Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуандық Шаңғытбаев. Сабалақ

27 қаңтар 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Қуандық Шаңғытбаев (1925 - 2001) Сабалақ

Сабақтың мақсаты:
- білімділік: «Сабалақ» өлеңінің деректілік негізі, ақын тілі, ұлтжандылық мәні зор екендігіне көз жеткізу, ақындық рухы биіктігін таныту.
- дамытушылық; Оқушының мәтінді мәнерлеп оқу, талдау жүргізе білуге, өз ойын ақын тілімен де, әдеби тілімен де жеткізе білуге жағдай туғызу
- тәрбиелік; Оқушыларды ұлтжанды болуға, Отанын сүйе білуге, елінің ертеңгі болашақ жастар екеніне сенімін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс: Мәнерлеп оқу, талдау, әңгіме, СТО, шығармашылық, ішінара ізденіс.
Көрнекілігі: Ақын портреті, Қазақ хандығының кестесі, Абылай хан туралы слайд

Пәнаралық байланысы: тарих ( Аңырақай шайқасы) тіл білімі (лексика)
Пайдаланған әдебиеттер: Қойшығара Салғары «Хандар кестесі» Абылай хан
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығына, сынып тазалығына көңіл бөлу)
2. Білімді жан жақты тексеру.
– Балалар мен сендерге мақал - мәтелдер айтайын сендер жалғасын табыңдар.
1. Батыр туса........... (ел ырысы)
Жаңбыр жауса,........ (жер ырысы)
2. Бірлік бар жерде....... (тірлік бар)
Осы мақалаларды не үшін айтты деп ойлайсыңдар.
– Қашанда еліне жау шапса, қиыншылық туғанда елін аман алып қалған кім? (Батыр)
– Батыры, шешені бар елміз ғой.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Қ. Шаңғытбаев « Сабалақ» өлеңі. Сабалақтың Аңырақай айқасында көрсеткен ерлігі, өлеңдерінің ұлтжандылығы, ел бірлігі туралы жайында болмақ.

2. Оқушының қызығушылығын ояту. ( Ой шақыру)

Сабалақ. Аңырақай. Абылай. Деген сөздерді естігенде қандай ой келді?(оқушылар өз болжамдарын айтады) ендеше «Сабалақ» өлеңін оқып көрейік
1. Қуандық Шаңғытбаевтың шығармашылығы туралы және Аңырақай шайқасы жайлы слайд жүргізіледі.

2. «Сабалақ» өлеңі мәнерлеп оқылады.
3. 2 - 3 оқушы мәнерлеп оқиды. (Мәтінмен толық танысқан соң, мәтін талдау жұмысы жүргізіледі.)

Мәтінді талдау:
1. Өлең мазмұнын қандай ой бөліктеріне бөлуге болады?
1. Аңырақайдағы айқас
2. Әбілмәмбет хан.
3. Тосқауылдан жауға тиген қазақ жауынгері
4. Майдан даласы (жеңіс)
5. Сабалақ
6. Ақын арманы немесе түйіні.
2. Мәтінді талдау жұмысы.
Ақын Аңырақайдағы соғысты қалай суреттейді. Тілін тарихпен салыстырып көрейік.
3. Сиреп қалған серіктерін көргенде Әбілмәмбет қандай күйге түсті?
«Сиреп қалған серіктерден сескеніп,
Әбілмәмбет бас бармағын шайнайды»
4. Әбілмәмбеттің шешімі?
«Ата нәкес, жықты ма жау туымды»,
Деп ызаға Әбілмәмбет буынды.
«Ала кетем жастығымды мен де» деп,
Қынабынан алдаспанын суырды.
5. Жауға бүйірден тиген қазақ жауынгерлерін ақын қандай сөздермен бейнелеп көрсетеді?

6. Мәтіннен Сабалақ бейнесін тауып оқы.

«Қыран қанат қас қабағы түйілген,
Жеңіл ғана шидем шапан киінген,
Келе жатыр қол басын бір жігіт
Қаршығадай тас қолданып шүйілген».

7. Сабалақ қандай тұлға? Сабалақ

8. Әбілмәмбет кімге көңілі толды? Не үшін?

Әбілмәмбет Сабалақ Абылай
(Әбілмансұр)
Абылай сұлтанның немере інісі.
– Осы ұрыста ол «Абылайлап» ұран сап, «кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып дұшпанның іргесін айрандай ірітіп, тозаңдай тоздырады. Жұрт ұранына қарап оның төре тұқымы екенін біліп, төбеге көтеріп құрмет көрсетеді. Мән – жайды білген Әбілмәмбеттің ұсынысымен үш жүздің тоқсанға тарта игі жақсылары жиылып Әбілмансұрды (Сабалақ) Абылайды хан сайлайды.
Ел аузында Абылайды алғаш Атығай – Қарауыл хан көтеріп, алты отау тігіп берген деген сөз бар.

(«Қазақ хандығының кестесі» бойынша сөз болады)

Абылай ел билігін ұстаған кезінде Қытаймен жақындаса түсуге кеңес беріп, Ресеймен келісімді сақтау керек деп тапсырды. Жеке басының кісілігімен, ақыл - парасатының кеңдігімен жеткен ол арыны ауыздықсыз, қызу қанды қызба халықтың қадір - құрметіне ие бола білді. Халық оны бірден хан көтерді. Абылай «Шешен, саясаткер, парасатты болған».

Кестені толтыр: Абылай кім? Абылай - ел мақтанышы

№9 Өлеңге талдау
№1 Өлең жолдарында кездесетін «Ер қаруы – бес қару» атауларын теріп жаз.
№2. Өлең жолдарында кездесетін көркемдік өрнектерді ( сөздерді) теріп жаз.
№3. Абылай хан қай жүздің ханы болған?
Ой толғау.

1) Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме жаз.
( Аңырақай, айқас, қазақ, қалмақ, Әбілмәмбет, Сабалақ, Абылай).

2) Ақын арманы қандай?
Белгілі ғой айтпасам да аржағын
Сол Сабалақ – Абылай ата тарланың,
Абылай тағы туа ма деп қазақтан,
Тосып келем, сол ендігі – арманым – дейді.
( Оқушылар өз ойларын айтады).
Бүгінгі өміріңіздің Абылайы кім деп ойлайсыз?

Қорыта келгенде, ақын өз шығармасында Абылай атын алғаш танытқан Аңырақай соғысының көрінісін ерекше сипаттап береді. Өлеңінің тарихи негізі зор.
Үйге тапсырма: Абылай хан туралы деректер жинау
25 310
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин жырының ішкі сезімін сезіп, сым кернесін шертетін сырын дәлелдеп, талдауға, өз ойын еркін жеткізуі тиіс.
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Мұқағали Мақатаев "Фантазия" өлеңі
Мұқағали Мақатаев "Фантазия" өлеңі
Өз ойын тұжырымдай білуге, ізденуге, ойлануға, ой - өрістерін дамытуға, қорытынды жасап, пайымдауға, салыстыруға ықпал ету. Психологиялық жағымды орта қалыптастыру
Мұхтар Шаханов «Отырар»
Мұхтар Шаханов «Отырар»
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракемер мектеп - балабақшасы Пән мұғалімі: Әбдібаева Ырысгүл
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×