Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Егемен ел

20 қаңтар 2021, Сәрсенбі
Сабақтың мақсаты:

ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты еліміз туралы мәліметтерге шолу жасап, елеулі сұрақтарды есте сақтауына, тыңдаушылардың сөздік қорларын, ой толғау қабілеттерін дамыту үшін берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырып бойынша мәліметтер алуына ықпал ету.
Берілген тақырыпта өз ойларын ортаға салуға, сұрақтарға толық жауап беруге, таза сөйлеу, тыңдалған, оқылған материалдардан қорытынды шығара білу, ой түйіндеуге дағдыландыру.
Тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру, үйренгенін өмірде қолдануға ынталандыру. Ана тілінде тек сабақта ғана сөйлеумен шектелмей, күнделікті өмірде, тұрмыста, қызметтерінде сөйлеуге насихаттау. Отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: ZOOM платформасы арқылы өтілетіндіктен Тәуелсіздікке байланысты презентация мен бейнероликтер.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ.
Сабақтың әдісі: айтылым, коммуникативтік тренинг, сөйлесу, шығармашылық, түсіндіру, жазылым, оқылым.
Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі.
 Лексикалық минимум.
тәуелсіз, егеменді независимый
жариялады, айтты, хабарлады объявил
бостандық свобода
мәртебестатус
қабылдады приняли
Ата - бабапредки
егемендісуверенный
Кіріспе сөз:
 Сабақтың тақырыбын анықтау үшін сөзжұмбақ шешкізу. Дұрыс шешіп жасырынған сөзді табыңыз.

1.









2.






3.







4.









5.






6.







7.









8.

















1. Қыстың бірінші айы (желтоқсан)
2. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен... тербетеді (әлемді)
3. Жаңадан көшіп келген көршіге берілетін тамақ (ерулік)
4. Тәуелсіз сөзінің синонимі (егеменді)
5. Мемлекеттік рәміз (елтаңба)
6. Туған жердей жер..., туған елдей ел... (болмас)
7. Свобода сөзінің аудармасы (еркіндік)
 8. Қазақ отбасында кімді төрге отырғызған? (қызды)
1








2






3








4






5






6





7





8






9



1. Қазақ халқы қандай халық? (Қонақжай)
2. Елордамыздың бұрынғы аты? (Астана)
3. Зейнетақы алатын адам(Зейнеткер)
4. Біз қай облыста тұрамыз ( Ақмола)
5. Қыстың екінші айы (Қаңтар)
6. Аптаның алтыншы күні (Сенбі)
7. ҚР ұлттық валютасы (Теңге)
8. Еліміздің оңтүстік астанасы (Алматы)
9. Ас атасы не? (Нан)

Бүгінгі күн – Қазақстанның Тәуелсіздік күні. Осыған орай, өткізілгелі отырған сабағымыздың тақырыбы «Егемен елдің – еңсесі биік» деп аталады.
Тәуелсіз Қазақстан деп айтарлықтай, еліміздің, өз жері, Елбасы, рәміздері, халқы, ұлттық теңгесі, тарихы, бас қаласы бар.
Тәуелсіздік дегеніміз не?
Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Бұл дегенің - жақсы өмір сүруге алған құқығың. Жұмыр жерде өлшеулі өмірді бейбіт елде өткізгенге жететін бақыт бар ма екен?!
Таңертең ұйқыдан оянып, жалғанды жалпағынан басып, біріміз сабаққа, біріміз жұмысқа кетеміз. Үрей атаулыдан аулақ, емін - еркін тірлігімізге кірісеміз. Өзге елдің табалдырығын аттасақ, "Біз - Қазақстан деген тәуелсіз елденбіз" деп мақтанышпен айтамыз. Тәуелсіздік әрбір адамның өмірімен біте қайнасып жатады. Сіздің отырған - тұрғаныңыз, жүріс - тұрысыңыз, ішкен асыңыз уайымсыз өтеді. Біз тек "қайтсек ақша табамыз?" деген секілді тірліктің ұсақ түйткілдеріне бас қатырамыз. Қалғанын баяғыда - ақ батыр бабаларымыз шешіп қойған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп берген. Қазақтың пейіліндей баябан даланың әр пұшпағы үшін шыбын жанын қиған. Бізге Тәуелсіздік әперген. Тәуелсіздікті аманаттап қалдырған...
Желтоқсан қуат барма сенен асқан,
Сілкінтіп бодандықты түнек басқан.
Тарихтың кең төрінен сөйледің сөз,
 Қазақ боп, намысы үшін арпалысқан. (Бейнеролик)
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері
1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті сайланды.
1991 жылы қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Жоғары Кеңесі Қазақстанды тәуелсіз республика деп жарияланды.
1992 жылы 30 қыркүйек Ұлттық бірлік күні болып бекітілді.
1995 жылы 30 тамызда Ата Заң қабылданды. Бұл бүкіл Қазақстан халықтарының еркіндігі мен құқығының кепілі.
1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды.
1993 жылғы 15 қарашада біздің республикамыздың ұлттық теңгесі дүниеге келді.
1994 жылы шілде айында, ел астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.
1998 жылдың 6 мамырында «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана деп аталсын» деген тарихи Жарлыққа қол қойылды.
Ядролық жарылысты тоқтатуға бағытталған «Невада - Семей» қозғалысы Олжас Сүлейменовтің басшылығымен іске асырылды.
Бейнеролик бойынша тапсырмалар:
1 - тапсырма. Жылдар сөйлейді.
«Тәуелсіздік» сөзімен байланысты атаулы даталар берілген. Осы атаулы даталарды қандай тарихи оқиғалармен байланыстырасыз?
Тәуелсіздік

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті сайланды.
1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.
1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды.
1993 жылғы 15 қарашада біздің республикамыздың ұлттық теңгесі дүниеге келді.
1995 жылы 30 тамызда Ата Заң қабылданды. Бұл бүкіл Қазақстан халықтарының еркіндігі мен құқығының кепілі.
1998 жылдың 6 мамырында «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана деп аталсын» деген тарихи Жарлыққа қол қойылды.
2 - тапсырма: Әріптермен сөз құрап жазыңыз.
А Т А С А Н
Қ З А Н Қ Т А С А
М Л Т Е К М Е Е
А Х Ы Қ Л
Т У Е Ә З Л І С
Е Б І Ш І К Л Й Б Т І
3 - тапсырма. Оқылым.
Тәуелсіз Қазақстан
Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан Мемлекеті. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
Елтаңбамызды, Туымызды, Әнұранымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.
Туған жерімізде талай - талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату - тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.
Біздің ұранымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың бірлігін
сақтау - әрбір азаматтың борышы.
1. Мәтінді оқи отырып, өзіңіз сөздік құраңыз (кемінде 10 сөз).
2. Мәтін бойынша мына сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанды қанша ел таныды?
- Әрбір азаматтың борышы не?
- Қай жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты?
  - Қазақ тіліне не берілді?
3. Мәтінді пайдалана отырып, мына сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтаңыз.
СөйлемдерДұрысДұрыс емес
11992 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.

2Қазақстан – бір ғана ұлтты мемлекет.

3Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.

4Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың бірлігін сақтау - әрбір азаматтың борышы. 

Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері
(2 - бөлім, бейнеролик )
2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Осы жылы көптеген ауқымды шара ұйымдастырылып, Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.
2003 жыл
2003 жылы 10 мың теңгелік номиналды банкнот айналымға енгізіліп, Қазақстандағы ең ірі купюра болды.
2005 жылдың желтоқсанында Конституция шеңберінде Президенттік сайлау өтіп, ел өзінің басшысын таңдады. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев қатысушылардың 91 пайыз дауысын алып, ел сеніміне ие болды.
2006 жыл
Осы жылы теңгенің жаңа үлгілері айналымға шығарылды және «Самұрық» мемлекттік қоры құрылды. Кейін «Қазына» қорымен бірігіп, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ болды.
2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде - Астана күні тарихқа енді. Сонымен қатар елордадағы «Қазақ елі» монументі ашылды.
2008 жылы
Осы жылы 13 қазанда «Самұрық - Қазына» Ұлттық әл - ауқат қоры» акционерлік қоғамға айналды.
2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілді.
2011 жылы
Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.
2013 жылы
24 тамыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті
2012 жылы
Осы жылдың 22 қарашасында 2017 жылғы Әлемдік көрмеге елімізде өткізу құқығына ие болғаны туралы белгілі болды. Халықаралық көрме бюросының мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.
2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
2017 жылы Қазақстанда EXPO - 2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір - түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай - ақ Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды.
2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым - Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
4 - тапсырма: Жылдар сөйлейді ІІ.
«Тәуелсіздік» сөзімен байланысты атаулы даталар берілген. Осы атаулы даталарды қандай оқиғалармен байланыстырасыз?
Тәуелсіздік
Сабақты бекіту:
5 - тапсырма: “Тәуелсіздік” сөзінен сөздер шығару.
Мысалы: ел - страна, сіз - вы, тәуелді - зависимый, әуе - воздух, із - след, тез - быстро, екі - два, іс - дело, елу - пятьдесят, ту - флаг, су - вода
6 - тапсырма: Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңыз.
1. Қазақстан 1991 жылы өзін тәу.. лсіз мемлекет деп жари.. лады. Ұлттық вал... таны енгізу - тәу.. лсізд.. ктің тұ.. ырын бекіте түсті. 2. Мемлеке.. тің өзіндік экономик.. сын.. ң қалыптасуы сол к.. зде басталды. 3. Теңгеге көшу 1991 жылы көзде.. іп, жоғары сан.. тты төрт шеб.. рден тұрат.. н «арнайы топ» құры.. ған болатын. 4. Олар М. Әлин, Т. Сүлейменов, А. Түзелх.. нов және Х. Ғабжалиловтар болатын. 5. Жұмыс Қаз.. қстан мәдени.. тінің тарихи даму аспектіле.. ін зерт.. уден баст.. лады. 6. Осы кезде вал.. таны теңге деп атау идеясы пайда б.. лды, теңге тар.. хи түрік сөзі. 7. Ұл.. тық.. алюта өте қысқа мерзімде - 1 жыл іш.. нде әзірленді. 8. 1993 жылы 12 қарашада Қаз.. қстан Республикасы Президентіні...«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы»жарл.. ғы шықты. 9. Теңге республикада ұлттық валюта реті.. де тамырын кең.. нен жайды. 10. Қазір 15 қараша Те.. генің ресми пайда болған к.. ні ғана емес, ҚР Қаржыг.. рлері.. ің күні болып есептеледі.
Қорытынды бөлім: «Ата – бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар бізбіз. Әрқайсысымыздың жүрегіміз елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқы үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы білімді жастар – сіздердің қолдарыңызда» деген ағалық сезімін ақтай білейік.

Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ  оқытушысы Алтын Саркенқызы Махметованың  "Егемен ел"
2 281
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің мақтанышым - Тәуелсіздік!
Менің мақтанышым - Тәуелсіздік!
ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты еліміз туралы мәліметтерге шолу жасап, елеулі сұрақтарды есте сақтауына ықпал ету. Берілген тақырыпта өз ойларын ортаға салуға, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
Тәуелсіз Қазақстаным
Тәуелсіз Қазақстаным
ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты еліміз туралы мәліметтерге шолу жасап, елеулі сұрақтарды есте сақтауына ықпал ету.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен жаңа сөздердің мағынасын түсіну. Сөз көлемі мен сөздік қорды молайту. Олардың адам денсаулығына пайдалы екендігін ұғыну.
«Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі» пікірсайыс сабағының әзірлемесі
«Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі» пікірсайыс сабағының әзірлемесі
Ей, тәкаппар дүние, Маған да бір қарашы. Танимысың сен мені Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы сабаққа қатысушылармен танысып өтейік. Әрбір тыңдаушы өз атын және өзінің бір жақсы қасиетін айтады. Ол қасиет өз атыңыздың
Қазақстанның астанасы
Қазақстанның астанасы
Оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, бір - бірімен қарым-қатынас дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Ағылшын тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу түрлері»
Ағылшын тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу түрлері»
Қазіргі буынға ағылшын тілі оқулықтарында оқушының еркін сөйлеуіне үйретуде, коммуникативтік тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында қолдануына дағдыландыруда соңғы әдістемелер қолданылған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×