Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл үйренейік

12 желтоқсан 2017, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Тіл үйренейік
Қазақ тілі 5 сынып
Білімділігі: Оқушыларды үш тұғырлы тіл аясында білімдерін кеңейту. Қазақ тілінен алған білімдерін басқа тілде де қолдана алу.
Дамытушылық: Өз бетімен әңгіме құруға, ауыз екі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Бір - бірін сыйлауға, тілге деген оның ішінде мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, ізденушілік, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы:
І қадам. Білу.
Оқушылар біздің сабағымыз мынадай бірнеше қадамдардан тұрады
Сұрақтарға жауап береміз үш тілде.
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде не істейміз?
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдері аптасына неше рет болады?
- How many times do you have English lesson?
- What do you do at English lesson?
- Let s start our lesson.

ІІ. Түсіну.
(үй тапсырмасын сұрау)
Қазақтың тұңғыш тілші ғалымдары туралы мағлұматты толтырып жаттап келу болатын. 201 - бет, 4 - тапсырма.

Венн диаграммасы
Қазақ тілі
Ағылшын тілі

ІІІ. Талдау. Грамматикалық тақырыбымыз сын есім, оның алдында сөз мағынасы болғандықтан, мына жерде мақал - мәтелдер жасырылған оларды оқып, антонимдерді тауып, орысша және ағылшынша аудармасын беру.
- Ақылды көргенін айтады
Ақымақ ішкенін айтады
- Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
- Жақсы ұл еліне - бас, жаман ұл – еліне қас.
- Ащы мен тұщыны татқан білер
- Жақын мен алысты жортқан білер
- Оң қолың сол қолыңа арашашы болсын

Ақылды - умный - clever
Ақымақ - глупый - silly
Ұзын - длинный - long
Қысқа - короткий - short
Жақсы - хороший - good
Жаман - плохой - bad
Ащы - горький - bitter
Тәтті - сладкий - sweet
Жақын - близкий - close
Алыс – далеко – far a way
Оң - правый - right
Сол левый – left

Сергіту сәті
Сергіту сәті көңілді күн.

IV. Жинақтау
Қазір оқушылар карточкаларды өздеріне таңдайды. Келесі бетіндегі сөздермен диалог немесе әңгіме құрастыру керек. Үш тілде.
Табиғат, мысық, ит, спорт, Отан, Қостанай.

Ойын «Фонетикалық тамшылар»
Әріптерге дыбыстық талдау жасау.

V. Қолдану.
Мен сендерге үш сөз жасырамын. Дүкенде, Дәрігердің қаралуында, аялдамада. Осы сөздерге тез арада диалог құру керек (дайындыққа 2 мин)

Тест жұмысы.

Жеке оқушымен жұмыс түрі
Жақсы, жаман, қызыл, ақ сөздерімен сөз тіркестерін құрастыр.

Семантикалық карта толтыру
Сын есімнің шырайларын қайталау

Сабақты қорытындылау
1. Қазақ тілі сабағында не істейміз?
2. Қазақ тілі сендерге ұнайды ма?
3. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар кімдер?
4. Қазақ тілінде мақал - мәтел білесіңдер ме?

Үйге тапсырма аламыз.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл деген тақырыпта эссе жазу.
VI. Баға беру.
Сабақта ат салысқан оқушыларға баға қою.

Мұғалімі: Ибраева М. Д.

Тіл үйренейік. жүктеу
1 940
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
My favourite food
My favourite food
Оқушылардың ойлау қабілетін, еркін сөйлеуін дамыту. Оқушыларды топпен жұмыс жасауға, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Visiting big cities
Visiting big cities
Ағылшын тілінен слайд
Animals. Жануарлар
Animals. Жануарлар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың жануарлар, олардың атаулары жайында ағылшын тілінде алған білім, білік дағдыларын тереңдету.
Where are you from?
Where are you from?
Мақсаты: Етістіктің осы шағын грамматикалық тұрғыдан қолдана білу біліктілігін дамыту.
I want to be a teacher
I want to be a teacher
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Маржан Робан
English is my favourite subject
English is my favourite subject
Шығыс Қазақстан обылсы, Аягөз қаласы, № 6 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатпен КММ ағылшын тілі мұғалімі Жанатаева Серікқайша Байжақанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×