Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары мен әңгімелері

21 ақпан 2015, Сенбі
Пәні: Балалар әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары мен әңгімелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту. Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру;
Дамытушылығы: әр студенттің осы автор арқылы шығармалар негізінде өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру.
Тәрбиелілігі: ақын - жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі - өнеге алуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: С. Көбеев туралы слайд, үлестірме материалдар.
Сабақтың түрі: танымдық іздену сабағы (панорамалық сабақ)
Сабақтың әдісі: СТО технологиялары, баяндау, салыстыру, талдау, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин.)
Оқушыларды сабақтың белсенді өтуіне ынталандыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.)
1) Ш. Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығы жайлы сұрақтар қою.
2) Шәкәрімнің балаларға арналған өлеңдерін жаттау және мағынасын ашу.
Топтық жұмыс болғандықтан, оқушылар берілген тапсырманы топ болып қорғайды.
І топ. Ақынның өмірбаяны, қызметі.
ІІ топ. Ақынның шығармашылығы.
ІІІ топ. Ақынның балаларға арналған шығармаларын жатқа оқу.
ІҮ топ. Ақынның аудармалары.

ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин.)
1) Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.
2) Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Қызығушылықты ояту (5мин.)
Әр топқа сұрақтар жазылған қима қағаздар таратылып беріледі.
1. Ыбырай Алтынсарин кім? Оның ізін қуған кім?
2. Спандияр Көбеевтің өмірі туралы не айта аласыздар?
3. Жазушының балаларға арналған туындылары бар?
4. С. Көбеевтің қазақ әдебиетінің тарихындағы орны.
Студенттердің жауабын тексеру барысында интербелсенді тақтадан С. Көбеев туралы кестеге көңіл бөлеміз. Хронологиялық кесте арқылы оқушылар өз білімдерін тексереді.

Мұғалім сөзі: назарларымызды интербелсенді тақтаға аударамыз. Тақтадан С. Көбеевке қатысты жылдар мен болған оқиғалар туралы мәлімет беріледі. (28 мин.)

Спандияр Көбеевтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру.
Спандияр Көбеев (1878 – 1956)
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады. Жаңа үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ беріп жас ұрпақты орыстың тілі мен әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды. Бұл саладағы қызметін Спандияр ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік үлгісімен жүргізді. Би - болыстардың қырына ілінген қыңыр әкенің кесірінен мектепке іліге алмай қалған кедей баласын алғаш орналастырған да Торғайдың оқу инспекторы еді. Ұлы ұстазы алдында жаутаңдап, оның мейірімділігі мен кең пейіліне риза болған Спандияр ішінен соған ұқсауды армандағанды. Ыбырай секілді халыққа пайдалы азамат болу, өз білімін елін ағартуға жұмсау Спандиярдың өмір бойғы арман - тілегі еді.
Спандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.
Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік - қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі.
Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушылары мен ағартушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Үлгілі тәржіме» деген атпен жеке кітап етіп бастырды.
1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 032
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету;
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы. романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту, өздерінше ой
Қасымның «Өзім туралы» өлеңі (күнделікті сабақ жоспары)
Қасымның «Өзім туралы» өлеңі (күнделікті сабақ жоспары)
Қасым жоқшылықты, жетімдікті сәби кезінен басынан өткізеді. Қой - қозы бағады, тезек те тереді, кісі есігінде телміреді. Ол жалт еткен найзағайдай өткір тілді, қажырлы, қайратты, тік мінезді. Өзі айтқандай «жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды
Cегіз аяқ өлеңі
Cегіз аяқ өлеңі
Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмір жолына шолу жасап, шығармашылығы жайлы жан - жақты білім беру; ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өзін - өзі ұстай білуге, адамгершілікке, жауапкершілікке
Спандияр Көбеев "Құмырсқа мен көгершін"
Спандияр Көбеев "Құмырсқа мен көгершін"
Спандияр Көбеев "Құмырсқа мен көгершін"
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×