Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

02 мам 2016, Дүйсенбі
"Ескелді ауданы әкімдігінің
Қоңыр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мухаметжанова Индира Ерболатқызы

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер.
Сабақтың мақсаты: Сөз тіркестері, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер туралы білім бере отырып, олардың сыртқы құрылысына қарай ұқсастығын, мағынасына қарай өзгешеліктерін ұғындыру. Жаттығу жұмыстары арқылы білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Түрлі әдістер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту. Адамгершілік, ақыл - ой тәрбиесін беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ - жауап, пікірлесу
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық кестелер мен сызбалар

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару. Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу (топ басшысын сайлау, топтың аты мен ережесін құрау). Топ басшыларына бағалау парақшаларын тарату.
1. Қайталау – оқу анасы.
2. Жаңа сабақ құпиясы.
3. Кітап – досың, ақылшың.
4. Тапқыр болсаң, тауып көр.
5. Келісіп пішкен тон келте болмас.
6. Сауатты болу – мақсатым.
7. Қырағы бол!
8. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.

1. Қайталау – оқу анасы.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.
 Өткен сабақта қазақ тіл білімінің қай тарауын бастадық?
 «Синтаксис» сөзі қай тілден енген, мағынасы?
 Синтаксис нешеге бөлінеді?
 Сөз тіркесі дегеніміз не?
 Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер қалай аталады?
 Сөз тіркесіне тән белгілер.
220 - жаттығу, 188 - бет. Берілген мәтіннен сөз тіркестерін пайдалана отырып, мәтін мазмұнына қатысты «Ұстаз сыры» тақырыбында еркін пікір жазу. Тапсырманың орындалуын дәптерлерінен тексеру (топ басшылары).

2. Жаңа сабақ құпиясы.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Ой қозғау». Жаңа сабаққа байланысты сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркестерді көрсетіп, сұрақ қою барысында қандай өзгешелік байқағандарын сұрау.
Берілген сөздер:
1. Кеше келді, шұбар ат, күле берді, шуақты көктем, әдемі көйлек, таза дәптер,
2. Қара торы, Қазақстан Республикасы, жалт - жұлт, Алматы қаласы, Алпамыс батыр.
3. Қой аузынан шөп алмас, тайға таңба басқандай.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөз тіркесі.
Кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық байланысы. Мысалы, жеті нәрсе, екінші басылым, күрең ат, әдемі қыз, кішкентай бауыры
Тұрақты тіркес.
Тұрақты тіркестер кемінде екі сөзден тұрғанымен, бір мағынаны білдіреді. Бірінен екіншісіне сұрақ қоя алмайсың, бір ғана сұраққа жауап береді. Бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары ғана болады. Мысалы, Қоян жүрек – қорқақ, таяқ тастам жер – жақын.
Күрделі сөз
Күрделі сөздер екі сөзден тұрғанымен, бір мағынаны білдіреді. Олар да бір сұраққа жауап береді. Күрделі сөздер сөз тіркесінің бір сыңары ғана болады. Мысалы, қара ала, он алты, ала жаздай.

Қызыл ала көйлек киген көршінің кішкентай қызы үріп ауызға салғандай екен.
Сөз тіркесі: кішкентай қыз, қызыл ала көйлек, көршінің қызы.
Күрделі сөз: қызыл ала.
Тұрақты тіркес: үріп ауызға салғандай.
Әр сөзге сұрақ қоюға болатынын бақылату арқылы сөз тіркесінің ерекшелігіне көңіл бөлу. Сөз тіркесінің әр сөзіне сұрақ қоюға болатыны түсіндіріледі. Күрделі сөз бен тұрақты тіркестердің жасалу ерекшелігіне назар аударту.

3. Кітап – досың, ақылшың.
IV. Жаттығумен жұмыс. 225 - жаттығу, 192 - бет. Мәтінді оқып, тұрақты тіркес, күрделі сөздерді тауып жазу.

4. Тапқыр болсаң, тауып көр.
«Крестиктер - нөлдіктер» ойыны.

 1 - топ (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.
 Мұғалім сол нөмердегі сұрақты оқиды.
 Жауап дұрыс болған жағдайда, 1 - топ сол шаршыға нөлдік қояды.
 Жауап дұрыс болмаған жағдайда 2 - топ сұраққа крестик қоюға мүмкіндік алады.
 Жеңген топ 3 - ші топпен жалғастырады.

Сұрақтар:
1. Көктемнің үшінші айында қандай ұлы мейрам тойланбақшы? (Ұлы Жеңіс)
2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (Тоғыз)
3. А дыбысына сипаттама бер (дауысты, ашық, жуан, езулік)
4. Шығыс септігінің сұрағы (Кімнен? Неден?)
5. Рейхстагқа ту тіккен қазақ. (Р. Қошқарбаев)
6. Берілген сөйлемде «Айгүл» сөзі қай сөйлем мүшесі болып тұр. Мұғалім Айгүлден сабақ сұрады. (Толықтауыш)
7. Айнұр сабақ оқып отыр. Етістік қай шақта тұр? (Нақ осы шақ)
8. Тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)
9. Етістіктің категориялары (шақ, рай, есімше, көсемше, тұйық етістік).

1. Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл толады?
2. Қазақ тілінің грамматикасы нешеге бөлінеді?
3. О дыбысына сипаттама бер (дауысты, ашық, жуан, еріндік)
4. Ілік септігінің сұрақтары (Кімнің? Ненің?)
5. Берілген сөйлемде сын есім қай сөйлем мүшесі болып тұр? Мұны көрмегені жақсы. (Баяндауыш)
6. Айнұр сабақ оқымақшы. Етістік қай шақта тұр? (Мақсатты келер шақ)
7. Елтаңбаның авторы (Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов)
8. Тұйық етістік жұрнағы (- у).

5. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
226 - жаттығу, 193 - бет. Берілген мәтіннен етістікті және есімді тіркестерді ажыратып жазу.

6. Сауатты болу – мақсатым
Көру диктанты. Интерактивті тақтадан сөз тіркестер, күрделі сөздер, тұрақты тіркестер беріледі (жалпы саны – он). Оқушыларға 2 минут уақыт беріледі де, сөздер жасырылады. Есте сақтаған сөздерді жазу тапсырылады.
Берілген сөздер:

7. Қырағы бол
227 - жаттығу, 194 - бет. Мәтіннен күрделі сөздерді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болатындай тіркестерді тауып жазу.

8. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
Топ басшыларының сайысы. Берілген сурет - жұмбақтарды шешу.

Дұрыс жауаптары: қызыл көйлек (сөз тіркесі), екі езуі екі құлағына жету (тұрақты тіркес), шашбауын көтеру (тұрақты тіркес), қоян жүрек (тұрақты тіркес), алпыс үш (күрделі сөз).

V. Білімді бекіту. Өтілген тақырып бойынша бірнеше сұрақ қою.
 Сөз тіркесі дегеніміз не?
 Күрделі сөз деген не?
 Тұрақты тіркес деген не?

VI. Бағалау. Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.
VІI. Үйге тапсырма. 228 - жаттығу. 195 - бет. Берілген тұрақты тіркестерді пайдаланып сөйлем құрау.

Толық нұсқасын жүктеу
25 124
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, олардың өзіне тән ерекшелігін түсіндіру, тіліміздегі басқа тіркестерден ажырата білу;
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сөз тіркесі мен күрделі сөздердің және тұрақты тіркестердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білу.
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қазақ тілі мен әдебиеттен қысқа мерзімді жоспарлар.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
Тұрақты сөз тіркесі
Тұрақты сөз тіркесі
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×