Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейнелеуіш еліктеу сөздер

26 қаңтар 2019, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеуіш еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Бейнелеуіш сөздерді меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
1. Бейнелі сөздерді меңгереді;
2. Еліктеуіш сөз бен бейнелеуіш сөзді ажырата алады.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, постерлер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 - 2 мин)
- Амандасу;
- Кезекші мәліметін тыңдау;
- Сабақтың мақсатымен таныстырып, тақырып төңірегінде ой қозғау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (3 - 5 мин).

«Қайталау – оқу анасы».
Морфология саласын қайталау мақсатында етістік, үстеу, еліктеу сөз жазылған қағаздар таратылып, оқушылар сөз таптарына бірігіп, топқа бөлінеді.
333 - жаттығуды тексеру.
Мақсаты: Еліктеуіш сөздерді қолдана отырып, «Айналадағы әлем – дыбыстар әлемі» атты шағын шығарма жазу.
Тақтада ілінген плакатқа оқушылар бір - бір еліктеу сөзге байланысты сурет жапсырып, аудио дыбыс арқылы дәлелдейді.

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Жаңа сабақ құпиясы». (5 - 7 мин)
Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.
1. Оқушының атын атап өзіме қарату.
- Диас қалай қарады?
Диас жалт қарады.
2. Шам жағып сөндіру.
- Шам қайтті?
Шам жарқ ете қалды.
3. Мұғалім жүріп келе жатып кенет тоқтау.
- Мұғалім қалай тоқтады?
Мұғалім кілт тоқтады.
Сендер біраз нәрсе көрдіңдер.
Осыдан не ұқтыңдар?
(Ереже шығарып, оқулықпен салыстыру). Оқушылар өздері анықтаманы оқып алады.
Әр топ кітаптағы мысалға қарап күнделікті өмірге байланысты бір сөйлемнен құрастырады. Содан соң олар өздері ережені шығарып алады.
І топ - ережесін шығарады; ІІ топ - бейнелеуіш пен еліктеуіш сөздердің айырмашылығын айтады; ІІІ топ - бейнелеуіш пен еліктеуіш сөзді еліктеу сөздер деп атаудың себебі неде екенін баяндайды.
Табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады.
Мысалы: Шам жалп етіп сөнді. Ол жаулығын желп еткізіп, артына жалт қарады.

«Артық білім - кітапта» (10 - 15 мин)
336 - жаттығу
Мақсаты: Төмендегі еліктеу сөздердің сыңарларынан және өзге нұсқаларын тауып жазу, мағыналарындағы өзгерісті түсіндіру.

Сықыр - сықыр (есік), тақ - тұқ (шөп азер жетті), шыж - быж (бәйек болу), сақ - сақ (қасқырдың тісі), мыж - тыж (бейберекет), еңк - еңк (жылау не күлу), күңк - күңк (түсініксіз сөйлеу), қарқ - қарқ
(күлкі), жалт - жұлт (бағалы тас), лып - лып, кірш - кірш, бұрқ - сарқ, гүрс - гүрс, тарс - тұрс, бүлк - бүлк, ыңқ - ыңқ (артық тамақ ішіп қойса), гу - гу, жарқ - жұрқ, сарт - сұрт, ду - ду.

338 - жаттығу
Мақсаты: Әр сөйлемдегі сөздерді теріп алу. Олардың түрлерін анықтап, арнайы белгі қоя отырып, кестені толтыру.
Досы көпті жау алмайды

341 - жаттығу
Мақсаты: Көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасау.

Шолп - шолп – еліктеу сөз, бейнелеуіш, күрделі.
Алабұғаның (балық түрі) – зат есім, жалқы, деректі, күрделі.
- ның – І. с. жалғауы
Бұрқ – еліктеу сөз, бейнелеуіш сөз, дара
Бұлқынды – етістік, салт, болымды, дара
- ды – Жедел өткен шақ жұрнағы
Іліп әкетті – етістік, сабақты, болымды, күрделі
- іп – көсемше жұрнағы
- ті – Жедел өткен шақ жұрнағы

«Білімді мыңды жығар» (8 - 10 мин)
І топ - Интерактивті тақтада мәтін беріледі. Еліктеу сөзге фонетикалық талдау жасау тапсырылады. Авторы мен шығарманың атауы сұралады.

Торы дөнен қос аяқтап шаба жөнелген. Шақұр - шұқыр еткен тұяғы шанаға қарай қар кесектерін бұрқырата атқылап берді. Кенет торы дөнен ішін тартып, жалт бұрылып, тұра қалды. Қос құлағы найзаша шаншылып, қалш - қалш етеді. Қамшыны үстемелете үйірген Сатай кенет:
- Әне, қасқырды қара! – деп айғайлап жіберді. Даусы сондай қуанышты, даурыға шықты.
Рабиға да жалт қарады.

Шақыр - шұқыр – ша - қыр - шұ - қыр (А - Б - А - Б)
Ш [Ш] – дауыссыз, қатаң
а [а] – дауысты, жуан, ашық, езулік
қ [қ] – дауыссыз, қатаң
ы [ы] – дауысты, жуан, ашық, езулік
р [р] – дауыссыз, үнді
ш [ш] –
ұ [ұ] – дауысты, жуан, қысаң, еріндік
қ [қ] –
ы [ы] –
р [р] –
10 әріп, 10 дыбыс

Жалт – жалт (Б)
Ж [Ж] – дауыссыз, ұяң
а [а] – дауысты, жуан, ашық, езулік
л [л] – дауыссыз, үнді
т [т] – дауыссыз, қатаң
4 әріп, 4 дыбыс

Қалш - қалш – (Б - Б)
Қ [Қ] – дауыссыз, қатаң
а [а] – дауысты, жуан, ашық, езулік
л [л] – дауыссыз, үнді
ш [ш] – дауыссыз, қатаң

ІІ топ - «Наурыз» тақырыбындағы видеоролик бойынша эссе жазу. Тақырыбы – «Жыл басы – Наурыз».
ІІІ топ – «Әдептілік әліппесін жасайық!» атты ойталқы. Постерге әдепсіз адамның қылықтарын жазып шығу.
Бейнелеуіш еліктеу сөздер жүктеу
2 839
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еліктеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру.
Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш сөздерден айырмашылығын таныту.
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздердің құрамдық ерекшелігін, басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Еліктеу сөз
Еліктеу сөз
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна
Еліктеу сөз туралы түсінік
Еліктеу сөз туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, "Кемербастау" жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Жуасова Нұржамал Кауысовна
Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздер
Атырау облысы, Махамбет ауданы Е. Ағелеуов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Узганбаева Гулфайруз Уразгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×