Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры

24 сәуір 2019, Сәрсенбі
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры туралы түсінік
Қамбар батыр жыры
Сабақтың мақсаты:
а) батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту, Қамбар батыр жырының мазмұнымен таныстыру, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, топпен жұмыс, талдау, деңгейлік тапсырмалар т. б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, АКТ құралдары (интерактивті тақта) маркер, плакат, слайдтар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырма: Аңыз әңгімелердің негізгі түрлері қандай? Аңыз кейіпкерлері жайлы қандай мәлімет бере аласың?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Батырлар жыры туралы не айтар едің?
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Батырлар елін сүйген, ата мекенін, намысын қорғау, елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған, көзсіз батырлық, ерлік көрсеткен.
Ең алдымен оның басты қаһарманы – батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата - анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді.
Батырлық дастандардағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты ерен ерлер бойынан осы қасиеттерді айқын танимыз.
Қазақтың батырлар жырының көбі Шоқанның айтуынша, "Алтынорда дәуірлерінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда XIV, XV — XVI ғасырларда жасалған сияқты".
Батырлық дастандарда батырлар тек ерен ерлігімен ғана емес, адамгершілік қасиеттерімен де, жан ізгілігімен де көрінген. Олардың ата - анасына, бауырларына деген мейірімінен, жарына деген адалдығынан мұны айқын аңғарамыз.
Тапсырма № 1

Қарағанды облысы,
Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы
жалпы білім беретін №1 қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Асанова Индира Мукаевна
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры жүктеу
2 310
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Батырлар жыры (күнделікті сабақ жоспары)
Батырлар жыры (күнделікті сабақ жоспары)
Батырлар жыры - ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры, олардың тақырыбы мен ортақ идеясы, халық тарихымен байланысын түсіну, кейіпкерлері, халық арманы туралы түсінік беу. Батырлар жырларын тақырып, мазмұн жағынан өзара салыстыра отырып таныту.
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар
Батырлар жырын оқыту арқылы ұлттық салт - дәстүрді, әдебиеті мен мәдениетін, ұлттық құндылықтар ретінде бағалауға үйрету.
Батырлар жыры «Қобыланды батыр»
Батырлар жыры «Қобыланды батыр»
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі.
Лиро - эпостық жырлар
Лиро - эпостық жырлар
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×