Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"

29 наурыз 2013, Жұма
Презентациясымен
Мақсаты: Оқушыларға жазушының өмірі, шығармашылығынан мәліметтер беру және оның әңгімесін оқып, мазмұнын ашу.
Дамытушылық: ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық жұмыс істей білуге, өзінше
тұжырымды ой айта білуге үйрету.
Тәрбиелік: шығарма идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, ата - ананы құрметтеуге баулу.
Әдісі: СТО стратегиялары ( ой қозғау, мағынаны), сұрақ - жауап, тірек - сызба
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Көрнекілік: жазушы өміріне байланысты жинақталған слайд, сөзжұмбақ

Барысы
І. Ұйымдастыру
( Балалармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Жаңа сабақ
Сабаққа қызығушылығын ояту
«Сөз сырына саяхат» бөлімінде сөзжұмбақ шешу
1. Көркем шығармада өмірдің жағымсыз жақтарын күлкі ете, мысқылдай суреттеу (сатира)
2. Есімдіктің бір түрі ( өздік)
3. Тұрақты сөз тіркесі ( фразеология)
4. Саусақпен санағандай (аз)
5. Жансыз затты жандандыра суреттеу ( кейіптеу)
6. – ыншы,- інші жұрнақтары арқылы қандай сан есім жасалады ( реттік)
7. Шамадан тыс асыра суреттеу ( гипербола)
8. Тіл дыбыстарын суреттейтін сала ( фонетика)
9. Өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол басында қайталануы ( анафора)
10. Уақ сөзінің антонимі ( ірі)

Мұғалімнің сөзі
- Сөзжұмбақтан қандай сөз оқуға болады?
- Сөз зергері деген сөз оқуға болады.
- Дұрыс. Біз бүгін сөз зергері атанған жазушы Ғ. Мүсіреповтің өмірі, шығарма -
шылығы және әңгімесімен танысамыз.
- Сендер жазушы туралы не білесіңдер? Төменгі сыныбына оның қандай әңгімелерімен оқып таныстық?
(Балалардың жауабын тыңдау)

3-бөлім «Білген сайын келеді біле бергім...» деп аталады. Бұл бөлімде балаларға жазушы өмірінен дайындалған слайд көрсетіледі.
Баяндау. Туған жылы 1902 - 1985 жылдар аралығында өмір сүрген.
Солтүстік Қазақстан обл. Жамбыл ауданында дүниеге келген.
1923 - 1926 жылдары Орынбор қаласында жұмысшы факуль. Оқыған.
«Қазақстан» баспасында редактор (30 жылдары)
«Қазақстан әдебиеті», «Соц. Қазақстан» газеттерінде бас редактор.
Ғ. Мүсірепов - жазушы, драматург. аудармашы.
Оның шығармаларын айту (роман, әңгімелері, пьесалары)
Жазушы 1933 жылы орыс жазушысы Горькийдің «Адамның тууы», «Өлімді
жеңген ана» деген әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі жазушыға үлкен ой салды. Жазушының әйел образдары күшті жасалған осы шығармаларына қатты қызығып, өзі де ана туралы «Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана», «Ақлима» атты әңгімелер жазды.
Біз бүгінгі талқылайтын әңгімеміз жазушының «Ананың анасы» атты әңгімесі.
Мен сендерге бұл әңгімені өз беттеріңмен оқып, мазмұнын біліп келіңдер деген болатынмын.
(Сөз кезегі оқушыларда)

4. Кітаппен сөйлеу стратегиясы.
( оқығандарын еске түсіру )
Мазмұнын қысқаша баяндату.
5. Дәптермен жұмыс
Кейіпкерлер бейнесін топтастырып жазу. Талдау
( Балалардан жазғандарын сұрау)
Бала би Ана
Кейіпкерлері: Молда, Жалпақ балуан, Әйтілес, Сарыбай, Рамазан саудагер, Жанай балуан

Негізгі кейіпкерлерді анықтау, оларға мінездеме беру.
- Негізгі кейіпкерлер кімдер?
- Жалпақ балуан, ана.
- Топтастыру әдісімен анаға мінездеме беру.
(Тақтада жазу)
Ана

Жасқанбайды
Ер мінезді
Көзі ашық
Отқа түсуге әзір
Батыл
Өткір сөзді
Қайратты

6. Сұрақ қою «Мағынаны таны»
- Қайратты дедік, оның бойына қайрат бітіріп тұрған қандай күш?
- Аналық махаббат.
- Ананың батырлығы неде?
- Ол оқтай ұшқыр жүйрік торымен жұлдыздай ағып келіп, жау қалың жылқыны айырып алады да, өзі төбеге шығып, зорлықшыларды қасына шақырады. Сескенбейді, қорықпайды.
Оқулықтан ананың сөзін тауып оқыту.
( Менің атым - әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда? Кел ботам, өзіме!- дегенде қолымдағы қыздың қалай ыршып қалай ыршып кеткенін білмеймін, секіріп барып шешесінің мойнына асылды,- дейді.

- Ал Жалпақ балуан туралы не айтасыңдар?
Жалпақ балуан:

Өз билігі жоқ
Адамгершілігі жоқ
Аңқау
Надан
Өмірде адасып жүрген адам

- Қалай ойлайсыңдар, қырық жігіт пен Жалпақты тізе бүктірген қандай күш, нендей құдірет?

(Әйел өзінің басындағы ауыр хәлді, өзі күнде көріп жүрген теңсіздікті айтады)
Жалпақ ананың сөзінен кейін қандай күйде болды?
(Таудан құлағандай)
- Ананың нақты есімі айтылмайды? Себебі не?
(Балалардың жауабын тыңдау)
7. Шығармашылық жұмыс
Ойтолғау жазу
«Ана деген асыл жан ғой әрқашан...
Балалардың жазғандарын оқыту.
8. Үйге тапсырма. Әңгіме құрылысын талдауға дайындалу.
9. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 085
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
С. Дөнентаев «Бозторғай», «Ой» фельетоны
С. Дөнентаев «Бозторғай», «Ой» фельетоны
Бозторғай, Ой фельетоны туралы мәлімет беру; өлең мазмұны, тақырыбы, идеясын ұғындыру.
Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Қызылорда қаласы, Н. Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күздеубаева Алия Сайфуллақызы
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
Кешкі дөң басында
Кешкі дөң басында
Тақырыбы: Кешкі дөң басында
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахметқалиева Бақыт
Ананың анасы
Ананың анасы
№35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймуханова Амангүл Кыздарбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×