Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың жас актерлері

12 ақпан 2017, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың жас актерлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
А) Кино өнеріндегі жас актерлер туралы мәлімет беру.
Б) Оқушының ойын тапсырмалар арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық:
А) Кино өнеріне қызығушылығын арттыру.
Б) Білім, білік дағдыларын өз бетінше пайдалана алу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік:
А) Өз ойын еркін, сауатты жеткізуге үйрету.
Б) Өзгені тыңдауға үйрету.
В) Өнер адамдарын сүюге, құрметтеуге, мақтаныш етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, аударма, диалог.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
І. Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, құрал - жабдықтарын тексеру. Барлығының назарын сабаққа аударту

Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ.
♦ Жаңа тақырыпқа даярлау Айтылым.
- «Ассоцияция әдісі» – интерактивтік тақтада кино актерлері
• Ой шақыру.
1. Тақтада кімнің суреттерін көріп тұрсыңдар?
2. Бұл қандай актерлер?
3. Олар туралы не білесіңдер?
Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова - белгілі Қыз - Жібек киносында түскен.
1. Құман Тастанбеков кім? Кинодағы алғашқы рөлі қандай? Қандай фильмдерге түскен?
2. Меруерт Өтекешова кім? Ол қашан дүниеге келген? Қандай фильмдерге түскен?
4. Қандай сүйікті актерлерің бар?
....... Оқушылар сүйікті актерлері туралы айтады.....
- Қазақ киносына белгілі қандай актер, режиссерлерді білесіңдер? Кино атасы деп айтуға болады.
- Шәкен Айманов
- Ол туралы не білесіңдер?
- Шәкен Айманов - қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі.
- Қазақстанның қандай жас актерлерін білесіңдер?
Жаңа сабақ.
Сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың жас актерлері

Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтіндер бойына диалог құрастыру
Өмірдерек:
Асылхан Төлепов (21 мамыр 1992, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген) — Қазақстан актері. 2012 жылғы шыққан «Жаужүрек Мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың рөлін сомдағаннан кейін танымал бола бастады.
Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанында ашылған колледждің профессор Есім Сегізбаев класын тәмамдаған. 2010 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» шығарған Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінде президенттің досы Ғалидің рөлін сомдаған. "Жаужүрек мың бала" фильмінде көрсеткен ерлігі мен шеберлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталды. 2013 жылы - "Серпер" Жастар сыйлығының иегері.
2011 жылы «Жаужүрек Мың бала» фильміндегі оның басты кейіпкері мың бала Сартай рөлі болған.

Асылхан Төлепов кім?
Ол қай батырдың рөлін сомдаған?
Қай фильм үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталды?
Қай жылы «Жаужүрек Мың бала» фильмінде түскен?

Нұрлан Әлімжан – актер, әнші, сазгер, жүргізуші, «Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты, «Жас тұлпар» сыйлығының тұңғыш иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бұл актер 1984 жылы Көкшетау өңіріндегі «Кеңащы» елді мекенінде дүниеге келген. 2001 - 2005 жылдары Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында білім алады. Ол 2003 - 2009 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері болып қызмет атқарған.

Нұрлан Әлімжанның ең алғашқы түскен фильмі – «Шолпанның күнәсі» деп (Әзімбай рөлі) аталады. Бұдан басқа «Бақсы», «Ән мен анаша», «Ағайындылар», «Ақсарбас», «Теміртау көктемі», «Жаужүрек мың бала», «Балалық шағымның аспаны», «Көшбасшы» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған. Осы 60 - қа жуық әні бар. Нұрлан Әлімжан – Қытай киносына қазақтан түскен тұңғыш актер.

Нұрлан Әлімжан кім?
Актер қай жерде дүниеге келген?
Алғашқы түскен фильмі қалай аталады?
Оның қанша әні бар?

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Ол, оның, бұл, осы
1 - топ. Есімдік дегеніміз не?
2 - топ. Есімдіктің мағыналық түрлеріне тоқталу.

Ол және бұл есімдіктерін септеу

2 - тапсырма.
слайд бойынша

Актер» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
Қорытындылау.
- Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?
- Кейіпкерлердің қандай түрлері бар? Сенің сүйікті кейіпкерің кім?
VІІ. Бағалау.(бағалау парағы)
10 429
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Есеп шығару. Қайталау. «Сақталу заңдары»
Есеп шығару. Қайталау. «Сақталу заңдары»
Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Шығыс Қазақстан облысы, Үрджар ауданы, «Алтыншоқы орта мектеп» КММ - сі Мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сихимбаева Рымхан Абилхайдаровна
Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты
Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты
Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Серік Рабиға Серікқызы
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері
Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов 4-сынып Сабақтың тақырыбы: бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға бейнелеу өнеріндегі ертегілер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×