Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Сонымен, солай дейік..." ток шоуы

02 желтоқсан 2017, Сенбі
Тақырыбы: "Сонымен, солай дейік..." ток шоуы

Мақсаты: Өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін насихаттау, тілге деген құрметке, сүйіспеншілікке баулу.

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті жамағат! Бүгінгі таңда өз маңызын жоймаған өзекті мәселелердің бірі - тіл мәселесі. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері мен өзіміздің ағайын қазақ жұртының ата тілде сөйлеуге неге сонша бейқам қарайтыны бізді алаңдатады. Сіздердің алдарыңызға "Сонымен, солай дейік..." ток шоуында өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметін көрсету мақсатында "Таңданыңыз! Сабақ алыңыз!" ұранымен келіп тұрмыз!

2 жүргізуші: Тіл - бүкіл халықтың, ұлттық рухани қазынасын сақтайтын асыл қоймасы. Тіл - халық тарихы, тіл - өркениет пен мәдениет, демек әр тіл өз орнында Ұлы! Ұлт тілі - асыл қазына. Сол қазынаны көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп жүрген ата ұрпақтың өкілі - біздерміз.
"Мен қазақпын!" өлеңі, Елемес Бейбарыс, 2 ОПп - 216 тобы

1 жүргізуші: «Анам берген туған тілім, Атам берген құран тілім» дегендей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, қадірлеу әрбір азаматтың парызы деп ойлаймыз.

2 жүргізуші: Сол себепті де әрбір адам ең алдымен өзінен бастап, кейін қоғам болып, соңында мемлекет болып шешуге болатын тіл мәселесін біз қазір алдарыңызда өздеріңізбен бірге ортаға салмақпыз. Бүгінгі студиямыздың қонақтары колледжімізде білім алып жатқан Омельченко Рустам, Холбоева Нозила, Бесчасткина Луиза, Ахмедов Рафаэль, Абен Ару, Иренгаипова Аиза, Нурланов Аңсар және бағдарламаның сарапшылары қоғамтану пәндерінің оқытушысы Усманова Гульжан Қамбарқызы, қазақ тілі және әдебиет пәндерінің оқытушысы Нұрқасымова Алма Бекқазыевна.

1 жүргізуші: Рустам мырза, сіз қазақ тобында оқисыз. Шыны керек, мұны естігенде біз таңқалдық. Сіздің қазақ тобын таңдауға не себеп болды?
2 жүргізуші: Отбасыңызда қай тілге басымдық береді?

1 жүргізуші: Луиза ханым, сіз де қазақ тілін жетік меңгерген азаматшалардың бірісіз. Сіздің араласатын ортадағы достарыңызбен көбіне қай тілде пікір алмасасыз? Сол ортада қазақ тілін қаншалықты насихаттайсыз?

1 жүргізуші: Ару ханым, сіз өзіңізді ұлтыңыздың патриоты деп есептейсіз бе?
- Олай болса, неге орыс тілді топта білім алудасыз? Әлде ата - анаңыздың ықпалы болды ма екен? Сіз жеке тұлғасыз ғой.

2 жүргізуші: Ал, Аңсар мырза, сіз болашағыңызды қай тілмен елестете аласыз? Өйткені сіз де орыс тілді топта білім алудасыз.
1 жүргізуші: Аиза ханым, сіздің ұлтыңыз қазақ, Отаныңыз Қазақстан. Бірақ сіз үшін қазақша сөйлеу неге соншалықты қиын?

2 жүргізуші: Нозила, қателеспесем, сіз өзбек ұлтының өкілісіз. Өзбекстандағы әр мемлекет тұрғыны міндетті түрде өзбек тілінде сөйлеседі. Ал Қазақстандағы қазақ тілінің жағдайы сізді қаншалықты алаңдатады?
- Тіл мәселесін шешуде қандай ұсыныс айта аласыз?

1 жүргізуші: Міне бүгінгі қатысушыларымызбен өткен пікірталас - сұхбаты өте тамаша өтуде. Келесі сөз кезегі бүгінгі кешіміздің сарапшыларына да келіп жетті. Алма ханым, сіз тіл жанашыры, осы отырған жастарды ана тілінде сөйлетуге ат салысып жүрген ұстаздардың бірісіз. Бүгінгі талқыланып отырған мәселе бойынша іздің пікіріңізді естісек. Қазақша білгісі келмейтін қазақ жастарына не айтар едіңіз?

2 жүргізуші: Тіл үйрету тек оқытумен шектелмесе керек. Біздің колледжімізде қазақтың салт - дәстүрін қоса насихаттайтын басқа қандай іс - шаралар өткізілуде?

1 жүргізуші: Екінші сарапшымыз Гүлжан ханым, Тәуелсіздігімізге биылғы жылы 26 жыл болмақ. Сізге, тарихшы ретінде осы өткен жиырма алты жыл ішінде тілімізге қатысты не істелді, жетістігіміз қайсы, кемшілігіміз неде, алда қандай міндеттер тұр деген сұрақ туындап тұр.

2 жүргізуші: «Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы, ол – ақынның білімсіз, бейшарасы» деп жырлаған екен кезінде ұлы Абай. Демек, тіл тазалығы үшін күрес бізге дейін де болған, бүгін де жалғасып отыр. Біз өз мемлекетімізде өз ана тілімізде сөйлесіп, әлемге қазақ тілін паш етейікші, құрметті достар! Сонымен солай дейік, солай болатынына сенейік. Бүгінгі қатысушылардың пікіріне таңданыңыз, сабақ алыңыз!
2 285
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Жас көшбасшы» 3 - 4 сыныптарға арналған танымдық сайысы
«Жас көшбасшы» 3 - 4 сыныптарға арналған танымдық сайысы
Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық
Мәңгілік Ел - Менің Елім
Мәңгілік Ел - Менің Елім
Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын,
Ана тілі – жүрек үні
Ана тілі – жүрек үні
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айманкүл
Тілге құрмет - елге құрмет
Тілге құрмет - елге құрмет
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы, №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектасова Айымжан Дастанбекқызы
Қазақстан
Қазақстан
Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×