Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Матасу

09 ақпан 2012, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: сөз тіркесінің матаса байланысу жолын түсіндіру, оларды сөйлем ішінен табуға үйрету
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдеби тілде көркем сөйлеуге, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сөздік жұмыс
Сабағымызда кездесетін қиын сөздермен танысыңдар
Әуелгі - алғашқы, бірінші
Ғибрат - үлгі, өнеге
Игілік - жақсылық
Бүгінгі сабағымыздың айдарымен танысайық. ( Абайдың отыз бірінші қарасөзінен)
Естіген нәрсені ұмытпауға төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрат алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселдерінен қашық болу керек.
Барлығымыз ойымызды жинақтап, сабағымызды бастайық (2слайд)

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. 240 - жаттығу мәтінді түсініп оқып, оның ішінен 5 қиыса байланысқан сөздерді теріп жазу, үлестірме қағаздар тарату
1. Семантикалық карта(3слайд)
2. Графикалық диктант(4слайд)
1.
Сөздер........ Мен....... Сен....... Біз....... Сіздер....... Айман
көрдіңіздер
Естісек
келдім
ойлан
оқыған

2.
мен
Ажар
сен
сіз
біз
үйренді....... жазсаң........ білгенмін........ барайық...... отырсаңыз

2. Өткен материалдар бойынша сұрақтар
1. Синтаксис нені зерттейді?
2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
3. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.
4. Есімді, етістікті тіркес дегеніміз не?
5. Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ата.
6. Қиысу дегеніміз не?(5слайд)

ІІІ Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Жаңа сабағымыздың тақырыбы матасу
Бүгін сабақта сендер сөз байланысуының бір түрі матасумен танысып, оны сөйлем ішінен ажырата алуға үйренесіңдер.
Кіршіксіз таза сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ананың тілі - ардақты
Аманат, саған, аманат.

(Қазақтың тілі; ананың тілі ) (6слайд)
Бірінші зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі немесе матасу деп атаймыз.(7)
Матаса байланысқан сөздердің бірінші кейде екінші компоненттері түсіп қалып айтыла береді.(8)

Ілік септік жалғауынсыз.
Ақын(ның) өлеңдері
Ауыл(дың) тұрғандары

Тәуелдік жалғаусыз
Көше (нің) шамдар
Біздің сынып(ымыз)
Өзіміздің балалар(ымыз)
Сіздің үй(іңіз)
Матасу - есімді сөз тіркес өйткені оның басыңқы сыңары зат есім немесе тәуелдік жалғау жалғанып заттанған сөз болады.
оқушының кітабы, баланың жақсысы, атаның айтқаны Жақсы – сын есім, айтқан – есімше екеуі де тәуелдік жалғауы жалғанып заттанып тұр.

Сөз тіркесінің құрамына қарай талдау (8 слайд)
1. [Сөз +ілік септік жалғауы сөз+ тәуелдік жалғау ]
2. Есімді сөз тіркесі себебі
3. Матасу себебі
4. Дара сөз тіркесі себебі
5. Байланысу тәсілі жалғау арқылы себебі

ІV Сабақты меңгерту
Оқулықпен жұмыс
1. 244 - жаттығу Мәтінді оқыту матаса байланысқан сөздерді тауып дәптерге жазып алыңдар.
Бірінші сөйлемге морфологиялық талдау жасау.
Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау
Кітабы сөзіне фонетикалық талдау жасау

Өзіндік жұмыс
2. Сызба бойынша матаса байланысқан сөз тіркесін құрау (11 слайд)
Зат есім+ зат есім
Сын есім+ зат есім
Сан есім + зат есім
Есімдік +зат есім
Үстеу+ зат есім

Шығармашылық жұмыс
РАФТ әдісімен ойтолғау жазу (12 слайд)
Р - тіл жанашырлары
А - халық
Ф - үндеу
Т - ана тіліміздің қоғамдағы рөлі
Шығармаларын оқытып, ішінен матасуды табу.
Топтық жұмыс (13, 14, 15слайд)

Диктант (Мәтіннің ішінен матаса байланысқан сөздерді табыңдар) (16 слайд)
Қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.

V Сабақты қорыту
Венн диаграммасы (17слайд)
Қиысу.................... Матасу
Матасу дегеніміз не?
Мысал келтір
VІ Үйге тапсырма 249 - жаттығу мәтіннен матаса байланысқан 5 сөз тіркесін жазып, сөз құрамына талдап келу (18 слайд)
VІІ Бағалау
9 646
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қара сөз»
Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қара сөз»
Жалпы білім беретін № 36 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. К. Урымбасарова
Абай жаққан бір сәуле
Абай жаққан бір сәуле
Көкпекті ауданы, Бастаушы ауылы, Абай атындағы орта мектебі КММ Байкубинова Р. К.
Меңгеру байланысына жаттығулар жұмысы
Меңгеру байланысына жаттығулар жұмысы
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесі, М.Әуезов атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Досанова Гулзар
Морфологиядан өткенді қайталау
Морфологиядан өткенді қайталау
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тоганакова Рабига Сулейменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×