Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің түрленуін қорытындылау

23 наурыз 2013, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуін қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: зат есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп, сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, мәтін ішінен тауып, талдауға баулу.
2. Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге, шешендік нақыл сөздердің мән - мағынасын ұғындыра отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық, өнегелік ортасын қалыптастыру.
3. Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге, жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау; сатылай кешенді талдау арқылы зат есімнің түрленуінен алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыру, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.
Сабақтың түрі: «Бәйге» ойын сабағы (топтық сайыс).
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ - жауап, сынақ, шығармашылық жұмыс тест сұрақтары.
Сабақтың көрнекілігі: схема - таблицалар, қима қағаздар, тест сұрақтары, графопроектор, сурет салынған слайдтар, кестелер, кеспе карточкалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ән - күй, бейнелеу.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қайталау сұрақтарын графопроектордан көрсете отырып, оқушылардың білімін тексеру.
1. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?
2. Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
3. Септік сұрақтарын айтшы.
4. «Атбегі», «дәрігер» сөздері қалай жіктеледі?
5. Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Қайталау мақсатында мына сызбаны толтыру.

«Бәйге» ойыны. Өтілген сабақтарды еске түсіргеннен кейін оқушылар төрт топқа бөлініп, әр топқа «Көптік тобы», «Септік тобы», «Жіктік тобы», «Тәуелдік тобы» деген аттары жазылып қойылады.
Ойынның шарты: бес бөлімнен өтіп «Зат есімге» бірінші жету.
Бірінші бөлім: «Ой толғау» (тест).
1. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер
а) мектеп, қыз, оқушы;
ә) үй, киім, бала;
б) отан, бөлме, дәрігер;
в) мұнай, газ, тары.
2. Жалқы зат есімді тап.
а) орман, көл, өзен;
ә) Алатау, Екібастұз;
б) бала, бойжеткен;
в) ұзынды - қысқалы, үлкен - кіші.
3. Зат есім атау септікте тұрса сөйлемде қандай қызмет атқарады?
а) бастауыш;
ә) толықтауыш;
б) пысықтауыш;
в) баяндауыш.
4. Жуан, жіңішке буындарға бірдей жалғана беретін және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септікте?
а) табыс
ә) жатыс
б) атау
в) көмектес
Екінші бөлім «Ойлан тап».
Кеспе карточкаларындағы сұрақтарға жауап беру. Тез әрі нақты жауап берген топ есепке алынады.

1. Төмендегі өлең шумақтарынан жай септіктерді тап. Әнімен айт.
Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт болып қоншы деп
Ұшырамын қолымнан

2. Мына өлең шумақтарынан жіктік жалғаулы зат есімді тап. Қай ақынның өлеңі?
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

3. Зат есімнің жай септеу, тәуелді септеу түрлерін тап.
Айдағысыз малды бол,
Ағайынның алды бол,
Отыз ұлды орда бол,
Оман жұрттың басы бол.
Лұқпандай мың жаса.
Береке болсын асыңа,
Құт дарысын басыңа!

4. Мақалдардан жай және тәуелді септеулі сөздерді тап.
Жақсы ат аяғынан қалады.
Жақсы адам тамағынан қалады.
Аққу құстың төресі
Жалғыз жүріп оттамас.

Үшінші бөлім: поэзия бөлімі.
Слайдқа салынған сурет графопроектордан көрсетіледі. Сол бойынша өтірік өлең құрастыру. Мысалы.
Құмырсқа мен арыстан,
Жер бетінде алысқан.
Тасбақа мен қарлығаш,
Көк жүзінде жарысқан.
Оқулықпен жұмыс.
55 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын жалғап жазу.
Төмендегі сөздерге сатылай кешенді талдау жасау.
Көлдің, оқушылар, атбегі, елім (әр топ бір сөзді алады).
Үлгі

1. Құрамына қарай: бір, екі, үш құрамды
2. Тұлғасына қарай: негізгі, туынды
3. Құрылысына қарай: а) дара ә) күрделі
4. Лексикалық мағына
5. Грамматикалық мағыналары
6. Сұрағы
7. Мағыналық топтары:
а) жалқы, жалпы
ә) деректі, жартылай, деректі, дерексіз
б) нақты, нақты емес.

Төртінші бөлім: перфокарта.
1. Көптік жалғау.
2. Септік жалғау.
3. Жіктік жалғау
4. Тәуелдік жалғау.
1. Сенің атың тұра тұрсын, менің атым жүре тұрсын.
2. Орманда өрт бұрқ етті.
3. Қонақтар шайларын ішті.
4. Шамдансам жығар асаумын.
Шамырқансам сынар болатпын.

Бесінші бөлім: «Венн диаграммасы».
Айырмашылығы
Айырмашылығы
Ұқсастығы

Көптік тобы: 1. Зат есім мен сын есімнің айырмашылығы.
Септік тобы: 2. Жіктік жалғауы мен тәуелдік жалғауының ерекшелігі.
Жіктік тобы: 3. Көптік жалғауы мен тәуелдік жалғауының айырмашылығы.
Тәуелдік тобы: 4. Тәуелдік жалғауы мен септік жалғауының ерекшелігі.
Қорытынды. Зат есім және мәресіне бірінші жеткен топтың оқушыларына жақсы жауап бергені үшін жұлдызшалар
үлестіру.
Бағалау.
Үйге тапсырма: қайталау, сабақтан алған әсерлері туралы өз пікірлерін жазып келу.
6 739
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
Бүгінгі сабағымыз морфология тарауы, соның ішінде есім сөздердің түрленуінен өткенді қайталау мен бекітуге арналып «Білім керуені» деп аталады.
Сан есім
Сан есім
Сан есім туралы мағлұмат беру, мәтін ішінен тауып, талдауға баулу; Жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төсілдіру;
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахида Тохтахунова
Зат есімнің жіктелуі
Зат есімнің жіктелуі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×