Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің қонақтарым

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің қонақтарым
Сабақтың мақсаты
• А) білімділік: Оқушыларға «Менің қонақтарым» мәтіні жайлы мәлімет беру, жаңа сөздермен сөйлем құрауға және сөз тіркестерін құрастыруға үйрету, жаттығу жұмыстары арқылы ұғым - түсініктерін, білім дағдыларын қалыптастыру
• Б) тәрбиелік: Адамгершілікке,, сауаттылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, таза әрі әдемі жазуға, сыйластыққа, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу
• В) дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, сөздік қорын тіл байлығын,
• танымдық белсенділігін арттыру, лексикалық тақырып бойынша қарым - қатынас жасай алуға машықтандыру;
Сабақтың түрі:
Сабақтың типі:
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып оқушыларымен амандасу
2. Сынып тазалығын қадағалау
3. Сынып оқушыларын түгендеу
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Достарына қандай сыйлық сыйлайтыны туралы әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
- Сыйлықты біз қай кезде жасаймыз?
- Сыйлықты кімдерге береміз?
- Сыйлықты қай кезде алғанды ұнатасың?
- Кімдерді шақырасың?
- Қонақтарды

- Жарайсыңдар, ендеше біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы - Менің қонақтарым
- Қонақтарды қалай күтеміз?
- Қонақтар бізге не береді?
Мәтінмен таныс болмас бұрын сөздікпен жұмыс жүргіземіз
Қонақ - гость
Сыныптас - одноклассник
Көрші - сосед
Келді - пришел
Сөздіктерді пайдалана отырып, сөз тіркесін, сөйлемдер құрастырту
Мәтінмен жұмыс
Бүгін - менің туған күнім. Менің туған күніме көп қонақ келді. Олар: атам, әжем, көршілер, достарым, сыныптастарым. Атам мен әжем компьютер сыйлады. Мен рахмет айттым.
1. Мәтінді оқиды, аударады
2. Мәтіннен тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді таптыру
Жазылым: 2 - тапсырма. Төменде берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру

Сөйлесім: Диалогті досыңмен оқы
- Сәлем Марат!
- Сәлем Вадим!
- Бүгін қай күні?
- Бүгін 3 - мамыр
- Сен қайда барасың?
- Мен қонаққа барамын
- Кімге қонаққа барасың?
- Сергейге қонаққа барасың?
- Кіммен барасың?
- Досыммен барамын
- Досыңның аты кім?
- Досымның аты - Асқар
- Бүгін кімнің туған күні?
- Бүгін – Сергейдің туған күні
- Сен не сыйлайсың?
- Мен кітап сыйлаймын
- Сау бол, Марат!
- Сау бол, Вадим!
2 - жаттығу. Жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін жалғап, сөйлемдерді көшіріп жазу.

1. Анам дастарқан... (- ға,- ге) бауырсақ, қуырдақ қойды. 2. Дастарқан... (- да,
- де) дәмді тағамдар бар. 3. Қонақ төр... (- ға,- ге) отырды. 4. Мен досым.....
(- ды,- ді) үйге шақырдым. 5. Анар дастарқан.... (- нан,- нен) кәмпит алып жеді.

Бекіту
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айту
І топ
Дастарханның басында,
Әдептен біз озбаймыз
Үлкендердің қасында,
Қолды бұрын созбаймыз
ІІ топ
Тамақ ішер кезде енді,
Сөйлемейміз, күлмейміз
Астан басқа өзгені
Елемейміз, білмейміз.
ІІІ топ
Әжем келген ауылдан,
Әкелгенді алуан дән
Дастарханда тұр жайнап,
Жент, бауырсақ, құрт қаймақ
Топтық тапсырма: Суретте не көріп тұрсыңдар? Осы туралы әңгімелеңдер

Сөздердің сыңарын тауып, белгіле.
дәмді дастарқан
тәтті бауырсақ
берекелі халық
жақсы кәмпит
қонақжай қонақ

Сабақты бекіту
Жасы кішілер дастархан басына үлкен адамдар отырып болғанша күте тұруы керек;
Тамаққа үлкендерден бұрын кірісуге болмайды;
Дастархан басында өзгелердің тәбетін бұзатын қылық жасама;
Тамақ ішер сәтте столға тақалмай отырған жөн:
Тамақ ішіп болған соң, аузың мен қолыңды майлықпен сүрту керек;
Дәмді тағам үшін алғыс айтуды ұмытпа!

ІІ топ
Нанды үгітпе, қабығымен бәрін же;
Дастархан басында сөйлеме
Асты жамандамайды
Дастархан үстінде әдепсіз сөйлемейді

ІІІ топ
Ас - адамның арқауы
Тату үйдің тамағы тәтті
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды
Жаманнан жарты қасық ас қалар
Қонақ келсе, құт келер

Үйге тапсырма:
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндау
Қонақты қай кезде күтесіңдер? сол туралы әңгіме жазып келу.
3 406
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс төңірегінде сөйлей білуге үйрету, сөз тіркестерін сөйлемдерде қолдана білуге машықтандыру, алған білімдерін нығайту, өтілген тақырыптарды қайталай отырып, бала білімін жетілдіру.
Менің қонақтарым
Менің қонақтарым
Сабақтың мақсаты: А) білімділік: Оқушыларға «Менің қонақтарым» мәтіні жайлы мәлімет беру, жаңа сөздермен сөйлем құрауға және сөз тіркестерін құрастыруға үйрету, жаттығу жұмыстары арқылы ұғым - түсініктерін, білім дағдыларын қалыптастыру
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т. б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×