Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім

18 шілде 2018, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Жаңа сабақ
Жүргізуші: Құрметті тыңдаушылар, қонақтар, әріптестер! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 26 жыл болды. Сіздерді Тәуелсіз мерекесімен құттықтаймын өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын дей отырып «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» атты іс - шарамызды бастаймыз.
Жүргізуші: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.
Мультимедиялық тақтадан Президент қалай сайланғаны және Тәуелсіздігімізді қалай алғанымыз туралы бейнежазба көрсетіледі.
Жүргізуші: Ой қозғау:«Сөзден сөз туады»(Составить слова с буквами которые есть в слове)
“Тәуелсіздік”

Мысалы: ел - страна, сіз - вы, тәуелді - зависимый, әуе - воздух, із - след, тез - быстро, екі - два, іс - дело, елу - пятьдесят, ту - флаг, су - вода
Оқылым.
Тәуелсіз Қазақстан

Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан Мемлекеті. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
Елтаңбамызды, Туымызды, Әнұранымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.
Туған жерімізде талай - талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату - тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.
Біздің ұранымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың бірлігін сақтау - әрбір азаматтың борышы.

1. Мәтінді оқи отырып, өзіңіз сөздік құраңыз (кемінде 10 сөз).
2. Сөзжұмбақ шешу
СӨЗЖҰМБАҚ
1. Қыстың бірінші айы
2. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен... тербетеді
3. Жаңадан көшіп келген көршіге берілетін тамақ
4. Қазақстан... мемлекет
5. Мемлекеттік рәміз
6. Туған жердей жер..., туған елдей, ел...
7. Свобода сөзінің аудармасы
8. Айдың аты
9. Басқа елдің адамдары...
10. Единство сөзінің аудармасы
11. Қазақстан басқа елдермен

Сергіту сәті. Әріптермен сөз құрап жазыңыз.

А Т А С А Н
Қ З А Н Қ Т А С А
М Л Т Е К М Е Е
А Х Ы Қ Л
Т У Е Ә З Л І С
Е Б І Ш І К Л Й Б Т І
Берілген сөз тіркестерін аударыңыз және екі жай сөйлем құрастырыңыз.
Родная земля, все народы, единство народов, ООН.

Мәтін бойынша мына сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанды қанша ел таныды?
- Әрбір азаматтың борышы не?
- Қай жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты?
- Қазақ тіліне не берілді?

Мәтінді пайдалана отырып, мына сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтаңыз.

Қорытынды:
1. Еліміз тәуелсіздігін қашан алды?
2. Тәуелсіздіктің қандай белгілерін білесіздер?
3. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз?
4. Қазақстанның ең үлкен жетістігі туралы не білесіздер?

Жүргізуші: Қазіргі таңда Қазақстан - өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында.
«Біз кімбіз?»( таңбалау)
Қ – Біз тәуелсіз елдің жастарымыз
А - Біз ел қорғаушымыз
З – Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
А - Біз заңдарды қорғайтын ұландармыз
Қ - Біз болашаққа сеніммен қарайтын
С - Біз өз жолын анықтай алатын азаматпыз
Т - Біз бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген,
А - Біз білімге, адамгершілікке құштар
Н - Біз салауатты өмір салтын сақтайтын жастармыз
«Қазақ елі» әні орындалады
Тәуелсіздік мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.

Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Маширова Анар Қалымжанқызы

Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім. жүктеу
14 045
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Өсер ұлдың қай сәтте де, Бірлік болмақ қалауы, Лаула - лаула желтоқсанның Мұзға жанған алауы.
Тәуелсіз елім - туған жерім
Тәуелсіз елім - туған жерім
Астана қаласы, №10 «Бөбек» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі: Аяпбергенова Ботакөз Сагындыковна
Тәуелсіздік – тірегіміз
Тәуелсіздік – тірегіміз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Тәуелсіздігім азаттығым, бақ күнім
Тәуелсіздігім азаттығым, бақ күнім
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы Рудныйәлеуметтік - гуманитарлық колледжінің психология пәнінің оқытушысы Жайлаубаева Индира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×