Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліктеу сөз туралы түсінік

14 наурыз 2014, Жұма
Қазақ тілі 6 сынып
І. Жаңа сабақ Еліктеу сөз туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға еліктеу сөз туралы түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың сөз таптары бойынша меңгерген білімдеріне сүйене отырып, еліктеу сөз туралы түсініктерін дамыту. Оқушылардың белсенді ойлауын қызығушылығын жандандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

ІІ. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
б) Жағымды көңіл – күй туғызу
в) Топқа бөлу (өздерін таныстыру)

IIІ. Үй тапсырмасы
Постермен жұмыс
Оқушылар үй тапсырмасын әр топ өздері қорғап шығады.
(1 - топ) Мезгіл, мекен үстеуі
(2 - топ) Мөлшер, мақсат үстеуі
(3 - топ) Сын – қимыл, күшейткіш үстеуі

ІҮ. Жаңа сабақ түсіндіру
Айналадағы немесе табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына қимыл әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Еліктеу сөздер көбіне көмекші етістіктермен тіркесіп қолданылады.
Еліктеу сөздер құрамына қарай - дара, күрделі
Тұлғасына қарай - негізгі, туынды
Мағынасына қарай - еліктеуіш, бейнелеуіш

Табиғаттағы заттардың қозғалысын, жай – күйін көру арқылы сипаттайтын сөздер бейнелеу сөздер деп аталады. Мысалы: Найзағай аспанда жарқ – жұрқ етті.
Табиғаттағы әр түрлі дыбыстарды есту арқылы пайда болған сөздерді еліктеуіш сөздер деп атаймыз. Мысалы: Ырғалып қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
Қарқ - қарқ қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
- Жорғалар деп кім айтар?
- Аң аулаған аңшы айтар

Кенеттен ол жанғандай
Жарқ - жұрқ етіп найзағай
О, жоқ емес найзағай
Жарқ - жұрқ етіп ақ маңдай

Түйелер маң - маң басып келеді
Далаң - далаң жүгірген балалар жарысып жүр.
Торғайлар пыр - пыр етіп ұшып барады.

Ү. Бар білім – кітапта.
Жаңа сабаққа байланысты жаттығулар орындау.
297 - жаттығу
Зу ете қалды, күмп бердім, дүр етіп, селк ете, бұлт - бұлт етіп, жарқ - жұрқ етіп.
298 - жаттығу
Бұлт беремін - сытылып шығу
Жыртың - жыртың - күлу мағынасында
Пыш - пыш демей - сөйлеу мағынасында
Бұрқ - сарқ етіп - ашулану мағынасында
Оқулықтағы жаттығуларды орындау
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау
Жарқ - жұрқ, мыңқ, қарш - қарш, ыржың.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еліктеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру.
Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Оқушыларға еліктеу сөз туралы толық мағлұмат бере отырып, жасалу жолдарын іс әрекетте орындау, мысалды талдау арқылы дәлелдей білуге үйрету.
Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздің құрамы, жасалу жолын меңгереді.
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздер туралы түсінік
«Қостанай қаласындағы №9 орта мектебі» ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Скендирова Г.А
Еліктеу сөз
Еліктеу сөз
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Анапияева Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×