Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы

22 наурыз 2013, Жұма
Сынып: 9 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, шығармалары туралы түсініктер беру арқылы жаңа тақырып бойынша білімділіктерін қалыптастыру.
ә) дамытушылығы: Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау.
б) тәрбиелілігі: Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, екі жақты күнделік, топтастыру
Көрнекі құралдар: Ақын кітаптары, ақын суреті
Сабақтың құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа материалға тірек болатын білім мен іскерлікті жаңғырту.
2. Жаңа сабақ / Хронологиялық кесте бойынша ақын өмірі, шығармашылығы туралы айту/
3. Мағжан өлеңдерімен танысу
а) Мәнерлеп оқу
ә) Өлеңді құрылысына қарай талдау, көркемдегіш құралдарды табу
б) Екі жақты күнделік
4. Қорытындылау
5. Үйге тапсырма, бағалау

Сабақтың барысы:
- Алғашқы көктем мерекесі, балалар! Алдымызда, көктем айларында көптеген мерекелер жақын. Осыған орай сыныбымыздың ер балалары қыздарымызға жылы лебіз, жақсы тілегімізді айтудан бастасақ...
- Қыздар, мерекелерің құтты болсын!
- Сіздерге тілейтінім, жақсы білім алып, үздік атану!
- Мен сіздерге болашақта еліміздің үлгілі азаматшасы болуларыңызға тілектеспін.
- Сыныптас қыздар! Бәріңізге амандық, саулық тілеймін. Жұптарымыз жазылмасын!

- Ал, енді оқушылар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-
- Бұл өлең жолдарының авторы кім, қане, есімізге түсірелік.
- Мағжан Жұмабаев.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы. Дәптерімізді ашып, күннің жады мен тақырыпты жазайық.
- Есімізге түсірелік, Мағжан кім?
Мағжан:
Прозашы
Аудармашы
Ақын
Абайдың ізбасары
Лирик
Поэмашы
Бес арыстың бірі

- Өте жақсы, Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
-«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От», т. б.
- Ендеше, оқушылар, мен сендерге Мағжан Жұмабаев өмір жолы мен шығармашылығымен толығырақ таныстырып өтейін.

Өмірдерек кестесі
Тарихи күн Болған оқиғалар
1893ж. 25. 06. Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл басында туған.
1909 ж. Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, содан сусындайды.
1910 - 1913жж. Уфада Ғалия медресесінде оқиды.
1913 - 1917жж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды.
1917 - 1923жж. "Бостандық туы", "Ақжол","Шолпан" газет - журналдарында жұмыс жасай жүріп, халық ағарту ісіне белсене араласады.
1923 - 1926жж. Мәскеуде көркем - әдебиет институтында оқиды.
1927 - 1929жж. Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.
1912ж. Қазан қаласында алғашқы "Шолпан" атты өлеңдер жинағы басылды.
1922ж. Келесі өлеңдер жинағы Қазанда, Ташкенде басылады. Атақты "Батыр Баян" дастаны дүниеге келеді.
1922 - 1923жж. "Педагогика"
1925 ж. "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы" еңбектері жарияланады.
1927 ж. Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.
1929 ж. Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда 10 жыл айдауда болады.
1935 ж. М. Горькийге хат жазып, ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.
1937ж. 18. 03 С. Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ
1937ж. 30. 12. қайтадан тұтқынға түседі. Сөйтіп аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады.

Мағжанның әкесі Бекен мен анасы Гүлсімнен тараған 7 ұл мен 2 қыз да қуғын – сүргінге ұшырайды. Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның іні - қарындастары болғандары үшін.
Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған ұрпақтары бар. Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген кісінің қызымен ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ 1 - 2 жылдан соң Зейнеп қайтыс болады. Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады. Сол жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.
- Мағжан Шығыс поэзиясы, Батыс, орыс әдебиеті және фольклор (халық ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.
- Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр енгізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын – Мағжан.
Ол 8 - 9 буынды жаңа өлшеу енгізді.
(Мағжан өлеңдері, поэмалары, прозасы туралы толық түсініктер бер
- Жаңа сабақ бойынша оқушылар сұрақтарына жауап беру.

Оқулықпен жұмыс.
- Ақын өлеңдерімен таныстыру. Мәнерлеп оқу.
- Өлеңдерін құрылысына қарай талдау. ( Тақтаға шығып орындату)
- Көркемдегіш құралдарды табу.( теңеу, эпитет, метафора)

Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Алдын - ала жазылған кестені толтыру.
Өзің таңдаған жолды оқу Бұл үзіндіні неге таңдадың, себебі.

- Оқулықтан тыс өлеңдер жинағын оқушыларға жатқа оқыту, талдау.

«Мағжан ілімі кімге бұйырады?» ойыны.
- Сіздерге ең бірінші сұрақ беріледі. Ол сұрақтың 3 түрлі жауабы бар. Оның біреуі ғана дұрыс. Сіз ойынның қатысушысыз. Сізге
3 жеңілдік бар. Бірі – менен сұрау. Екіншісі – қатысып отырған
ұстаздардан сұрау. Үшіншісі – достарыңыздан сұрау.

1. Мағжан поэмасын атаңыз.
а) Манас батыр
ә) Батыр Баян
б) Ержүрек Темірұл

2. Мағжанның махаббат тақырыбындағы жыры.
а) Қайың
ә ) Қоңыр жыр
б) Айырылғанда

3. Мағжанға баға берген кім?
а) Абай
ә) М. Әуезов.
б) Ш. Құдайбердиев.

4. Мағжан қандай әдебиеттен сусындады?
а) Солтүстік, оңтүстік
ә) Батыс, шығыс
б) Америка, Англия

5. Бес арыстың бірін ата.
а) Ш. Уәлиханов.
ә) Ы. Алтынсарин.
б) М. Дулатов.

6. Мағжанның алғашқы ұстазы кім?
а) Ахметдин Ақанов
ә) Ғалымжан Ибрагимов
б) Мұхаметжан Бегішов

7. Мағжанның Абай өлеңдерімен сусындауы...
а) 1900 жыл
ә) 1902 жыл
б ) 1909 жыл

Қорытындылау.
- Оқушылар, Мағжан ақын ұстазы ұлы Абай екеуі де бір мәуелі бәйтеректей. Қане, бәріміз қосылып Абайдың бір әнімен сабағымыз -
ды аяқтайық.

Үйге тапсырма, бағалау.
- М. Жұмабаевтың өлеңдерін жаттап келу.
- Ақын туралы мәнжазба дайындау.
57 911
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қыр - сырларын меңгеруге, мазмұнына тереңдей бойлай отырып, шығармаларына жан - жақты талдау жасауға ықпал ету.
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара Әбушахманқызы
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×