Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қара сөз»

08 қаңтар 2015, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қара сөз»
Сабақтың мақсаты: Қара сөз туралы жалпы мәлімет ала отырып, ақынның қара сөз жазудағы мақсатын түсіну. Жиырма тоғызыншы қара сөзінің мазмұнымен таныса отырып, ақынның айтар ойын анықтау.
Қара сөздің идеясы арқылы оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, адами құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;
Дүниетаным қабілеті жоғары, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін жеке тұлға қалыптастыру.
Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту
Күтілетін нәтиже: Қара сөздің мәнін түсінеді; басты идеясын анықтайды;
Қара сөздерінде айтылған пікіріне байланысты өз ойларын айта алады;
Бірінші қара сөзбен, отыз бірінші қара сөзбен байланыстыра отырып, ақын мақсатын анықтайды.
Пікір алмасады, өзінің пікірін қорғап, бағалауға, өзгенің пікірін құрметтеуге, әдеппен тыңдауға үйренеді.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: «Қораптағы сұрақтар» әдісі, топтық жұмыс, «Жұбыңды
тап», «Айналмалы үштік ойыны» әдісі
Керекті жабдықтар: Абайдың портреті, тапсырмалар жазылған слайдтар, бағалау парақшалары, оқулық, флипчарттар, маркерлер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
«Ыстық алақан» сергіту сәті
Оқушылар бір - біріне қарама - қарсы тұрып, алақандарын алақандарына қойып, бір - біріне тілек айтады.

«Жұбыңды тап» әдісімен өлең жолдарын құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
Мақсаты – оқушыларды бірлесіп, ынтымақтастықпен жұмыла жұмыс істеуге, оқушыларды топта жұмыс жасай алуға, өз пікірлері мен болжамдарын қорғай алуға үйрету.
ІІ. Үй тапсырмасы.
«Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін жатқа сұрау.
ІІІ. Қайталау, еске түсіру кезеңі.

“Қораптағы сұрақтар” әдісі арқылы Абай туралы білгендерін еске түсіру үшін сұрақтар қойылады.
1. Абай кім?
2. Абай кімді сынады?
3. Не үшін сынады?
4. Осы тақырыпта жазылған ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық
Топтық жұмыс
1. Интерактивті тақтада берілген Абайдың «Бірінші қара сөзін» оқып шығады. Қара сөз жазудағы ақын мақсатын анықтайды.
Мақсаты - оқушылардың өздігінен ой қорыта білу дағдысын жетілдіру.

2. Интерактивті тақтадан төменде берілген сұрақ бойынша 6 - сыныпта өткенді еске түсіріп, Абай сөзімен жауап береді.
1. Абайдың пікірінше, естіген нәрсені ұмытпау үшін не керек?
«Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек.
2. Ой кеселдеріне не жатады?
Ой кеселдеріне уайымсыздық, салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу.
3. Одан құтылудың қандай жолдарын көрсетеді?
Егер кез болып қалса, салынбау керек. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер».

Ү. Жаңа сабақ. «Ауыспалы үштік ойыны» әдісі. Жиырма тоғызыншы қара сөзді оқып, мазмұнымен танысу, одан соң түсінгенін топта талқылау.
Мақсаты - бірін - бірі оқыту, қолдау көрсетіп, оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, өз бетімен білім алу дағдысын қалыптастыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 447
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Қара сөздер. Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі
Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре - көре келдік.
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 мектептің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×