Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылым таппай мақтанба

06 наурыз 2013, Сәрсенбі
Сабақтың мақсаты: 1) Ғылым таппай мақтанба өлеңін оқытып, өлеңнің мазмұнын, мағынасын түсіндіру. Ақынның бұл өлеңінде адам бойындағы ең үлкен қазына - ғылым, білім, өнер екендігін, кейінгі ұрпағына өсиет ретінде жазылғандығын айтып, ақын шеберлігін ашу.
2) Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрістерін дамыту.
Сөздік қорларын арттыру.
3) Оқушы жүрегіне Абайға деген сүйіспеншілікті ояту. Ғылым білімге шақыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, оқу, түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, тіл дамыту
Көрнекіліктер: Абай портреті, шығармалары жинақталған кітап көрмесі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Психологиялық даярлық: «Жүректен жүрекке»
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. Слайд: Абай кім?
/Қазақ халқының ұлы ақыны/
2. Қай жылы, қай жерде туған?
/Семей жерінде, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келді/
3. Абайдың достары кім?
/Михаэлис, Долгополов/
4. Оның қандай шығармалары бар?
/«Қыс», «Жаз», «Жазғытұры» және т б/
5 сыныпта сендер осы өлеңдермен таныс болдыңдар. Естеріңде бар ма?
Кім айтып береді?

ІV Жаңа тақырып: Мұғалімнің алғы сөзі. Жаңа сабақты мен мына эпиграфынан бастағым келіп тұр «Абай - ақындардың ақыны» С. Торайғыров
Ұлы ақын Абай өзінің бірқатар өлеңдерін жастарға арнаған. Бүгінгі ұсынылып отырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі ұрпағына өсиет ретінде жазылған. Ақын бұл өлеңінде адам бойындағы ең үлкен қазына ғылым, білім, өнер екендігін айтады.

V Сөздік жұмысы: /слайд/
Ғылым - наука
Мақтанба - не гордись
Ойнап босқа күлуге - время нельзя безтолку проводить
Баптанба - не успокаивайся
Қашық бол - остерегайся
Тілеуің, өмірің алдында - вся жизнь впереди
Терең ой - глубокая мысль
Талап - стремление, требование
Қанағат - довольствоваться малым, скромность
Болмасаң да ұқсап бақ - подражать, быть похожим
Жамандықтан жиренсең - отрекаться от плохого
Жаңа сөздерді оқушыларға түсіндіру

VІ Оқулықпен жұмыс
/Мұғалім/ мен оқимын ал сендер қарындашпен түсініксіз сөздерді белгілеп отырасыңдар.
- мәнерлеп оқу
- мазмұнын түсіндіру
- оқушыларға оқыту
VІІ Сұрақ жауап
1. - Ақын жастарды неге шақырады? / Ғылым, білімге, өнерге /
- Абай қандай нәрселерден қашық бол дейді?
/ Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек/
- Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер? /Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым/
Сын тұрғысынан ойлау жұмысы
2. Өлеңдегі бес асыл істі тауып, дәптерге жазып қойындар.
3. Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Қалай түсінесіңдер? / Ақын жасөспірімдерді білімді болуға шақырды, әрбір адам өмірінде бір кәсіппен терең шұғылдану керек деген ойларын жеткізбекші болған. Ал ол үшін адам өзін бес нәрсеге тәрбиелеу керек дейді.
Ғылым, білім, өнер туралы мақал - мәтелдерді еске түсіру арқылы «Кім жылдам ойыны» ойнаймыз

Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз -
деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
/«Өнерлі, білімді болу үшін жақсы оқыған адамнан үйрену керек. Өзіңді бей - жай ұстамай, ғылым жолында қиындықтан қорықпай ұзақ еңбектеніп, өз мақсатыңа жетуге болады».
4. «Дүние де өзі, мал да өзі,
ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген өлең жолдарын дәптерлеріне жазып алып, түсіндіру
/Білімді болсаң, сол білімді тек өз басыңа жаратып қоймай, біліміңді халыққа еңбек етуге жарата біл/

Ребус шешу: Ғылым – теңіз, білім – қайық / слайд/

VІІІ Қорытынды
Балалар бүгінгі сабағымызда біз Абайдың қандай өлеңімен таныстық?
Абай өлеңдері балаларға өмір жолын үйретуді, болашағына жол сілтейді деп тұжырым жасап, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
38 254
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
Абай Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қараңғы қазақтың көзін ашу, көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу - білімге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі еді.
Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Өлең мазмұнын меңгерту, идеясын ашу. Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып, оқушы бойына дарыту.
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанғазиева Аққайша Сағадиқызы
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Орынтай Хасеновна
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Ақерке Шамилқызы
Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай селосы, Жангелдин орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қонысбек Гүлсая Тексерген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Бекенова Индира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×