Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Тақырып: Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары» (9 сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың қазақ халқының тағамдары туралы білімдерін бақылау, білім деңгейін тексеру;
2. Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды мәтінді оқығанда ынтамен тыңдауға, есте сақтауға, бағыттау, оқушының зейінін, ойын дамытуға, оқушының іс - әрекетке ұйымдастыру.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшілермен әңгімелесу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

II. Мазмұндама жазуда нені ескеру керек?
1. Оқушының білім деңгейін;
2. Дағдысын
3. Жас ерекшелігін
4. Оқушыны неге үйрету
5. Мазмұндама түрін ( негізінде мазмұндаманың 5 түрі бар: бақылау мазмұндама, үйрету
мазмұндама, қысқа мазмұндама, тапсырмасы бар мазмұндама, таңдамалы мазмұндама)

III. Кіріспе әңгіме: мұғалім оқушының назарын ұйымдастыру үшін мәтін туралы оларға қысқаша түсінік береді, мәтіннің мазмұнын түсінуге дайындайды, өйткені кіріспе әңгіменің мазмұндама сапасына әсері үлкен.

IV. Мәтінмен танысу, мәтін бойынша жұмыстар:
1. Мәтінді асықпай, жағымды дауыспен, салмақпен оқу керек. Түсініксіз сөздерді сөздік дәптерлерге жаздырады, кейбір қиын, жаңа сөздерді тақтаға жазып қояды. Оқушылар мәтіннің ең басты сөздерін теріп бірінші бағанаға жазады, екінші бағанаға етістіктерді жазады. Содан кейін оқушылар бірінші мен екінші бағаналардағы сөздермен сөз тіркестерімен, сөйлем құрастырады.
2. Оқушының мәтін мазмұнын түсінген - түсінбегенін тексеруі қажет. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінбесе түсіндіруі керек. Мұғалім өзі түсіндірмей тек сұрақ арқылы оқушыларды мәтінді түсінуге жетелейді.
Мысалы: - Мәтінде не туралы айтылған? Басты дәстүрлер қандай? деген сияқты сұрақтар арқылы іске асады.
3. Жоспар құрастыру. М. М. Жанпейісованың «Мәтін бөліктері» ойынын өткізуге болады. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ мәтіннің белгілі бөлігін табады.
Мысалы: I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды бөлім
IV. Толықтыру.
4. Мәтінді екінші рет оқу, не өте жақсы оқитын оқушыға оқыту. Бұдан соң мәтінді 2 - 3 оқушыға жоспар бойынша әңгімелетеді.
5. Тілдік тапсырмалармен байланыстырады. Ол үшін тірек сөздерді қолдану, сөйлемнің сөз тіркестерін белгілі бір үлгілерін қолдану т. б. осы сияқты тапсырмалар арқылы жүзеге асыру қажет.
6. Дұрыс жазу. Қазақ тілінде ауызша тіл мен жазбаша тілде кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейтінін оқушыларға ескерту керек.
7. Үндестік заңын ескерту.
8. Мазмұндама жазу.
Мазмұндама
"Қазақтың ұлттық тағамдары"

Жоспар:
1. Қазақтарда қонаққа қатысты қандай түсініктер бар.
2. Қазақ халқының салт - дәстүрлері:
а) ет тағамдары
Б) Сүт тағамдарының қасиеті
В) Ұннан жасалатын тағамдар

Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық т әтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпаққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас - адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға — жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт - дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т. б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.
Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан түрлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.
Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған.
Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.
Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген. Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.

V. Үйге тапсырма беру: ережелерді қайталау.
5 627
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту мәселелері
Қай тілде болса да жатық сөйлеп, сауатты жазу үшін, сөздерді бір - бірімен байланыстырып сөйлеу білу қажет. Ол тіл дамыту жұмыстарының алуан түрлерімен ұштасады.
Мазмұндамалар жинағы
Мазмұндамалар жинағы
Бұл жинаққа 1 - сынып оқушыларына шағын әңгіме, мазмұндама жазуға арналған материалдар енгізілген
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Мазмұндама "Қайыңның көз жасы"
Мазмұндама "Қайыңның көз жасы"
Мәтіннің негізгі ойын, мазмұнын жазба түрінде жеткізу. Білімділік мақсаты: Сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс қолдана білу, сауатты жазуға үйрету.
Мазмұндама жинағы
Мазмұндама жинағы
Мазмұндамалар 1 - 4 сыныптардың әрқайсысына 10 - 18 мәтіннен беріліп, жинақта барлығы 49 мәтін қамтылған. Алынған мәтіндер мазмұны жағынан өмір талабына сай, оқушының ой - өрісін, зейін - қабілеттерін жетілдіруге негіз болатын, сауаттылығын арттыру
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің мазмұндама жұмысын бағалауда критериалдық А Б В жүйені қолдану
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің мазмұндама жұмысын бағалауда критериалдық А Б В жүйені қолдану
Біріншіден, критериалды бағалау дегеніміз не?- деген сұраққа жауап берейік. Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу - танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын - ала белгіленген жетістіктермен салыстыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×