Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cегіз аяқ өлеңі

28 ақпан 2015, Сенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанов Зормамед

Сыныбы: 10 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Cегіз аяқ өлеңі (Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмір жолына шолу жасап, шығармашылығы жайлы жан - жақты білім беру;
ә) тәрбиелік: ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өзін - өзі ұстай білуге, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеп, азаматтық бейнесін қалыптастыру;
б) дамытушылық: әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту, сөз мәдениетін дамыту, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: талдау, салыстыру, ой шақыру, кубизм әдісі, мағынаны тану, деңгейлеп оқыту, брейн - ринг, синквейн, инсерт картасы.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, ақынның портреті, ақын туралы ұлылар ой - пікірлері, көрме.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі.

Сабақтың ұраны: Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдеу.
2. «Менің тілегім» - тілектер тізбегі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын кубизм әдісі бойынша сұраймын.

«Кубизм» әдісі.
Зерттеңіз. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы не білесіңдер?
Салыстырыңыз. Ыбырай Алтынсарин мен Шоқан Уәлихановтың шығармашылығын салыстырып, ортақ қасиеттерін табыңдар.
Қолданыңыз. Ыбырай Алтынсариннің білім, оқу, өнер, еңбек туралы қандай шығармаларын білесіңдер?
Байланыстырыңыз. Өнер - білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.
Өлең жолын бүгінгі күнмен байланыстырыңдар.
Суреттеңіз. Ыбырай өмірінің елеулі кезеңдерін жылдар тізбегімен суреттеңдер.
Талдаңыз. Ыбырай Алтынсариннің бір өлеңін құрылысына қарай талдаңдар.

Енді, балалар, үй тапсырмасын бекітейік. Бекіту сұрақтары мынадай:
1. Ы. Алтынсарин қай жылдары өмір сүрді?
2. Атасы оны қандай мектепке оқуға берді?
3. Ыбырай қай жерлерде мектеп ашты?
4. Табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
5. Ол қазақ әдебиетіне қандай жаңалық әкелді?

Инсерт картасын таратып беремін. Бірінші және екінші бағанды толтырамыз. Қалған екі бағанды сабақтың соңында толтырамыз, сосын оқимыз.

ІІІ. Ой шақыру (кластер бойынша)
Абай кім?
Жырларымен бүкіл әлемді қандырған кім?
Қазақты әлемге танытқан кім?
Ұрпаққа мұраларын аманат қып,
Рухани азық етіп қалдырған кім? (Абай - ақын)

«Көңіл құсын құйқылжытып шартарапқа»,
Өлеңіне ән шығарып, шырқатқан кім? (Абай - сазгер)

Қарасөзі даналық сөзге толы,
Әңгіме емес, көңілден шыққан ойы.
Тәрбиелік мәні бар әр сөзінде,
Кім дейсіңдер осындай ұлы Абайды? (Абай – көсемсөз шебері)

Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан кім?
Тайсалмай, сөздің оғын жаудырған кім? (Абай – халық қамқоршысы)

Орыстың әдебиетін үлгі тұтып,
Пушкин мен Лермонтовты қазақша жырлатқан кім?
(Абай - аудармашы)
Осындай қасиеттерді бойға жиған ұлы адамды кім дейміз?
(Абай - дана)

ІҮ. Мағынаны тану (жаңа сабақты түсіндіру).
1. Абайдың арғы тегі (сызба бойынша түсіндіру)
2. Абай ізденіс жолында (шығыс ақындарынан сауат ашуы)
3. Абайдың лирикасы
4. Абай және орыс әдебиеті (Пушкин, Лермонтов, Крылов)
5. Абай – сазгер (әні тыңдалады, бейне ролик көрсетіледі)
6. Абай – көсемсөз шебері, ұлы ойшыл (қарасөздерін оқушылар жатқа оқиды)
7. Абайдың өлең түріне енгізген жаңалықтары
8. Абайдың поэмалары

Брейн - ринг стратегиясы (деңгейлік тапсырмалар)
І деңгей (оқушы деңгейі). Абайдың өмір жолы;
ІІ деңгей (алгоритмдік деңгей). Өлеңін талдау;
ІІІ деңгей (эвристикалық деңгей). Өлеңдерін жатқа айту;
ІҮ деңгей (шығармашылық деңгей). «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» (ойтолғау жазу).

«Автордың орындығы» стратегиясы
Берілген ұйқасқа өлең шығарыңдар. Өлеңді бірінші шығарып болған оқушы автор орындығына отырады.

«Синквейн» әдісі
«Абай кім?» деген сұраққа синквейн әдісі арқылы жауап алайық.
Зат есім (Кім?) –
Сын есім (Қандай?) –
Етістік (Не істеді? Не қылды? Қайтті?) –
Сөйлем –
Синоним –

Венн диаграммасы
Ыбырай мен Абайдың өмірі мен шығармашылығын салыстырып, ортақ қасиеттерін табыңдар.

Ү. Үйге тапсырма.
Абайдың өмірі мен шығармашылығын оқу, қосымша деректер жинақтау, мәнжазба жазу

ҮІ. Бағалау.
Бағалау парағын қорыта келе, сабаққа өте жақсы қатысқан... – «5», жақсы қатысқан... – «4», орташа қатысқан... – «3» деген бағаларды қоямын.
6 649
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасымның «Өзім туралы» өлеңі (күнделікті сабақ жоспары)
Қасымның «Өзім туралы» өлеңі (күнделікті сабақ жоспары)
Қасым жоқшылықты, жетімдікті сәби кезінен басынан өткізеді. Қой - қозы бағады, тезек те тереді, кісі есігінде телміреді. Ол жалт еткен найзағайдай өткір тілді, қажырлы, қайратты, тік мінезді. Өзі айтқандай «жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзі
Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Абай Құнанбаев «Қыс»
Абай Құнанбаев «Қыс»
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жұмағазина Г. Ш
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×