Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кешкі дөң басында

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Кешкі дөң басында
Мақсаты: 1. Оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі және шығармашылық жолын таныстыра отырып, әңгіменің мазмұны мен идеясын түсіндіру.
2. оқушылардың таным мүмкіншіліктерін, олардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын ашық та айқын дәлелді сөйлеуге үйрету.
3. Туған жерді сүюге тәрбиелеу, еліміздің ертеңі білімді ұрпақ екеніне көз жеткізу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ жауап, талдау түсіндіру, шығармашылық жұмыс, сатылай кешенді талдау
Көрнекілігі: видео, кесте, суреттер, слайдтар

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5»- ке қолды жеткізу!

Үй тапсырмасын тексеру:
«Малсақ бала» Өтебай Тұрманжанов.
1) Біз білетін « мағлұматтар»
2) Өлеңді мәнерлеп оқу
3) Сұрақ – жауап:
4) Өлеңнің негізгі идеясы неде?
5) Бақташының еңбегі туралы әңгімеле.
6) Өлең неліктен «малсақ бала» деп аталды?
7) Қойшылар қойдың жүні арқылы ауа райын қалай болжай білген?
8) «Туған жер» деген ұғымды қалай түсінеміз?

Жаңа сабақ: «Кешкі дөң басында» Мұхтар Әуезов.
1) Автордың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру.
Мұхтар Әуезов 1897 жылы шығыс Қазақстан облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде дүниеге келген
Шебер жазушы, "Абай жолы" романыын, "Қараш караш" оқиғасы, «Қилы заман» повесін жазған.

Әңгіменің мазмұны бойынша мұғалімнің түсіндірме жұмысы.
Видео «жазғы кеш»
- жаздың жайлы кеші жайында жазушы қалай суреттеген?
- Аспанның күнбатысқа тақаған кезі неліктен қызыл торғындай толқындайды?
- Дөң басы қандай?
- Кешкі ауылдың көрінісін суретте
- мәтіннің негізгі идеясы?
- табиғаттың тамаша сәтін көрдің бе?
- табиғатты тамаша суреттеген оқыған мәтінді ата

Оқулықпен жұмыс
Сөздік жұмыс

Мәтінді сатылай кешенді талдау:
•Авторы – Мұхтар Әуезов1897 ж Ертіс өңірінде дүниеге келген.
•Тақырып - жазғы кештің әдемі, жанды көрінісі, кешкі шапақтың тууы
•Жанр түрі - мәтін. Мәтін дегеніміз -.....................................................
• Идеясы дегеніміз - ақынның айтар ойы мен мақсаты. Мәтіннің идеясы - жазғы кештің сұлулығын, кешкі шапақтың қызыл нұрдай боп тууын суреттеп, көз алдымызға елестетеді. Табиғаттың әдемі көрінісін суреттеген
•Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеулер: жұқалтаң Ұзынша көк бұлт қызыл сеңдей..
Теңеу дегеніміз - заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей - ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.
Алтын шатыр, көк шатыр, алыс аспан, биік сары дөң, қызыл өрттің жалынындай нұрланған - эпитеттер.
Эпитет дегеніміз - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
Үміт күткен қомағай көз айналаны шарлайды - кейіптеу.
Кейіптеу дегеніміз — жансыз көрініске, затқа жан бітіре суреттеу.
• Өлеңнің тәрбиелік мәні. Өлең жаз мезгілінің көрінісі, күн шапағының алаулап батуы, табиғат сұлулығын бейнелеп, адам жанына жылы шуағын таратады.

Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс:
1. Туған елдей ел болмас,
.............................
2) Ой қозғау
«Кешкі дөң басында» эссе жазу
Шығармашылық жұмыс: «Мен автор болсам, әңгімені қалай аяқтаған болар едім» («Туған жер» әнін тыңдай отырып орындау).
Қорытындылау:
Не білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?

Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық:

1. («Кешкі дөң басында» мазмұнын айту)
2.”Туған жерім” тақырыбына шығарма жазып келу.
Бағалау.
13 878
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құмырсқа мен бидай дәні
Құмырсқа мен бидай дәні
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену, Қолды беске жеткізу.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу.
Зат есім
Зат есім
Зат есімнің жасалу жолы, зат есім жасайтын жұрнақтар жайлы мәлімет беру, басқа сөз таптарынан ажырата алуға, сұрақ қоя білуге үйрету;
Сан есімді қайталау
Сан есімді қайталау
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Сақтағанова Гүлжан Мұратбайқызы
«Шал мен бала» Бердібек Соқпақпаев
«Шал мен бала» Бердібек Соқпақпаев
Қарағанды қаласы, «№92 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нургул Рахтаевна
Мұқағали Мақатаев "Қарттарды сүйем"
Мұқағали Мақатаев "Қарттарды сүйем"
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×