Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінің болашағы

24 мам 2023, Сәрсенбі

Әр елдің ұлттық құндылығын, мол тарихы мен болмысын жеткізетін өзіндік тілі болады. Қазақ тілінің ертеңі қандай болмақ?- осы сұрақты мен өзіме есті бола келе қоя бастадым. Тіл ертеңін ойлаған әр халық, әр ұлт өз ана тілін қорғауға міндетті деген ойыммен бөліскім келеді. Неге дейсіз бе? Ойлап қарасақ, ата - бабаларымыз кең байтақ жерімізді, көк аспаны тәуелсіз елімізді, мол тарихымыз бен бай тілімізді бізге мұра ретінде қалдырған. Сол кездерден - ақ Мағжан атамыз “Мен жастарға сенемін” деп еді ғой? Міне, біздің мойынымызда тек қана жер мен тілімізді сақтау ғана емес, ата - бабаларымыз, зиялыларымыздың өсиетін орындау да тұр.
Қазақ тілінің ертеңі бар ма? Сіз қалай ойлайсыз? Менің ойымша, осы сұрақты қоймас бұрын, оның өткеніне оралу қажет. Ана тіліміздің тарихы бір бөлек…Қандай тер арқылы тіліміздің сақталып қалуы, ызғарлы желтоқсан айындағы қаншама құрбанның арманы не болған еді? Тәуелсіздік.. Бір ғана сөз - қанша мағына.. Тәуелсіздік мен үшін ғана емес, әр қазақ үшін бейбіт аспанмен шектелмейді. Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы. Өзінің белгіленген шекарасы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт - дәстүрі, өзіндік ана тілі бар тәуелсіз зайырлы елге айналғанымыз үлкен дәреже. Сонымен қатар, қазіргі өзекті мәселелердің бірі - орысшалануымыз. Тіліміздің орысшаланып кетуіне не себеп болды? Заман ба.. адам ба? Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін бәріміз де білеміз. Осы себеп бола алады ма? Менің ойымша, Қадыр Мырза Әлидің “Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
 Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!..” дейтін сөздері бізге үлкен тәрбиелік мән беруі қажет.
Негізінен, ана тіліміздің сақталып қалуы, ұрпақтан - ұрпаққа жетуі - біздің қолымызда. Өз тілімізді біліп, оны ары қарай біз насихаттамасақ, кім насихаттайды? Қазірден бастап, өзіміздің ана тілімізге көп назар аударуымыз қажет. Себебі, тіл - халық қазынасы, елдің мерейі мен тірегі.

780
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе «Қазақ тілім - Байлығым»
Эссе «Қазақ тілім - Байлығым»
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым.
Эссе: Тілім менің
Эссе: Тілім менің
ЭССЕ: Тілім менің. Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім.
Ана тілім - ардақтым
Ана тілім - ардақтым
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Өткен ғасырда Сұлтанмахмұт ақынды бас идірген туған тілі – менің де ана тілім. Қазақ тілі өте бай, оралымды тіл. Өзге ұлт өкілдерінің ғалымдары тіліміздің тазалығына таң қалып, еріксіз мойындауда.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Тілге құрмет - елге құрмет
Тілге құрмет - елге құрмет
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы, №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектасова Айымжан Дастанбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×