Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз өлеңі Абай Құнанбаев

06 қазан 2018, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: «Күз» Абай Құнанбаев
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қара сөздерімен таныстыру.
2. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.
3. Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: Абайдың суреті, нақыл сөздері, өлеңдерінен үзінді, оқулықтар, М. Әуезов суреті.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Білім жайлы мақал – мәтелдер жазу, жаттау.
ә) Менің алғашқы ұстазым эссе жазу.
б) Оқу құралдар суретін салу.

3. Жаңа сабақ
а) Психологиялық дайындық
«Желсіз түнде жарық ай» әнін электронды оқулықтан тыңдау.
ә) Кіріспе. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845 жылы тамыздың 10 - шы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында Қарабұлақ деген жерде дүниеге келген.
б) Ассоцация құру

4. Абай – лирик ақын. Табиғат адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай атамыз табиғатты жырлаған.
Күз. Бұл мезгілде ешбір жыл мезгілінде қайталанбас байлық, молшылық болады. Аспанды бұлт торлап, төңіректің бәрі жазғы түрінен, әсем көркінен айырылады. Топ - топ болып құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Осы көріністі Абай атамыз былай деп жырға қосады:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан...
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу.
Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс.
Сөздік жұмыс.
Көркем сөзді тауып жазу.
... ағаш (жапырағынан айырылған)... шөп жоқ (жасыл)
... бұлт (сұр)... тұман (дымқыл)
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй – дей келе Абай әндерін ортаға салайық. Ән «Көзімнің қарасы» (оқушының орындауында)
Абайдың 38 - ші қара сөзінен.
Адам баласын қорп қылатын үш нәрсе бар. Ол надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық.
Надандық – ғылым - білімнің жоқтығы.
Еріншектік – хайуандық.
Залымдық – адам баласының дұшпаны.
«Күз» эссе жазу. Оқушыларды бағалау. Мадақтау.

5. Сабақты қорытындылау.
Абай ата ағашы

6. Оқушыларды бағалау және мадақтау

7. Үйге тапсырма
а) Еңбек жайлы мақал - мәтел жазу, жаттау.
ә) Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау.
б) Жемістер, бақша өсімдіктерінің, дәнді дақылдардың суретін салу
5 076
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай туралы шығарма эссе
Абай туралы шығарма эссе
Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге туылған. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
Абай шығармаларына иллюстрация
Абай шығармаларына иллюстрация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосы, Ш. Т. Еркінов орта мектебінің сызу, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Қожағали Жеңісбек Қожағалиұлы
Абай Құнанбаев "Желсіз түнде жарық ай"
Абай Құнанбаев "Желсіз түнде жарық ай"
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
Абай Құнанбаев "Жаз" өлеңі
Абай Құнанбаев "Жаз" өлеңі
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×