Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі

22 наурыз 2018, Бейсенбі
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі.
8 сынып.
Мақсаты:
а) білімділік: «Батыр Баян» поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру;
ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөз астарына үңіліп мағынаны түсіндіру, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға үйрету;
б) тәрбиелік: Туған жерге деген сезімдерін қалыптастыра отырып, сүйіспеншілігін арттыру, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ - жауап
Пәнаралақ байланыс: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы
Көрнекілігі: Слайд, топшама

Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушыларды түгендеймін;
- Сабаққа дайындығын тексеремін.
Оқушыларды батырлық тақырыбына байланысты мақал - мәтелдер арқылы 3 топқа бөлемін.
Оқушылардан «Батыр Баян» поэмасының мазмұнын сұрап, құрылысына қарай талдатамын.

І. Шығарманың басталуы
«Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл - күй сезімін толғаудан басталады.
Жүрегім мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да, - деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек - кесек ой ағытады.

ІІ. Шығарманың дамуы
Ақын бұл жерде Баянды Абылай ханның сүйікті батыры, қалың жолға қаймықпай барар жолбарысы дей отырып, «сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей» деген теңеулер арқылы ханның батырға деген ерекше ілтипатын көрсетеді.

ІІІ. Шығарманың шиеленісуі
Ақын бұл жерде қалмақ қызының сұмдығы мен жас Ноянның ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат үшін елінен безген, Отанын сатқан, сатқындық пен жексұрындықты Ноян бойына жинақтайды.
IV. Шығарманың шарықтау шегі
Баян ішкі могологы арқылы өзінің іс - әрекетән саралайды. Ойы екіге бөлінеді. Бірі – айыптайды, екіншісі – ақтайды.
VI. Шығарманың шешімі
Баянның ерлік қылықтары, іс - әрекеті баяндалады. Баян бұл жерде өзінің кінәсінан арылу үшін Ноян мен қалмақ қызын есіне алып, ауыр дерттен арылмақ болып, Абылайға келеді. Ордаға жақындағанда топ «Баяндап» қарсы алады. Бұл батырға көрсетілген ерекше құрмет.
(Шығармадан әсер алған жерлері бойынша салған суреттерін қорғайды).
Оқушыларға шығарма бойынша жалпы сұрақтар қойылады.
1. Поэма ұнады ма?
2. Поэманың таңқалдырған тұсы.
3. Шығармада қандай тарихи тұлғалар кездеседі?
4. Абылай хан туралы не білеміз?
Оқушылар шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы постер қорғайды.
Баян – намысшыл, қайратты, әділ, елін, жерін сыртқы жаудан қорғайтын батыр, қайсар, өжет.
Ноян – сатқын, қорқақ, Отанына жаны ашымайтын ез, алаш жұртының намысын таптаушы.

Шығармадағы жанама кейіпкерлерге мінездеме беру
Кинодан үзінді көрсетіліп, оқушыларға сұрақ қойылады (Баянның Ноян мен қалмақ қызын өлтірген тұсы).
Сұрақ: Сен Баянның орнында болсаң не істер едің? (Баянның жан күйзелісі)

Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. жүктеу
9 639
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Батыр Баян - батырлық баян
Батыр Баян - батырлық баян
Поэмамен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға баға бергізу.
Батыр Баян - қазақ поэзиясының Оқжетпестей биігі, қымбат та асыл мұрасы
Батыр Баян - қазақ поэзиясының Оқжетпестей биігі, қымбат та асыл мұрасы
Поэмадағы Абылай, Баян, Ноян бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдап, оларға екі түрлі көзқараста баға бергізу
Батыр Баян поэмасы
Батыр Баян поэмасы
«Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева Асемкул Жумадиллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×