали Мақатаев оқулары кеш сценарииі
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Ата  Заңым – айбыным
Ата Заңым – айбыным
Ел тәуелсіздігімнің кепілі, келешегімнің кепілі – Конституция күніне орай
Тіл - халық жанын танудың кілті
Тіл - халық жанын танудың кілті
Астана қаласы, «Энергетика және байланыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі қазақ тілі мен әдебиет тәні оқытушысы Кемпирова Айгуль Алтынбековна
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×