Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мазмұндама «Жалқау мысық»

04 қараша 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша бақылау Әдісі: қорыту Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкерлерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы;
Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы;
Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау;
содан кейін мәтінді қайталап оқу.
Жоспар құру.
Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою;
түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою. (міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Жалқау мысық
Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына алты жылдай болып қалды. Бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе, сонымен ойнайтын. Ал қазір оны орнынан тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пештің түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.
(«Балдырған» журналынан)

Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: сүйкімді, сондай тынымсыз, бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ұйқыдан бас көтермейді, оралған жіп көрсе, жалқау.
Жоспар: 1. Сүйкімді мысық.
2. Ойынға құмарлық.
3. Ұнамсыз қылық.

ІҮ. Сабақты қорыту:
Бүгінгі сабақта не істедік?
Не жайлы жаздық?
Мысық неге жалқау болды деп ойлайсың?
Бұл мәтіннен өзіңе қандай әсер алдың?
Ү. Үйге тапсырма: қайталау
77 403
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мазмұндама «Екі дос»
Мазмұндама «Екі дос»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету, логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру, ойын жүйелі жеткізуге,
Шығарма. Қыс
Шығарма. Қыс
оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, ә) оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзіне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Қазақ халқының тағамдары туралы білімдерін бақылау, білім деңгейін тексеру; Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге
Балапан мен мысық
Балапан мен мысық
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектеп Жумагалиева Роза Матжановна
Мәтіннің түрлері
Мәтіннің түрлері
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға мәтіннің түрлері туралы түсіндіру, білімділікке, тапқырлыққа баулу; ә) ақыл-ойын, логикалық жаттығулар жүргізу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту; б) Сауаттылыққа, көркем жазуға,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×