Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауысты дыбыстар

01 қараша 2016, Сейсенбі
Дауысты дыбыстар (5 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың фонетика бойынша алған білімдерін тереңірек тиімді жолмен ұғындыру. Дауысты дыбыстардың жасалу жолдарын және емле ерекшеліктерін үйрету.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, тестпен жұмыс, «кубизм» әдісі,
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, суреттер, тиындар, қорапша, ойыншық ұшақтар, шарлар, ноутбук, тесттер, кубок;
Күтілетін нәтиже: оқушылардың дауысты дыбыстарды талдап, емлелерін білуі.

І. Қызығушылықты ояту.
Оқушылармен амандасу.
Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
Ұшақтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
2. Я, Ю, Е әріптері қандай дыбыстардың қосарлануы арқылы жасалады?
3. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
4. Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
5. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
6. Қазақ тіл білімінің салаларын ата?
Тест сұрақтарына жауап беру.
Оқушылардың білімдерін алтын, күміс, қола тиындармен бағалаймын.

ІІ. Мағынаны тану
Қазақ әліпбиін жатқа айтқызу.
Жұмбақтар оқып сабақтың тақырыбын ашу.
1. Әнде бар, күйде жоқ,
Сәнде бар, биде жоқ.
2. Жаңада бар, ескіде жоқ,
Танада бар, ешкіде жоқ.
3. Жерде жоқ, отта бар
Барда жоқ, жоқта бар.
4. Көлде бар, сайда жоқ,
Төлде бар, тайда жоқ.
5. Құмайда бар, суда жоқ,
Тұманда бар, буда жоқ.
6. Биікте бар, ойда жоқ,
Киікте бар, қойда жоқ.
7. Мысықта бар, күшікте жоқ,
Қасықта бар, кеседе жоқ.
8. Үйректе бар, қазда жоқ,
Түлкіде бар, тазда жоқ.
9. Елікте жоқ, лақта жоқ,
Бесікте бар, мақтада жоқ.

Оқушылар әріптерді іледі. Бұл дыбыстар қандай дыбыстар ?
Дауысты дыбыстар. Яғни бұл біздің тақырыбымыз.
Жаңа сабақ дауысты дыбыс. Дауысты дыбыс дегеніміз – ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды айтамыз.
И, у, э әріптері халықаралық терминдерде кездеседі.
Тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді. Тіл кейін шегініп үсті дөңестену арқылы жасалатын болса жуан дауысты дыбыс. Жіңішке дауысты дыбыс тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалады.
Қазақтың төл сөздерінде дауысты дыбыстар негізінен бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке боп келеді.
О, ө, ұ, ү, ә – буын талғайтын дыбыстар, себебі бұл дыбыстар қазақтың төл сөздерінде бірінші буында ғана жазылады.
Егер сөздегі басқа дауысты дыбыс жуан болса, и, у,дыбыстары жуан оқылады, ал сөздегі басқа дауыстылар жіңішке болса, и,у дыбыстары жіңішке оқылады.

Дұрыс па, бұрыс па?
1. Емен жуан дауысты сөз. Бұрыс
2. Құдық жуан дауысты дыбыс.Дұрыс
3. Алтын жіңішке дауысты сөз? Бұрыс
4. Кілем жуан дауысты сөз? Бұрыс
5. Өрік жіңішке дауысты сөз? Бұрыс
6. Балмұздақ жуан дауысты сөз? Дұрыс
7. Сағат жіңішке дауысты сөз? Бұрыс
8. Әтеш жіңішке дауысты сөз? Дұрыс
240-жаттығу. Жуан дауысты сөздерді бір рет, жіңішке дауысты сөздерді екі рет сызу.
«Кірпінің сыйлығы»
Сөздер берілген. Дыбыстық талдау жасау. Дұрыс жасаған оқушларға алма беріледі.
Дәптер. Дәп-тер 6 әріп, 6дыбыс, 2 буын
Д-дауыссыз, ұяң
Ә-дауысты, жіңішке, ашық, езулік

Мерует Ешниязова Жеткербаевна
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Егіндібұлақ ауылы
Егіндібұлақ жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 747
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Заденова Меруерт Жумаханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×