Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

11 сәуір 2016, Дүйсенбі
ШҚО, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы
«С. Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Толеуова Аманжан Талгаровна

Әдебиет 6 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлең мазмұнын меңгерту, идеясын ашу. Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып, оқушы бойына дарыту.
Дамытушылық: Түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу, шығармашылық ізденісін арттыру.
Тәрбиелік: Абай өлеңдеріндегі «Бес нәрсеге асық болуға, бес нәрседен қашық болуға», оны түсіне, түйсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілі: Абай суреті, шығармалары, кітап бұрышы, Абай туралы жазған даналар сөздері, Венн диаграммасы, слайд, буклет, интербелсенді тақта.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, Венн диаграммасы.

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Шаттық шеңбер. Ұшаққа тілек жазып, бір – біріне ұшырады.

ә) Үй жұмысы: «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жаттауға берілген. Сонымен бірге Абай жайлы білгендерін еске түсіру мақсатында зымыран сұрақтар беремін. Оқушылар тез – тез айтып отырады.
Сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев кім? -..................(ақын, ойшыл, ғұлама, философ)
2. Қай жерде дүниеге келген?.................(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында)
3. Туған жылы?..................(1845 жылы)
4. Алғаш қалай хат таныған?....................... (ауыл молдасынан)
5. Абай оқыған Семейдегі медресе?....................(Семейдегі Ахмет Риза)
6. Абайдың шын есімі?...................(Ибраһим)
7. Абайдың арғы атасы?.....................(Өскенбай)
8. Өз әкесі?...............................(Құнанбай)
9. Абайдың анасы?...............,(Ұлжан) әжесі....................(Зере)
10. Абайдың әкесі Абайды неге үйретеді?.........................(ел билеуге үйретеді))
11. Абай мен әкесі арасындағы келіспеушілік неден?................(ел билеушілердің халыққа жасаған қиянатын көргенде басталады)
12. Абай оқыған орыс жазушылары мен ақындары кімдер?..........(Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Салтыков - Щедрин, Добролюбов, Чернышевский)
13. Абайдың ақын екенін танытқан алғашқы көркем өлеңі.................. («Қансонарда бүркітші шығады аңға»)
14. Ол өлеңі қай жылы жазылған?..................(1882 жылы), халық ауыз әдебиеті)
15. Ақын қай жылы дүниеден озды?............... (1904 жылы)

б) Жаңа сабақ: Оқушыларға ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқи отырып, ақынның айтайын деген ойы, ғылым жолына ұмтылған жастарға ақынның айрықша ескертуі, ол қандай нәрседен қашық болу, қандай нәрсемен дос болу еді?(Бір оқушы оқулықтан тауып оқиды). (Интербелсенді тақтадан көрсету)

Бес дұшпан: Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ.
Бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Оқушыларға кезектеп оқытып, композициялық құрылысына талдау жасату.
Авторы: Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Жастарды ғылымға, білімге, өнерге шақыру.
Идеясы: Ғылымның үлкен қазына екенін айту.
Жанры: Өлең.
Шумақ: 6
Тармақ: 25
Бунақ: 2
Буын: 7 - 8
Ұйқас: аааб, аабаб.

Өлеңдегі жаңа сөздермен танысу.
Ғибрәтлі - үлгілі деген сөз.
Нәфрәтлі - жиіркенішті деген сөз.

Өлеңге тілдік талдау жасайық. Біз қазақ тілінен синоним сөзді өттік.
Асық - сөзінің синонимі ұмтылу, қашық – сөзінің синонимі аулақ болу.
Абайдың өлеңінде 5 асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымшылды,. 5 жаман іс: өсек, өтірік айту, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ.

в) Бекіту: Венн диаграммасы. Екі ақынның өлеңін салыстырып, ұқсастығын табу.
Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»
Шәкәрім Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Міне, балалар біз қазақтың бас ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы – Абай Құнанбаевтің тағы да бір өлеңімен таныстық. Онда ақын бізді бес нәрсеге ұмтылдырса, бес нәрседен сақтандырады. Осы жерде бес деген санды ауызға алдық. Қазақта қандай сандар киелі? (3, 4, 7, 9, 13, 40) Сол сан есімдерге байланысты әдет - ғұрыптар мен мақал – мәтелдер айта кетеді.

г) Қорытынды: Сонымен балалар. Абай атамыз «Толық адам» болу үшін адам бойында сегіз қасиет болуы керек дейді. Соның ішіндегі ең күштісі - ғылым мен құдірет екен. «Толық адам» туралы ойдың о бастағы төркінін біз бүгінгі өткен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алып, жыл өткен сайын қоюлана, күрделене түсетіні сөзсіз.
Бүгінгі сабақты С. Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келіп тұр.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге

с) Оқушыларды бағалау.
д) Үйге тапсырма: Абай Құнанбаевтың ғылым, білім үйрену туралы өлеңдерін іздеу.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.
38 958
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба.
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба.
Абай Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай Құнанбаев «Күз» өлеңі
Абай Құнанбаев «Күз» өлеңі
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Хазретовка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұбаниязова Г.Е
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанғазиева Аққайша Сағадиқызы
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Ақерке Шамилқызы
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба
Жанабаева Динара Қабланқызы М. Ломоносов атындағы орта мектеп КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×