Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Меңгеру байланысына жаттығулар жұмысы

04 қаңтар 2013, Жұма
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесі
М.Әуезов атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
Досанова Гулзар

Сабақтың тақырыбы: Меңгеру байланысына жаттығулар жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесінің меңгеріле байланысу жолы туралы білімдерін нақтылап, бекіту.
Дамытушылық: Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, сергек ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру, қолданып, жүйелеу, СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, интерактивті тақта, флипчарт, Венн диаграммасы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, сабағымызды Абайдың ғибратты сөзін еске түсіруден бастасақ деп отырмын.
Отыз бірінші сөз
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрат алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
- Мінекей, осындай ғибратты сөзді әрдайым жадымызда берік сақтай отырып, біз бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Көркем шығармадан меңгеру байланысына 10 мысал жазу.

ІІІ. Қызығушылықты ояту
1. Синтаксис дегеніміз не? Қандай мағынаны білдіреді?
2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
3. Сөз тіркесінің айрықша белгілері қандай?
4. Сөз тіркесінің сыңарларын ата.
5. Сөз тіркесінің түрлері қалай анықталады?
Топтастыру қиысу
жалғаулар арқылы
матасу меңгеру
орын тәртібі арқылы
шылаулар арқылы

интонация арқылы жанасу қабысу

Графикалық диктант
Қиысу дегеніміз ---------------
Матасу дегеніміз -------------
Меңгеру дегеніміз -----------

ІV. Мағынаны тану
1. Семантикалық карта
Сөз тіркесінің екінші сыңарын тауып, байланысу түрін анықтау
№ Мысалдар -----барамыз------маржан------жазушысы-------оқиды------сақтау-----көзі------үй
1. халық
2. денсаулықты
3. біз
4. Айман
5. күннің
6. білгенге
7. біздің

2.Сәйкестендіру тапсырмасы
Кемеге міну -------- қиысу
Менің арманым -------- меңгеру
Марат айтты ---------- матасу
Анаммен сөйлестім --------- қиысу
Ол келмек -------- матасу
Ақын тойы -------- меңгеру

3.Оқулықпен жұмыс
255- жаттығу Әр сөйлемнің бір-бірінен ара-жігін ажыратыңыздар, тыныс белгісін қойып көшіріңіздер. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің әрбір сыңарына ауызша талдау жүргізіңіздер.

4. «Галереяны аралау» стратегиясы
Жұппен жұмыс
Екі оқушыдан шығып, сөздердің байланысу түрлеріне сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар жазып, байланысу түрін ауызша анықтайды.

№ Байланысу түрі 1-оқушы 2-оқушы
1 Қиысу
2 Матасу
3 Меңгеру
Венн диаграммасы
Матасу Меңгеру

V. Ой толғау
«Мен – сөз тіркесімін» эссе жазу

Тест жұмысы
1. Сөздердің байланысу түрлері нешеу?
а) 2
ә) 4
б) 3
в) 5
2. Сөз тіркесін көрсет
а) қызыл күрең
ә) мөлдір су
б) ұшып тұрды
в) тіс жармады
3. Есімді тіркесті көрсет
а) жоғары ұшу
ә) біз оқимыз
б) таудай талап
в) өзенге шомылу
4. Етістікті тіркесті көрсет
а) балаша қуану
ә) он оқушы
б) сөзге сараң
в) әдемі қыз
5. Қиыса байланысқан сөздерді тап
а) жаңа қоныс
ә) көлікпен бару
б) сегізінші сынып
в) олар айтады
6. Матаса байланысқан сөздерді тап
а) бүгін келу
ә) балаша қуану
б) оқуға құмар
в) анамның тілегі
7. Меңгеріле байланысқан сөздерді тап
а) он оқушы
ә) бормен жазу
б) әдейі жіберу
в) биыл бітіру
8. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу?
а) 5
ә) 4
б) 3
в) 2
9. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз
а) бекерге қиналу
ә) жиналыстан кейін келді
б) оның жоспары
в) дәл өзі
10. Сөйлемдегі меңгеріле байланысқан тіркес қайсы?
Сол сияқты нағыз шиеленіс шегіне жеткен жауынгерлердің бойына сабыр, қайрат қайтып оралды.
а) сабыр, қайрат оралды
ә) нағыз шиеленіс
б) шегіне жеткен
в) жауынгерлердің бойына

VІ. Сабақты қорытындылау
- Бүгінгі сабақта не үйрендім, не білдім?
Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле.
Ж. Баласағұни
VІІ. Үйге тапсырма беру
256 - жаттығу
Мәтіннен меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, әр сыңарына талдау жүргізу.
VІІІ. Білімді бағалау
16 209
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қара сөз»
Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қара сөз»
Жалпы білім беретін № 36 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. К. Урымбасарова
Абай жаққан бір сәуле
Абай жаққан бір сәуле
Көкпекті ауданы, Бастаушы ауылы, Абай атындағы орта мектебі КММ Байкубинова Р. К.
Морфологиядан өткенді қайталау
Морфологиядан өткенді қайталау
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тоганакова Рабига Сулейменовна
Матасу
Матасу
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×