Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақын қонақтар. Мұхтар Әуезов

18 қаңтар 2013, Жұма
Көкшетау қаласы № 6 орта мектебі.
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Самбаева Алмагүл Қадырбайқызы

5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: М. Әуезовтің «Абай жолы»романынан алынған үзіндісінің мазмұнын талдау, жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу. Абай өмірі мен ақын болу себептеріне көз
жеткізу.
2. Дамытушылық: Шығарманың идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап ойлай білуге дағдыландыру; жеке, жұптық, ұжымдық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық таныту, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.
3. Тәрбиелік: Болашақ ұлы ақынның халық өнерін, ауыз әдебиетін, кісіге құрметпен қарауын оқушы бойына дарыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Өтілу әдісі: Мәтіннен тауып оқу, сұрақ - жауап, топтастыру, шығармашылық, тест.
Көрнекілігі: Абай мен Мұхтар суреті, қанатты сөздер, слайдтар, интерактивті тақта, музыкалық әуен, сөздіктер.
Пәнаралық байланыс: Тарих, тіл, халық педагогикасы, ауыз әдебиеті.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды бүгінгі күннің сабақ мақсатымен таныстыру. Сабақтың үш кезеңнен тұратын жоспарымен таныстыру.
Үй тапсырмасы: М. Әуезовтің «Ақын қонақтар»үзіндісін оқу, Абай мен Мұхтар өмірі мен шығармашылықтары туралы ізденушілік жұмыс жасап келу керектігі естеріне салынады.

I. Этнографиялық кезең.
1. Мұхтар мен Абай сабақтастығы.(топтастыру стратегиясы бойынша әңгімелеу)
Көркем сөздің зергері, заманымыздың кемеңгер жазушысы, аса ойшыл ғалым М. Әуезов творчествосына тоқтала отырып, оның 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болған «Абай жолы» романынан берілген үзіндідегі басты кейіпкер Абай өміріне тоқталу.
2. Абай мен Мұхтар (Венн диаграммасы)

II. Лингвистикалық кезең.
1. Сөздер сырына үңілу.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздерді тапқызу, мағыналарын анықтату. Сөздік дәптерлеріне жаздыру.
Мүсін - бет әлпет, келбет, пішін
рең - шырай
қылаң - ақшыл, бозғыл
құлан таза - әбден, мүлде
сейілу - айығу, жадырау
машық - әдет, дағды
пейіл - ниет, ықылас
қажау - мазалай беру
қан базар - қалың жиын
сұм науқас - созылып, айықпаған ұзақ ауру

2. Әдеби теориялық ұғымдарын тереңдету.
Әдебиет теориясынан мінездеме, сипаттама, портрет ұғымдарымен таныс екендігін ескере отырып, мәтіннен Абай, Барлас ақындардың портретін, Байкөкше, Ұлжан, Зеренің сипатталуын, ақындардың шабытын, Абайдың мінезін тауып оқу.
3. Жоспар құру. Мәтіннің мазмұнын естеріне түсіре отырып жоспар құру.
Жоспар.
А. Абай он үште.
Ә. Аналар мен Абай арасындағы машық.
Б. Қонақтар.
В. Ұлжан ана үйіндегі ән мен жыр.
Г. Аурудан ада болған Абай.
Д. Қонақтарға берілген сый.

4. Мәтінді мазмұндау. «Тізбекпен жауап беру»ойыны арқылы берілген сұрақтарға жауап алу.
1. Абайдың жасы нешеде еді, сырт көрінісінде қандай өзгешелік бар еді?
2. Абайды аналарымен достастырған қандай құдіретті күш?
3. Ұлжан ананың әңгіме айту шеберлігі қалай ерекшеленген?
4. Ауылға келген қандай қонақтар еді? Олар кімдер?
5. Абайға домбыраны сыйға тартқан кім?
6. Барлас ақын қандай бата берді? Ол бата Абай үшін қабыл болды ма?
7. Сый берудегі ана мен бала үндестігіне тоқталып өт.

III. Шығармашылық кезең.
1. Халық ауыз әдебиеті, дәстүрлері мен ырым - жоралғыларын білдіретін үзінділер беріледі. Керекті сөздерді өз орнына қою арқылы түрлерін ажырату. (Тапсырма интерактивті тақтада шығады, ал оқушылар алдарындағы компьютерде орындайды).

Халық ауыз әдебиеті, дәстүрлері мен ырым-жоралғылары.
Үзінділер
1....- Е - е Бұлдыр - бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен...
2.... Ел мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер өтті...
3.... Тағы бір күндері Мамыр, Еңлік қайғыларын да айтып берді. « Қозы Көрпеш - Баян сұлуды» жырлап берді.
4.... Осы түнде ас пісірілді... Асықпай әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер...
5.... Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады.
6.... Ұғымтал зеректігіне қатты риза боп Барлас Абайға:
Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә не етерсің?!
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң, шыңға жетерсің,- деп домбырасын ұсынды.
7.... Келген сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым. Ала кетіңдер... Риза, қош боп аттаныңдар! - деді.

Жауабы Керекті сөздер
сый беру
бата беру
ертегі
батырлар жыры
лиро - эпостық жыр
қонақ күту
ел дауы, жер дауы

2. Көрініс.
Қорытынды.
1. Тест.
2. Слайд қарау.(Мұхтар мен Абай отбасылары т. б.)
3. Үнтаспа тыңдау: (Баяу күй ойнап тұрады.) «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай» Николай Погодин. Салыстыру атаулының бәрі сәтті бола бермейді. Десе де, Погодиннің метафорасында бірсыпыра шындық бар: Абай да, Мұхтар Әуезов те – жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптар, саф таза сұлу, айрықша оқшау құбылыстар.
Тек бір ұлттың ғана тәрбиелі болуын, кемелденуін көксеген жоқ, олар бүкіл адамзат қамын ойлаған ақылман, данышпан, кемеңгер ойшылдар. Айтты айтпады, қазақ әдебиетінің XIX ғасыр дағы асқар белі - Абай, XX ғасырдағы заңғар биігі - Әуезов. Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек, сол уақыттыңөзі осыны дәлелдеп отыр.

4. Рефлексия: Бүгінгі сабақтан біз өзімізге не алдық?- деген сұраққа оқушылардан жауап алу.
Мұғалім сөзі: Бүгін біз сабағымызда жақында ғана 110 жасқа толғанын атап өткен халықтың мәңгі ұмытылмайтын ұлдарының бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармасын талдап сөз еттік. Бұл сабақтан Мұхтардың да ұлы Абай әнімен әлдиленіп, ұлы Абай өскен топырақта кіндігі кесіліп, сонда асық ойнап өскенін ұқтық. Осы шығармасы арқылы Абайды, қазақ халқын әлемге паш етті.
Сондықтан да Мұхтардың ғажайып шығармаларын әрдайым халқымыздың ақ арындай қастерлеп, ақ жүрегіндей қадірлеп оқиық. Ол біздің жүрегімізде өзінің кемеңгерлігімен, мәңгі-бақи өшпес жалынымен маздай берсін демекпін.
Оқушыларды бағалау.
26 259
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
Мұхтар Әуезовтың өмірімен танысады. «Ақын қонақтар» әңгімесін оқиды, талдайды, мазмұнын ашады.
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уткельбаева Айгуль Макажановна
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Жәрімбетов ауылы, "Алғабас" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаримбетова Алуа Шалбаевна Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің
"Боран" Мұхтар Әуезов
"Боран" Мұхтар Әуезов
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы Сабақтың тақырыбы: «Боран» М.Әуезов
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×