Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Терминдер

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Терминдер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың білімін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденгіштігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
2. Тәрбиелік: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дарыту, ізгілікке, ынтымаққа халықтық педагогика негіздеріне баулу, өзара сыйластық, достыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: танымдық, тіл дамыту, жарыс сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: іздендіру, салыстыру, проблема қоя іздендіру, диалогты ойын түрлері, сөз құрастыру.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, топ аттары жазылған плакат.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, әлеуметтану, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

ІІ. Жаңа сабақ.
Терминдер(Қызығушылықты ояту)
«Терминдерді табайық» ойыны
Ойынға қатысатын балалардың саны онша көп болмағаны мақұл. Сонда ойын қызықты да, бақылауға жеңіл де болады. Бала көп болса, екі топқа бөлген жөн.
Әр бала «грамматикалық», «географиялық», «интернационалдық», «математикалық», «физикалық», «химиялық» деген сөздер жазылған бірнеше карточкалар дайындайды. Бастаушы ірі етіп жазылған терминдер тексін тақтаға іліп қояды да, ойын тәртібін түсіндіреді. Балалар іштерінен оқып, текспен танысады. Бастаушы текстегі сөздерді атағанда, балалар қолдарындағы карточкаларының бірін көтеріп (көрсетіп), оның қай термин екенін білдіреді. Бастаушы бір бақылап алады да, әрі қарай жайлап оқи тұрып, бақылап тұрады. Жаңылысқан балалардың атын атап, тақтаға жазып қояды, оны жазуды басқа бір балаға тапсырып қояға да болады. Осы тәртіппен ойын жалғаса береді де, соңында қорытынды жасалады. Жаңылыспаған балалар жеңіп шыққан болып есептеліп, аттары жарияланады.

ТЕРМИНДЕР ТЕКСІ (Мағынаны тану)
Коммунизм, периметр, жанасу, сыбағалы салмақ, экватор, патриот, эквивалент, демеулік, тепе - теңдік, ойпат, қысым, витамин, тотық, түбір, абитуриент, қалдық, материк, бірқалыпты қозғалыс, үстеу, пионер, пропорция, полюс, булану, сатылы бағыныңқы, радиус, жылдамдық, ансамбль, компас, валенттілік, есімше, автономия, айырым, диффузия, арал, анықтауыш, молекула, металлоид, магнит өрісі, шеңбер, атом, төбе, жұрнақ т. т.

КІМ ТЕЗ ТАБАР ЕКЕН?
1. Құрамында ф, ц, э әріптері бар әр түрлі термин сөздер тауып жазыңдар.
2. Г әрпіне аяқталған бірнеше термин сөздер жазыңдар.
3. Қосар дауыссызға аяқталған бірнеше термин сөз тауып жазыңдар.

ТЕРМИНДЕРМЕН ТАНЫС БОЛ ( Ой толғау)
Мына сөздер қандай терминдерге жататынын білесіңдер ме?
А) Автограф, акт, аллегория, аллитерация, альманах, анекдот, антология, антракт, ассонанс, афоризм. Баллада, баяндау, бейне, беллетрестика. Вариант, гимн, дамыту, әсірелеу, драматург, жанр, идея, ирония, комедия, композиция, комментарий, легенда, либретто, литота, метонимия, монолог, пейзаж, портрет, поэзия, проза, пролог, романтизм, сатира - сықақ, сюжет, трагедия, фольклор, эпиграф, эпитет, эпос.
Ә) Екпін, езулік дыбыс, кейінді ықпал, үндестік заңы, ұяң, үнді дыбыстар

ІV. Үй тапсырмасын беру.
Берілген шеңберді айналдыра әрқайсысына бестен сәуле сызып, біріншісіне қ, екіншісіне б әрпінен басталатын терминдер тауып жазу керек.

V. Оқушыларды бағалау.
59 670
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып 7. Сөз бен мағына 8. Сөз мағыналарының сипаты 9. Сөз мағынасының өзгеруі 10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөз құрамы
Сөз құрамы
Астана қаласы, № 64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Каирова Гульмира Мейрамбековна
Дыбыстардың жазылуы
Дыбыстардың жазылуы
Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.
Эвфемизм мен дисфемизм
Эвфемизм мен дисфемизм
1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың білімін дамыту, тереңдету, ізденістігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, ережелерді түсіндіре отырып, ажырата білуге баулу.
Сөз құрамы
Сөз құрамы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×