Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен 8 - сыныпқа арналған емтихан билеттері

13 сәуір 2018, Жұма
Қазақ тілінен 8 - сыныпқа арналған емтихан билеттері
1 - билет
1. Әдеби тілдің грамматикалық нормалары
2. Мәтінде берілген нақыл сөзді кім айтқанын анықта да, оны автор сөзінен тыныс белгілері арқылы бөліп жаз.
Тіл жөнінде Ғ. Мұстафин Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой. Ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғары қасиеті дейді.

2 - билет
1. Сөйлем. Сөйлем түрлері.
2. Мәтінді оқып шығып, сөйлемдерді түріне ажыратыңдар.
Қойлар жүрісті азайтты. Бірақ боран да, жел де, аяз да бәсеңдемеді. Көкек айы қаңтарға айналып кетті. Күн сайын бір көрпе төселгендей жер беті қалыңдай берді. Қойлар қораға қарай төстерімен жүзе жылжиды. Отамалық әрең жүріп келеді. Бір жағынан ажалдай ұйқы қысады. Ендігі ұйқы ажал екенін далада тұрғандардың бәрі біледі. Айнала жарық болған кезде ғана ол өзіне - өзі келгендей. Жарық бұған аздап жан беріп, тірілткендей, жарық та үлкен сүйеу екен ғой. Енді жел қанша үріп шәуілдегенмен, тобыр тұралап қалыпты. (Т. Жар.)

3 – билет
1. Сөйлем мүшелері.
2. Баяндауыштарын тиянақты етіп, сөйлемді салыстыра байланыстыр.
Бірде ұрыса отырып, бірде ақыл айтып, екеуін де кінәлі қылды (М. М.)

4 – билет
1. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен баяндауыш.
2. Себеп - салдар салаласты себеп бағыныңқылы сабақтасқа айналдырып жаз.
Білім алу жолындағы табандылықтан артық іс жоқ, себебі ілім кісіні ізет пен абыройға жеткізетін құрал болып табылады. (Ә. Нұрш.)

5 – билет
1. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.
2. Құрмаластың түрін тап та, тыныс белгісін дұрыс қой.
Ақбозға сол күні өмірімде бітпеген шабыс пайда болған сияқтанды төрт тұяғымен жердің топырағын уыстай аспанға атып зымырағанда көлденеңнен көзі түскен жұрт оны ұшып барады екен деп ойлайды. (С. М.)

6 – билет
1. Тұрлаусыз мүшелер.
2. Құрмаластың түрін тап та, тыныс белгісін дұрыс қой.
Абай мен Ербол жастары үлкен болса да бұл өңірде қыс жүріп көрмегендіктен жол бастауды Шәкеге тапсырады. (М. Ә.)

7 – билет
1. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері.
2. Сөйлемді құрылымына қарай талда.
Адамгершілік адамның жүріс - тұрысы мен отырысынан да көрініп тұрады.

8 – билет
1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
2. Сөйлемді құрылымына қарай талда.
Бүгін төңіректе ешбір өзгеріс жоқ..
9 – билет
1. Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
2. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді тауып, қандай сұрақтарға жауап беретінін, қай сөз таптарынан екенін және қандай тұлғада тұрғанын талда.
Құрғақ жер жазықты, ойпатты, қыратты, таулы болатыны мәлім.

10 - билет
1. Оқшау сөздер
2. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғытып келеді.

11 - билет
1. Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлем түрлері.
2. Айқындауыш түрін тап және қандай сөйлем мүшелерін айқындап тұрғанын анықта.
Тобықтың ішіне ең алғаш келген арбаны осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады.

12 – билет
1. Салалас құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем түрлері.
2. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылу жағдайын түсіндір.
Біздің елдің киесі, пірі - қызыл шұбар жолбарыс.

13 – билет
1. Ыңғайлас салалас.
2. Сөйлемді құрылымына қарай талда.
Қуанышымда шек болмады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 005
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен мемлекеттік емтихан билеттері (9 - сынып орыс сыныптарында)
Қазақ тілінен мемлекеттік емтихан билеттері (9 - сынып орыс сыныптарында)
Қазақ тілінен мемлекеттік емтихан билеттері (9 - сынып орыс сыныптарында)
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып №1 билет 1. Сын есімнің шырайлары
5 - 6 - 7 - сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша сынақ тапсырмалары
5 - 6 - 7 - сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша сынақ тапсырмалары
5 - 6 - 7 - сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша сынақ тапсырмалары. 1 - билет 1. Сұраулы сөйлем. Жасалу жолдары. 2. Шылаудың түрлері 3. Мына шылауларды қатыстырып сөйлем құра. Туралы, біресе, немесе
1 сыныпқа арналған ана тілінен тест сұрақтары
1 сыныпқа арналған ана тілінен тест сұрақтары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Джумабекова Маруза
Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері (6-сынып)
Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері (6-сынып)
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×