Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Батыр Баян - қазақ поэзиясының Оқжетпестей биігі, қымбат та асыл мұрасы

31 қаңтар 2018, Сәрсенбі
Батыр Баян - қазақ поэзиясының Оқжетпестей биігі, қымбат та асыл мұрасы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Поэмадағы Абылай, Баян, Ноян бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдап, оларға екі түрлі көзқараста баға бергізу.
ә) ой, тіл еркіндігіне баулу.
б) образ түрлерін белгілеудің бірнеше факторларын меңгерту арқылы батыр Баян бейнесін ашу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз отанын сүйе білуге, ұлтын мақтан етуге, ақынның асқақ тұлғасы мен бай шығармашылықтарына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін ояту, адамгершілік қағидаларын өмірлік ұстаным етіп, ерлікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өз пікірлерін ортаға салу, іздену арқылы логикалық ойлау
қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өзінше ой түюге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Әдеби ой талқы сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Алдын - ала тапсырма беру арқылы
оқушылардың танымдық ізденіс - қызметі ұйымдастыру, мақсатты мәтіндік талдау, монологтық баяндау, ғылыми - теориялық талдау.
Сабақ көрнекілігі: Абылай, Баян, Ноян бейнелерінің суреттері, Мағжан портреті, түрлі пікірлер жазылған қағидалы сөздер “Батыр Баян” поэмасына топтама суреттер, М. Жұмабаев шығармалар жинағы, Абылай хан туралы жазылған шығармалар мен ғалымдардың зерттеу еңбектері. Мағжан, Абылай, Баян батыр жайлы жазылған пікірлер, тірек – сызба.
Поэма сөздерінің әуезділігі.
- Мағжанға тән нәзік сыры, жұмсақ, сүйкімді үні.
- Поэманың тарихи сипаты, аңыздық бояуы.
- Ұлт - азаттық күрес, халықтан шыққан батырлар.
- Романтикалық шешім, асқақ рух, өршіл үн.
«Баянның іздері мәңгілік халыққа сәуле боп тарайды…»

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
а) Өтілген сабақтың тақырыбын және мақсатын түсіндіру.
ә) Қызығушылығын ояту
Кіріспе: /мұғалім сөзі/
- Балалар, біз XX ғасырдың басындағы қазақ позициясының хаңтәнірі, ақындар плеядосының “таңшолпаны” Мағжанның
“Батыр Баян” поэмасымен танысып өттік. Яғни XVIII ғасыр қазақ тарихындағы ел тағдыры сынға түскен түйінді кезең. Бұл - ата мекенді жат жерлік басқыншылардан азат ету жолындағы Отан соғысында Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай түйілген батыр бабаларымыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарихи беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді. Иә, тарих ғибрат. Тарих - халық рухына қуат беруші күш. Елдік тарихымыздың қаһармандық беттері күні кешеге дейін көріне көзге көлегейленіп келді емес пе?
Поэма сюжеті XVIII ғ. қазақ - қалмақ арасындағы аласапыран, қиын қыстау күрделі заманды бейнелеп, ұлт азаттығы, халық бостандығы жолында жан аямай күрескен, тарихта болған Баяндай батырдың басына құрылады.
Сондықтан Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі ауыр міндет жүктеп, олардың алдына Абылай хан мен Батыр Баянды, Абылай ханды идеал етіп ұсынады. Олардың елдік, ерлік, даналық, адамдық істерін санада, жүректе жаңғыртады.
Мінеки, сондықтан бүгінгі сабағымызда “Батыр Баян” поэмасында кездесетін образдарға сипаттама беру.
Ендеше Батыр Баян қандай бейне? атты әдеби - ой талқы сабағымыздың бірінші сауалы өздеріңде.

II. Жалпы сыныптық тапсырма
a) Поэма сюжетіне арқау болған оқиғаны баяндау.
ә) Сұрақ - жауап /үй тапсырмасы/

Батыр Баян - қазақ поэзиясының Оқжетпестей биігі, қымбат та асыл мұрасы. жүктеу
19 533
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Батыр Баян поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру;
Батыр Баян - батырлық баян
Батыр Баян - батырлық баян
Поэмамен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға баға бергізу.
Поэмадағы Батыр Баян бейнесі
Поэмадағы Батыр Баян бейнесі
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын өз бетінше ізденіп отыруға, поэманы түсінуге және талдай білуге қалыптастыру. Тарихи деректер мен поэма мазмұнын астастыра отырып, Баян бейнесін аша білуге үйрету;
Батыр Баян поэмасы
Батыр Баян поэмасы
«Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева Асемкул Жумадиллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×