Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасымның «Өзім туралы» өлеңі (күнделікті сабақ жоспары)

25 қыркүйек 2016, Жексенбі
Қазақ әдебиеті пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 8 сынып.
Тақырыптар:
36. Қасымның «Өзім туралы» өлеңі
37. Қазақ әдебиетіндегі «Ана құдіреттілігі» тақырыбы.
38. Қадыр Мырза әлі. «Кәрі Қыран»
39. Төлеген Айбергеновтің «Бір тойым бар» өлеңі
40. Ш. Айтматов «Найман - Ана»


Сабақтың тақырыбы: Қасымның «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - өмірі мен шығармашылығын таныстыру, қазақ поэзиясына асыл өлең жазуды мақсат еткен өлеңдерінің идеялық мазмұнынын ұғындыру; дамытушылық - әр оқушы өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту; тәрбиелік – ақын қаламынан туған өлеңдері арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы ақынның азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі - өнеге алуға шақыру.
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы (әр түрлі сатыдағы деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс), сұрақ - жауаптар, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті; өміріне байланысты буклет, тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар сызбасы; Мұқағали өлеңінің бір шумағы; Серік Қирабаевтың ақын туралы сөзі; кеспе қағаздар.

Жаңа сабақтың жүру барысы.
Сабақтың эпиграфы: Дейсіңдер - ау Қасымның несі басым?
Қасым солай болмаса несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
(Мұқағали Мақатаев).
Тірек сызба арқылы ақын өміріне, шығармашылығына шолу.

Қасым Аманжолов (1911 - 1955)
Қасым жоқшылықты, жетімдікті сәби кезінен басынан өткізеді. Қой - қозы бағады, тезек те тереді, кісі есігінде телміреді.
Ол жалт еткен найзағайдай өткір тілді, қажырлы, қайратты, тік мінезді. Өзі айтқандай «жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды өмірінің бар мақсаты етті.
Қасым поэзиясы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге үндейді, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандыққа баулиды.
Ақынның өмірге, келешекке артатын сенімі, үміті мол. Қасым өмірді мейлінше сүйген ақын.
Өздеріңізге ұсынылып отырған өлеңді Қасым «Сыр» деп те атаған екен. Шыншыл, бүкпесіз ақын ұрпағымен ашық сөйлесіп, мақсат - мүддесін, қуаныш - сүйінішін, сенімі мен дудәмәлін жайып салады.
Ақынның қайтыс болғаннан кейінгі жарияланған өлеңі – «Өзім туралы».
Өлең тақырыбы: өз өмірін өлеңмен өрнектейді; өмір мен өлім туралы, өлеңнің құдіреті, ақындықты дәріптейді; туған ел, жер қасиетін жырлайды; болашақ ұрпаққа өсиет қалдырады.
Өлеңнің идеясы: өмірді, туған жерді, Отанды қастерлеуге шақырады; «Берейін өмірімнен өлең жасап» деп өзі жырлағандай өлеңді, ақындықты құрметтеуге үндейді.
Осы өмірбаяндық өлеңінде ақын өмірінің қайғы - мұңы, қуанышы, асқақ арманы, өршіл мақсаты көрінеді. Ақын болашақ жастарға үлкен сенім артады, олардан үміт күтеді.
Өлең жоспары тақтаға жазылады.
1. Өзі жайлы
2. Өмір мен өлім туралы
3. Ақындық, оның мақсаты
4. Болашақ өсиет
5. Туған ел, туған жер туралы.
Осы жоспар бойынша оқушылар тарауларға бөліп, мәнерлеп оқиды, Дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.

І саты: оқушы деңгейі ( мұғалім көмегімен).
Өлең құрылысын талдау
1. Өлеңде қанша шумақ бар? (25 шумақ бар)
2. Неше тармақ бар? (100 тармақ бар)
3. Неше бунақ бар? (3 бунақ бар)
4. Неше буын бар? (11 буын бар)
5. 11 буынды қара өлең ұйқасы.
Ақынның поэтикалық тіліне талдау
1. Өлеңнің метафорасы........................
2. Эпитеті.....................................................
3. Теңеуді табыңдар.
Сабақты бекіту сұрақтары мен тапсырмалары

ІІ саты: алгоритмдік. 1. Ақынның өмір жолы, шығармашылығы (тірек сызба сызу).
2. Қасым қандай ақын? (тор құру керек). 3. Ақын шығармалары (тор құру керек)
4. Өлең «Өзім туралы» деп аталса да, ақын тек өзі туралы ғана толғанған ба? 5. Өлең жолдарындағы «Берейін өмірімнен өлең жасап» дегенінен ақынның айтайын деген ойын қалай түсінесіңдер? 6. Ақын болашаққа қандай өсиет айтады?

ІІІ саты: эвристикалық. Ақынның өлеңдегі көңіл - күйін талдау:
1) қайғы, мұң; 2) шаттық, қуану; 3) берік сенім, үміт; 4) асқақ арман, өршіл мақсат;
5) өсиет, өнеге.
Осы тірек сөздерге байланысты ақын көңіл - күйін білдіретін өлең жолдарын тауып оқу, түсінік беру.

IV саты: шығармашылық (тақырыптар беріледі).
1. Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы...
2. Қасым ақынға хат жазу.
3. Біз неткен бақытты едік, бүгінгі ұрпақ.
Қорытынды. Қасым идеологияның құлы болып қалған жоқ. Заманның тар қалыбына сыймай, құлашын еркін жая алмай бұлқынған ақынның көңіл күйі, ойы, сезімі оның шығармаларынан анық байқалады. Соның өзінде Қасым – үлкен ақын, ұлы ақын. Ол ешкімге еліктемей, жалтақтамай, «Жамау - жасқау жинамай, өз сөзін өзі болып айтады», «Өлең мен күйден» жаралған ерекше бір тұлға еді. Ол қазақ өлеңінің рухын көтерді. Өлең сөзге қанат бітіріп, ерлік дарытты, өлең формаларын жетілдірді.

Музыкалық үзіліс. Ақын өлеңін сазымен орындау (үзінді).
Бағалау.
Үй тапсырмасы. 1. Өлеңді мәнерлеп оқу (үзінді жаттау).
2. Кесте үлгісі беріледі (жоспар бойынша жұмыс).
3. Шығармашылық жұмыс (ой толғау жазу).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
3 656
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Аманкул Абубакировна
Cегіз аяқ өлеңі
Cегіз аяқ өлеңі
Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмір жолына шолу жасап, шығармашылығы жайлы жан - жақты білім беру; ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өзін - өзі ұстай білуге, адамгершілікке, жауапкершілікке
Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары мен әңгімелері
Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары мен әңгімелері
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Кдырова Гулбану Гинаятовна
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×