Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мазмұндама «Екі дос»

21 маусым 2020, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Екі дос»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету, логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру, ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
2. Сабаққа деген қызығушылығын тудыру.
3. Оқушыларды мазмұндамамен жұмыс барысында ойландыру, топтық жұмыста еркіндік беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Жеке, жұптық, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, қорыту, талдау, бекіту, ауызша - жазбаша, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары ( ой тастау, топтастыру, т. б.).
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа сабақ материалын меңгереді.
2. Оқушылар мәтінді толықтай жазады, сұрақ қоя алады.
3. Бір - біріне сұрақтар қояды.
4. Пікірлерін айтады.
5. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу.
2. Психологиялық ахуал.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы шеңберге шығып, бір - біріне жақсы тілектер, жақсы сөздер айту керек. Мысалы: Сен бүгін өте әдемісің т. б.
3. Қиғаш қағаздарды беріп, таратамын. Ол қағаздардың шетіне 3 түрлі түсті бояумен боялған. Сол 3 түске байланысты 3 топқа бөлінеді.
(2 мин.)
Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті
АКТ, топпен жұмыс.
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында: (слайд).
1. «Екі дос» суреті арқылы жаңа сабақ тақырыбына шығу.
2. Балалар, суретте кімдер бейнеленген?
3. Олар не істеп отыр?
4. Олар бір - біріне кім болып келеді?
5. Неліктен солай ойлайсыңдар?
6. Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
7. Оқушылар, дос сөзін қалай түсінесіңдер?
8. Достық дегеніміз не?
9. Адал дос қандай болуы керек? деп сұрақ қойып ой тастаймын.
Сөздікпен жұмыс:
Қаша жөнеледі – убежать без оглядки
өрмелеп - лазить
өлген – умерший
етбетіммен жата қалу – лежать пластом
искелей – нюхать
демін жұтып - затаив дыхание
сыбырлады – прошептать
қауіп - қатер төніп тұрғанда – угроза опасности
Оқушыларға мазмұндаманы видео (слайд) арқылы таныстыру.
Екі дос.
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
Трек сөздер мен сөз тіркестері: орманда келе жатады, жерге етбетіммен, алдынан аю, қаша жөнеледі, талға өрмелеп, демін жұтып, сақтану керектігімді.
Жаңа тақырыпты ұғындыру мақсатында оқушыларға мәтінді үшке бөліп қағазға жазып беремін., яғни бұл жерде 1 - топ оқушылары мәтінді оқи отыра жоспар дайындайды.( Әр топтан бір оқушы шығып, ортаға жайғасады).
2 - топ оқушылары мәтіннің негізгі ойын табады. 3 - топ мәтінді мазмұндайды. СТО ой тастау, (Жаңа тақырыпты оқушылар өздері ашады).
Әр топқа тапсырма.
1 топ - жоспар құру
2 топ – мәтіннің негізгі ойын табу
3 топ - мазмұндау
Жоспар:
1. Орманға екі достың келуі
2. Аюмен кездесуі
3. Досының қашуы
4. Екінші достың айласы
5. Аюдың ақылы
Мазмұндаманы жазу.
Сабақты қорыту:
Рефлексия

Нені білдім?Не үйрендім?Нені білгім келеді?
Достық жайлыАдал дос қандай болу керек екендігін үйрендімДостарды ажырата білу
туралы білгім келеді
Үйге тапсырма: Эссе «Шын дос болу - бақыт»
2 438
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шығарма. Қыс
Шығарма. Қыс
оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, ә) оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзіне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Қазақ халқының тағамдары туралы білімдерін бақылау, білім деңгейін тексеру; Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусаинова Асемгуль Кенжебековна
Дыбыс үндестігі
Дыбыс үндестігі
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кусаинова Асемгуль Кенжебековна
Мазмұндама «Жалқау мысық»
Мазмұндама «Жалқау мысық»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×