Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар - қанатты достар

17 қаңтар 2013, Бейсенбі
Ұлттық дәстүрде құрылған «Құстар – қанатты достар» атты сабағымның мақсаты – құстар туралы жалпы түсінік беру, табиғатты аялап қорғауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәтінен кейін ұлттық ойын түрлеріне сипаттама бере отырып, үй тапсырмасын «Ханталапай» ойыны арқылы сұрап, бекітемін.
Жаңа сабақты «Құстар – біздің достарымыз, табиғат қорғаушысы» деп бастап, олардың үш топқа бөлінетінін сызба арқылы түсіндіремін.

Құстардың адамға келтіретін пайдасын айтамын: ет, жұмыртқа береді, қанаты,
жүні, емдік қасиеті бар.
Құстарға байланысты тыйым сөздерге түсінік беремін: құстың ұясын бұзба,
жұмыртқасын шақпа,
балапанын өлтірме, т.б.

Сөздік жұмысын жұмбақ шешу арқылы жүргіземін:
1. Ну орманда отыр,
Күндіз көрмес соқыр. (үкі – сова)
2. Көлдің әні, сәні екен,
Еті, жүні дәрі екен. (аққу – лебедь)
3. Киімі ала, ісі бар шала,
Мекені – орман, дала. (сауысқан – сорока)

Үнтаспадан құстар дауысын естиміз.

Келесі тапсырма құстарға байланысты мақал-мәтелдер жазып, қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызу.
1. Құстың қуы сауысқан.
2. Лашын – құстың жендеті.
3. Көкек өз атын өзі шақырады.
4. Тұлпар шаба жетіледі, сұңқар ұша жетіледі.
5. Қарға қарқылдаса қатқақ келер, қаз қаңқылдаса жаз келер.
6. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

Кітаптағы құстар туралы берілген өлеңдерді мәнерлеп оқытып, сурет бойынша әр құсқа сипаттама бергіземін.

Қаз.--------------------------------Торғай.
Шығып ауыл шетіне----------Торғай, торғай, торғайсың
Жайылады бетімен.----------Таяу келіп қонғайсың.
Қызықтырар ол бізді---------Дән шашайын тойып ал,
Жұмыртқамен, етімен.------Сонда аязға тоңбайсың.

Жаңа сабақты «Гүл» оюына салынған Венн диаграммасы арқылы бекітемін.

Үйге «Құстардың пайдасы мен зияны» туралы эссе жазуды тапсырамын, оқушылар білімін бағалаймын.
22 806
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Балалардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, қазақша сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстар - қанатты достар
Құстар - қанатты достар
Құстар туралы білімдерін жетілдіру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Тыйым сөздер үйрету арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Құстарға қамқорлықпен қарауға баули отырып экологиялық тәрбие беру.
Құстар. Үй құстары
Құстар. Үй құстары
Қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып - өсуі туралы түсінік беру.
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измағанбетова Нұргүл Амантайқызы
Бозторғай – дала  сәні
Бозторғай – дала сәні
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Алғабас ауылының М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаманбаева Алмагуль Балгабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×