Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы

14 қаңтар 2019, Дүйсенбі
Қазақ тілі 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін - өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар істей алады: тақырыпты түсініп талдайды
Оқушылардың көпшілігі істей алады: тапсырманы өз бетінше орындайды
Кейбір оқушылар істей алады: топта көшбасшы болады

Тілдік мақсат
Оқушылар: Топта бірлесіп жұмыс жасай біледі
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:
Басы
Амандасу, түгендеу. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. Оқушылар түрлі - түсті сөздер арқылы топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын бекіту Миға шабуыл
Интерактивті тақтадан «Қайталау – оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

Ортасы Оқулықпен жұмыс. Мағынаны тану
«Ұтымды пікір – ұтқыр ой» Мәтін құрастырып, тақырыпты қорғау
Жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату. Топпен жұмыс жасату. Тақырыптарын қорғату. Екі жұлдыз, бір тілек
Кейінгі тапсырмалар
«Даналық сөзден дән ізде» Сабақта қолданылатын әдіс оқушыларды сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып, шығармашылығын қалыптастырады.
Қазіргі шешендік үлгілерінде қолданылған фразеологизмдердің сыңарын тауып жазу
• І топ 1. Талайға дейін естерін жиып,... жаба алмайды.
2. Алайда ондай адамдар өзі сенетін мұраттарды көздің... қалуға тырысқандарымен, қорғап қала алмады.
3. Ештеңеге де құлақ... саясаты батыстың тарапынан «социализмді етектен..., былай лақтырып тастау» саясатын туғызды.
4. Алайда тарих дариясының жағасында алыстан көз..., құр бақылап отырғаннан да ештеңе бітпейді.
• ІІ топ 5. Ондай даңғойлар әбден уланып біткен Семей жерін көрмейді. Қарадай қыршынынан ….. жатқан жазықсыз жандардың тауқыметін түсінбейді.
6. Анық стратегия мен айқын мақсаттар керек. Басты мақсат тайға …. айқын көрініп тұруы қажет.
7. Ол мәселені шешуге бастапқы кезде Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің барлық органдары ат …..
8. Бір ғасыр бойы халықты ашса ….. ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді.
Көркем сөзім – көрікті ойым
Әр топқа мәтін таратылады. Мәтінді негізге ала отырып, «Ал мен былай дер едім...» деп, жауаптың өзге де нұсқаларын іздестіріп көріңдер.
Сергіту сәті Не жақын?
Оқушыға кітап жақын,
Қасапшыға ----------(пышақ) жақын.
Ойыншыға доп жақын,
Мергенге -----------(оқ) жақын.
Бағбанға бақша жақын,
Саудагерге -----------(ақша) жақын.
Арбакешке қамыт жақын,
Батырға --------------(сауыт) жақын.
Асабаға той жақын,
Қойшыға -----------(қой) жақын.
Тігіншіге бөз жақын,
Шешенге ---------(сөз) жақын.
Кім жетім?
Халқы болмаса әкім жетім,
Ұстазы болмаса ---------(шәкірт) жетім.
Базары болмаса сатушы жетім,
Кітабы болмаса --------(оқушы) жетім.
Жауабы болмаса сұрақ жетім,
Бәдік сөз тыңдаса ------- (құлақ) жетім.
Иманы болмаса намаз жетім,
Қадірсіз сызылған ------(қағаз) жетім
Талдау
Берілген тапсырма бойынша сөйлем талдау (жеке жұмыс)
Бағалау
Әр топ тапсырмалар соңында формативті бағалаулар жасап отырады, ал сабақ соңында мұғалім сумативті (жиынтық) бағаларды есептейді.
Қорытындылау
«Барлық қазына бабалардың даналық сөздерінде, әр халық өздерінің асыл мұраларын бағаламай, әлемдік мәдениетке жете алмайды»- деген екен ғұлама жазушы М. Әуезов.
Үйге тапсырма
Шынайы шешен - жарқын тұлға. (шағын шығарма – ойтолғау жазу)

Мұғалімнің аты-жөні: Н. Рүстембекова
Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы жүктеу
6 984
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы
Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы
Қызығушылықты ояту аза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ
Липидтер
Липидтер
Липидтердің түрлерін атайды.
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін?
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін?
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Қазақтың ұлы ғалым - зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету.
Баяндауыш
Баяндауыш
Баяндауыштың анықтамасын түсінеді. Баяндауыштың құрылысына қарай жіктей алады. Баяндауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын анықтай алады. Мәтіннен баяндауыштың жасалу жолдарын түсіндіреді. Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді талдайды.
Программалау тілдері
Программалау тілдері
Оқушылар программалау тілдерін біледі. Программамен жұмыс жасауды біледі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×