Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары

13 ақпан 2016, Сенбі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Бостан ауылы,
Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Байдуллаева Маусим Хамзеевна

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары
Сабақтың мақсаты: 1. Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының өздері қатысты сөзге сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінік беру, олардың емілесін меңгерту.
2. Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын
қалыптастыру. Оқушылардың іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Сабақ барысында жүргізілетін жұмыстар арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ойын әдіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ойын элементтері.
Пән аралық байланыс: ана тілі, орыс, ағылшын тілдері, дүниетану, еңбек,
математика, өзін - өзі тану.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:
Білімге біз тоймайық,
Шат күлкіге бойлайық,
Бәрін мықтап, қамдап ап
Кәне бірге ойнайық!

2. Үй жұмысын тексеру.
а) 15 - жаттығуды ауызша тексеру.
ә) ережені сұрау.
3. Жаңа сабақпен байланыс.

ШЫЛАУ → Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер
Мен (бен, пен), және шылаулары (Сөз бен сөзді байланыстырады)
Да (де), та (те) шылаулары (Өзі тіркескен сөзіне күшейту, анықтау мағыналарын үстейді.)
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары (Өздері қатысты сөздерге сұраулық мағына үстейді)
Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары (Өзі қатысты сөзге үстеме мағына береді. Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауда тұруын қажет етеді)
Қой (ғой), қана (ғана), - ақ шылаулары (Өздері қатысты сөздеріне өтініш, шектеу, даралау т. б. мағыналар үстейді).

4. Жаңа сабақ
- Олай болса, оқушылар, бүгін қай шылаулармен танысамыз?
- Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары
- Дәптерімізге күннің жадын жазамыз.

Көркем жазу. Есту диктанты.
Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.

Еңбек пен бақыт – егіз.

Достан қалсаң да,
Көштен қалма.

Шылауды табу. Қандай қызмет атқарып тұр? (Мұғалімнің түсіндірмесі).

Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары өздері қатысты сөздерге сұраулық мағына үстейді: Сен сабақ орындадың ба? Жамалды көрдің бе?
Қайталанған Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының арасына үтір, соңынан кейін сұрақ белгісі қойылады: Кезекші Асхат па, Сәуле ме?

Жаттығу жұмыстарын әр пән арқылы ойын түрінде жүргізу.

19 - жаттығу. Сөзжұмбақ шешу. (Әдебиеттік оқу пәні бойынша)

Сұрақтар: 1. Кекілбайдың есімі.
2. Әлия Молдағұлова туралы әңгіме.
3. «Атадан қалған тұяқ» әңгімесіндегі басты кейіпкер.
4. «Тау қыраны» әңгімесі кім туралы.
5. Қырғыз жазушысы есімі.
6. Мәншүктің шын есімі.
7. Іздеген жетер...

- Ерекше тор көздерден қандай сөз шықты?
- Іске сәт
- Олай болса істеріңе сәттілік тілей отырып, сабағымызды жалғастырамыз.

• Жұмбақты оқып, шешуін табу.
Өңім бе бұл, түсім бе,
Адамы көп ішінде.
Бір ғажайып жәшік тұр,
Барлық сырды шашып тұр.
(теледидар)
Шылауды табу, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын байқау.

20 - жаттығу. «Бұрыштарды ата» ойыны. (Математика пәні бойынша)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 650
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшын тілінің фонетикасы
Ағылшын тілінің фонетикасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті, №7 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Түешиева Меруерт
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Шылау қой (ғой), қана (ғана),- ақ шылаулары
Шылау қой (ғой), қана (ғана),- ақ шылаулары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айманкүл
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Cара
Қой (ғой ), қана (ғана), - ақ шылаулары
Қой (ғой ), қана (ғана), - ақ шылаулары
Бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлмира
Шылау
Шылау
ШҚО Аягөз қаласы КММ «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» бастауыш сынып мұғалімі Слямгазина Нургуль Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×