Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімнің жағып шырағын

03 наурыз 2017, Жұма
Әдебиет пәнінен сайыс сабақ (8 – сынып)
Тақырыбы:«Білімнің жағып шырағын»
Мақсаты: әдебиет сабағы барысында алған білімдерін саралау, әдебиеттегі ірі ғұламалар шығармаларын оқу арқылы оқушыны өмірді терең түсіне білуге үйрету, өз пікірлерін дәлелдей білуге, өнерді өз пайдасы үшін пайдалануға үйрету, отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: кестелер, плакаттар.
Әдебиет - өнер атаулының құдіреттісі. «Өлең - сөздің патшасы» деген Абай. Сөз өнері - адамзаттың тәрбиешісі.
Қазақ әдебиеті – қазақ тарихының көркем шежіресі.
Сонау замандардан бері ұлтының үміт - арманы мен рухын бейнелеп, адамгершілік пен ізгілікті, өрлік пен ерлікті арқау еткен асыл мұраларымыздың орыны бөлек. Олай болса, бүгінгі біздің сайысымыздың мақсаты да осы болмақ.

Сайысқа 8 - сынып оқушылары қатысқалы отыр:
1 - топ: «Алғырлар», 2 - топ: «Тапқырлар», 3 - топ: «Білімділер»
Сайыс кезеңдері:
І. Кім білгіш?;
ІІ. Бұл қай тұлға?;
ІІІ. Кім тапқыр?;
ІҮ. Кім жылдам?;
Ү. Кім шапшаң?

І. Кім білгіш?.
Бұл кезеңде 3 топқа 5 сұрақтан оқылады. Қолдарыңды көтеріп қана жауап бересіңдер. Әр сұрақтың жауабы - 10 ұпай.

«Алғырлар» тобына:
1. Абай қай жылдары өмір сүрді? (1845 - 1904)
2. «Қалқаман - Мамыр» поэмасын кім жазды? (Шәкәрім)
3. «Зар заман» толғауын кім жазды?(Шортанбай Қанайұлы)
4. «Қаздар қайтып барады?» әңгімесін кім жазды? (Қабдеш Жұмаділов)
5. «Қараш - Қараш оқиғасы» хикаятының басты кейіпкерлері кімдер?(Бақтығұл, Тектіғұл, Жарасбай, Сәлмен)

«Тапқырлар» тобына:
1.«Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес» кімнің кітабындағы нақыл сөз? (Қорқыт ата)
2. «Диуани хикмет»(«Даналық кітабы») кім жазды? (Қожа Ахмет Йасауи)
3. «Наридірген» күйі қай шығармадан?(«Күй аңызы» Тахауи Ахтанов)
4. «Ай мен Айша»романды кім жазды?(Шерхан Мұртаза)
5. Сапабек, Тома, Ереке, Жеңіс қай шығарманың кейіпкерлері. («Қонақтар»Төлен Әбдіков)

«Білімділер» тобына:
1.«Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас» кімнің кітабындағы мақал - мәтел? (Махмұт Қашқари).
2. «Әпке»драмалық шығармасының басты кейіпкерлерін ата? (Қамажай, Тимур)
3. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдерін кім жазды? (Олжас Сүлейменов)
4. Алгебра туралы трактаттарды жазған кім? (Омар Хаям)
5. Найман – Ана қай романынан үзінді және кім жазды? («Ғасырдан да ұзақ күн» Шыңғыс Айтматов)

ІІ. Бұл қай тұлға?
10 - Мұқағали Мақатаев
30 - Омар Хайям
20 - Ш. Айтматов

20 - Қабдеш Жұмаділов
10 - А. Құнанбайұлы
30 - Мағжан Жұмабаев

1. Бала жатыр төсекте албыраған,
Әке жатыр еденде қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, көз жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған. Кімнің поэмасы?(М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»10 ұпай)
2. Екеуміз Сарыарқадан сапар қылсақ,
Қатерсіз қосылуымыз берік болмай ма?
Қаны бір ел еді ғой қазақ, қалмақ,
Ода бір саған туған жұрт болмай ма?! Кімнің поэмасы? ( Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян»30 ұпай)
3.«О, туған жер. О, қасиетті атамекен. Торқадай топырағыңды қия гөр адасқан ұлыңа... Ел шетіне бір жеткізсең, екі дүниеде арманым жоқ деген сертім бар еді. О, алла, аманат жаныңды, бүгін алсаң да разымын», - деді тәңірге жалбарынып. Кімнің әңгімесі? (Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»20 ұпай)
4. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы. Кімнің өлеңі? (А. Құнанбайұлы 10 ұпай)
5. Оның 300 - ден астам рубайлары бар. Онда ақын өмірдің мәнін уақыттың
тез өтетінін, жақсылық пен ізгілік, надандық пен ғылым іздеу, о дүние
жайлы толғаныстарын жазған. Бұл кім? (Омар Хайям 30 ұпай)
6. «Бірақ анау бұл әйелді осы даладан күнде көріп, әбден көзі үйреніп кеткендей - ақ, бұл жолаушының алыстан арып - ашып келгеніне де мән берген жоқ. Қасында біреу бар ма, жоқ па, неге жылайды - ау, неге күйзеледі - ау деген не, жо - жоқ селт етпейді - ау сабазың» Кімнің романынан үзінді? Ш. Айтматов «Найман – Ана 20ұпай)

Сергіту сәті.
Аутотренинг – өзін - өзі реттеу немесе өзін – өзі сендіру.
Балалар, орындыққа дұрыстап отырып, қолымызды санымызға қоямыз, көзді жұмып, бұлшық етті бос ұстаймыз.
- Мен ыңғайлы орналасамын.
- Ешқайда асықпаймын.
- Ақырын және баппен рақаттанып дем аламын.
- Мен тынышталамын.
- Мен тынышпын, маған өте жақсы.
- Денемнің барлық жері тыныш.
- Қолым босаңсиды.
- Бүкіл денем тыныш.
- Денеме өте жағымды және ыңғайлы, ол дем алады.
- Мен жақсы дем алдым.
- Қолдан, аяқтан бүкіл денемнен ауырлық сезімі арылды.
- Басым дем алған және сергек.
- Өзімді жақсы сезінемін.
- Ақырын көзімді ашамын.

ІІІ. Кім тапқыр? Сатылай кешенді талдау.
І. топ М. Жұмабаевтың «Түркістан»өлеңі
ІІ. топ М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
ІІІ. топ М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы

ІҮ. Кім жылдам?
Бес жолды өлең
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
І. топ Қонақ
ІІ. топ Ән
ІІІ. топ Батыр

Ү. Кім шапшаң? Мақал - мәтелдердің жалғасын табу
«Алғырлар» тобына:
1. Ағаш тамырымен мықты,... (адам дос - жаранымен мықты)
2. Денің сау болса жарлымын деме...( Жолдасың көп болса - жалғызбын деме)
3. Досы көппен сыйлас,...( досы азбен сырлас)
4. Досы көптің жаны семіреді,...( асы көптің тәні семіреді)

«Тапқырлар» тобына:
1. Дос көтерер көңілді,...( Мал көтерер өлімді).
2. Оқусыз күнің жоқ,...(білімсіз күнің жоқ)
3. Оқу - білім бұлағы,... (білім - өмір шырағы)
4. Тіл тас жарады,...(тас жармаса бас жарады)

«Білімділер» тобына:
1. Білекті бірді жығар,...(білімді) мыңды жығар.
2. Қына тасқа бітеді,...(білім басқа бітеді)
3. Туған елдей ел болмас,...(туған жердей жер болмас)
4......., (Білімді өлсе), қағазда аты қалар; ұста өлсе істеген заты қалар.

Үйге тапсырма. Қайталау өткен тақырыптарды.
Оқушылардың білімін бағалау.

Ақмола облысы, Бұланды ауданы,
Алтынды ауылы, Тұрсынбек Кәкішев атындағы
Алтынды орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Искакова Майра Саркеновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 124
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиеттен өткенді қайталау (сайыс сабақ)
Әдебиеттен өткенді қайталау (сайыс сабақ)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Преображенка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ниязбаева Динара Амангелдіқызы
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Абай оқулары
Абай оқулары
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×