Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Негізгі және туынды еліктеу сөздер

12 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шарпекова Ақмарал Сайлауқызы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қазақ тілі 6 сынып
Тақырып: Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Оқу құралдары: Қазақ тілі. Исаев К., Назарғалиева Ж., Ж. Дәулетбекова. – Алматы «Атамұра» 2011
Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздердің құрамдық ерекшелігін, басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, іздену, қиялдау, елестету, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей білу дағдыларын шыңдау, тұрақты дамуға ықпал жасау.
Күтілетін нәтиже: 1. Еліктеу сөздердің құрамдық түрлерін, жасалу жолын, басқа сөз таптарынан ерекшелігін түсінеді;
2. Мәтіннен, көркем шығармалардан еліктеу сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажыратып, семантикалық картамен жұмыс жасайды;
3. Еліктеу сөздер тақырыбына қорытынды тест жұмысын жазу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Мұғалімнің іс - әрекеті
Психологиялық ахуал
І. Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аударту. Сергіту сәті «От шашу»
Сыныпты ауыз әдебиетінің түрлеріне қарай топқа бөлу, тақырыпқа және топтың атына сай мақал, жұмбақ айтқызып, сабақты бастау. (1, 2, 5, 6, 7 - модуль)
• Критериалды бағалау парағымен таныстырып, тарату. (3 модуль)

ІІ. Үй тапсырмасын тексереді (1, 2, 3, 4, 6 - модульдер)

Білу
ІІІ. «Ой қозғау» (түрткі тастау) Берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып, жауап беру, мысалдар келтіру (1, 2 - модуль)

Түсіну
- Балалар, біз еліктеу сөздің мағынасына қарай еліктеуіш және бейнелеуіш болып бөлінетінін білдік, одан басқа қандай түрі бар деп ойлайсыңдар? (Интербелсенді тақтадан мысалдар көрсету)
Жұлдызшаның ішіндегі сөздерге мән беріп қараңдар. Сөздің түбіріне, құрамына назар аударайық, не байқадық?
Жаңа тақырыпты интербелсенді тақтадан көрсетеді, мысалдар келтіреді.
Ал енді басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар? Сендер еліктеу сөздерге дейін сөз таптарының 6 түрімен таныстыңдар, еліктеу сөздердің олардан ерекшелігі бар ма?
Оқушы жауаптарын тыңдап болған соң, интербелсенді тақтадан Венн диаграммасымен салыстыру.
Еліктеу сөздер Ұқсастығы Басқа сөз таптары

Қолдану
ІV. Мағынаны тану.
1 - тапсырма. (3 минут) Зерттеушілік әңгіме (1, 2, 3, 5, 6, 7 - модульдер) Оқулықтағы жаттығумен жұмыс.
2 - тапсырма. (3 минут) (1, 2, 3, 5 - модульдер) Семантикалық картаны ұсынады

Талдау
V. Тест жұмысы. Еліктеу сөз тақырыбына алған білімдерін тексереді.

Жинақтау
VІ. Ой қорыту. (2, 5, 7 - модульдер)
«Алты қалпақ» әдісімен сабақты әр қырынан салыстырып, зерттеп, талдап қорытынды жасауды ұсынады
Бағалау
VІІ. Бағалау. (3 - модуль)
«5»- 13 - 15 балл
«4»- 10 - 12 балл
«3»- 7 - 9 балл
«2»- 0 - 6 балл

VІІ. Рефлексия. «Шатасқан логикалық тізбек» әдісін оқушыларға ұсынамын. Оқушыларға екі түрлі конверт ұсынамын. Конверт ішінде сөздер шашыраңқы берілген, сол сөздерді құрастырып бір сөйлем шығару керек.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалауды ұсынады. (1, 2, 3 - модульдер)
3 - тапсырма. (3 минут) (1, 2, 3, 5 - модульдер) Бағандағы еліктеуіш сөздермен етістікті жұптастырып, сөйлем құрауды ұсынады.

Толық нұсқасын жүктеу
5 180
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еліктеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру.
Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Оқушыларға еліктеу сөз туралы толық мағлұмат бере отырып, жасалу жолдарын іс әрекетте орындау, мысалды талдау арқылы дәлелдей білуге үйрету.
Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздің құрамы, жасалу жолын меңгереді.
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздер туралы түсінік
«Қостанай қаласындағы №9 орта мектебі» ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Скендирова Г.А
Еліктеу сөз
Еліктеу сөз
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна
Еліктеу сөз туралы түсінік
Еліктеу сөз туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, "Кемербастау" жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Жуасова Нұржамал Кауысовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×